Білім беру

Қазақстанның əлемдік білім беру кеңістігіне мүше ретінде кіруі қарсаңында білім беру жүйелеріне салыстырмалы зерттеулер жүргізу қажеттілігі өзекті мəселеге айналды. Бұл ағым əлемдік білім беру ісінде болып жатқан жаһандану жəне бірігу үдерістерінің кезеңінде көптеген елдерде, аймақтарда байқалады. Са- лыстырмалы педагогиканың ғылым ретінде жаңаша дамуы əдіснамалары мен əдістемелерінің қарқынды түрде толықтырылуымен сипатталады; этномəдени, пəнаралық, парадигмалық, ресурстық тəсілдер, сондай-ақ модельдеу, контент-талдау (мазмұндық талдау) əдістері қолданылады. Осы мақала шеңберінде салыстырмалы педагогикалық зерттеуде контент- талдау əдісін қолданудың ерекшеліктері жан-жақты талданып, оның білім беру жүйелерін зерттеудегі теңдесі жоқ əдіс екендігі толық дəлелденеді, сонымен қатар бұл əдістің келешекте даму мүмкіншілігі де зор.
2014

Қазақстан Республикасының қарқынды дамуы дамыған елдер қатарынан орын алуға кең мүмкіндік туғызып, жаһандық білім кеңістігінде еркін интеграциялануға жағдай туғызып келеді. Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Қазақстан – жалпы тарихи тағдыры ұштасқан 130-дан астам этникалық топтар өкілдерінің ұлт бірлігі топтасқан, серпінді даму үстіндегі ел. Бүгінгі күні біздің қоғамымызда қостілділік біртіндеп көптілділікке ауысып келеді. Бұл көптілділіктің негізгі басымдығы ана тіліне беріледі, өйткені қазақ  тілін мемлекеттік тіл ретінде меңгеру азаматтардың бірігуіне ықпал етсе, орыс тілі ғылыми-техникалық ақпарат көзі болып табылады, ал шетел тілі адамдардың өзін-өзі əлемдік қоғамдастыққа сəйкестендіру қабілеттерін дамыту үшін қажет. Ол, ең алдымен, еңбек рыногындағы мамандардың көптілді меңгеруі мен көпмəдениетті тұлға болып қалыптасуының нəтижесінде мүмкін болып отыр. Осы тұста мақала мазмұны бүгінгі күнгі білім беру жүйесіндегі оқу-тəрбие үрдісінің көптілді орта қалыптастыруға ықпал ету жағдайларын сипаттауды қамтиды. Бүгінгі бəсекелестік заманында мектептегі  оқушылардан  бастап жоғары оқу орнындағы болашақ мамандарға дейінгі, қала берді еңбек ұжымындағы мамандардың кəсіби шеберлігін шыңдауда көптілді меңгерудің маңыздылығы өзекті мəселе ретінде қарастырылады. Көптілділік негізінде көп мəдениетті тұлғаны қалыптастыру тəжірибелері мемлекеттік деңгейдегі іс шаралар нəтижесінде іске асырылып келетіндігі жəне Республикамыздағы тілдік оқыту жұмыстарының нəтижелері мен болашағы тұжырымдалады. Қорыта келгенде, көптілділіктің бүгінгі бəсекеге қабілетті маман даярлаудың маңызды көрсеткіштерінің бірі екендігі баса айтылады.
2014

Бұл мақалада жоғары оқу орындары студенттерінің білім сапасын бағалау технологиясы, мемлекеттік аралық бақылаудың мақсаты мен міндеттері, оны енгізу кезеңінің ерекшеліктері туралы айтылып, 5  кезең көрсетіледі. «Нəтижеге бағдарланған білім беру» жəне «Қазақстанда білім беру сапасын дамыту» тұжырымдамаларын тарату жағдайында оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүйесі ендірілген. Оқу жетістіктерін сырттай бағалауды енгізу қажеттігі, мақсат-міндеттері, ерекшеліктері айқындалған жəне оқу жетістіктерін сырттай бағалаудың нəтижесіне талдау жасалған. Мемлекеттік аралық бақылаудың (МАБ) жəне Қазақстанда оқу жетістіктерін сырттай бағалауды (ОЖСБ) ендіру мен өткізу бойынша 2004 жылдан бастап, осы уақытқа дейінгі статистикалық материалдар мысалға алынады. Оқу жетістіктерін сырттай бағалауға күндізгі бөлімнің 4-курс жəне сырттай оқитын студенттер қатысады. Студенттердің білімдік, құқықтық, экономикалық, аграрлық, жаратылыстану ғылыми,  медициналық,  техникалық  жəне технологиялық мамандықтар бойынша ОЖСБ тапсыруында (2011-2013 жж.) соңғы үш жылдың көрсеткіштеріне назар аударуға болады. Жоғары оқу орындарының: ұлттық, мемлекеттік, азаматтық емес, акционерлік жəне жеке меншік түрлеріндегі оқу жетістіктерін сыртқы бағалау диаграммалары беріледі. ОЖСБ «өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық», «қанағаттанарлықсыз» бағаға тапсырған студенттердің саны, сонымен қатар республика бойынша шыққан орташа балл туралы статистикалық мəліметтер көрсетіледі. Республика көлемінде бір жоғары оқу орнында «қаржы», «есептеу жəне аудит» сияқты екі экономикалық мамандық бойынша орташа көрсеткіштерді салыстыру жүргізілген. Ұлттық тестілеу орталығының сайты www.testcenter.kz
2014

Мақалада БАҚ­тың мұғалімнің бейнесін сомдап көрсетудегі рөлі қарастырылады. Зерттеулер посткеңестік елдерде мұғалім мамандығының аса танымал болмауының көптеген саяси­эконо­ микалық және әлеуметтік себептері бар екендігін көрсетеді. Зерттеулерде мұғалім туралы айтыл­ ған қоғамдық пікірді түсіну үшін БАҚ сияқты ақпарат алаңдарының маңыздылығына назар ауда­ рылады. Мақалада 2013 жылдың ақпан айы мен 2014 жылдың ақпан айы аралығында «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская Правда» сияқты республикалық басылымдардағы білім беруге қатысты жарық көрген мақалалар талданып, мұғалім­педагог бейнесінің жасалуы мәселесі қарас­ тырылады. Мұнда «өлім», «жәбір» дискурсымен қатар, мұғалімдерге қатысты «ұрпақ тәрбиелеудегі жауапкершілік», «біліктілікті көтеру», «материалдық ынталандыру» сияқты дискурстар да басым­ дылық танытады. Сонымен қатар «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская Правда» басылым­ дарында республикадағы қазақ және орыс тілді басылымдарға тән екі түрлі ақпарат тарату сипа­тының байқалмағандығы айтылады. Бұл олардың ресми бағыттағы жалпыұлттық басылымдар болғандығымен  түсіндіріледі. Автор білім беру саясатында БАҚ идеологиялық насихаттың маңызды арнасы болып табылатынын ескере отырып, мұғалім бейнесі мәселесінің баспасөз беттерінде үнемі талқылануының қажеттілігіне тоқталады.
2014

Мақаланың мақсаты – «Кәсіби оқыту» мамандығы бойынша студенттерді дайындауды талдау,«Кәсіби бағдар теориясы және әдістемесі» оқу пәнін ендірудегі кәсіби бағдар беру тәжірибелерін жинақтау, сонымен қатар сұрақтарды оқып үйренуде электронды сөздіктерді қолдану.Ғылыми мақала кіріспе (introduction), негізгі бөлім(main body) және қорытындыдан (conclusions) тұрады. Мақалада «Кәсіби оқыту» мамандығының кәсіби іс­әрекеттік нысандары және түрлері, ба­ калаврлар міндеттерінің кәсіби іс­әрекет түрлерімен сәйкестігі, аталған мамандық бойынша оқу нәтижелері  анықталады.Кәсіби бағдар жұмыстарын ұйымдастырудың теориялық аспектілері қарастырылады. Осы тұ­ ғырлар негізінде Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Кәсіби оқыту» мамандығын­ да оқытылатын «Кәсіби бағдар берудің теориясы және әдістемесі» оқу пәнінің мақсаты мен мін­ деттері анықталады. Сонымен қатар мақалада аталған пәнді жүргізуде қолданылатын ақпараттық технологиялар да қарастырылады. Атап айтқанда, авторлардың дайындауымен екі нұсқада: біріншісі, кәсіби бағдар беру бойынша екі тілде сөздіктердің басылып шығуы, екіншісі, студенттердің құ­ зыреттіліктерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін дыбыстық электронды сөздіктің жасалуы туралы айтылады. Сол сияқты оқу үдерісінде басқа пәндерді оқытуда электронды сөздіктерді пайдалану мүмкіндіктері анықталып, аталған сөздікті жасаудың бағдарламасы ұсынылады.
2014

Білім берудің негізгі жетістігі, ол білімгерлердің ойлау қабілетін дұрыс ұйымдастыра білу. Оқу көрнекілігі – оқу материалын меңгеру сипатына әсер ететін негізгі факторлардың бірі болып табылады. Оқытушының баяндауымен түсіндірілген сабақтан алынған білімге қарағанда, көрнекілікті пайдалана отырып, оқытылған сабақтар бі­ лімгерлердің білімін жоғарылататыны белгілі. Оқу үдерісінде көр­ некілікті пайдалану оқытушымен тығыз байланысты. Білімгерлер мұғалімнің айтқан оқу материалдарын, алған білімдерін өздері эксперименттер арқылы, құбылыстар мен үдерістерді нақтылап, көре ала­ ды. Көрнекілік құралдар студенттердің оқуға деген қызығушылығын арттырады. Мақалада саңырауқұлақтар бөлімінен көрнекіліктерді пайдалану ерекшеліктері мен әдістері келтірілген. Қазіргі таңдағы саңырауқұлақтар бөліміндегі өзгерістерге шолу жасалған. Саңырауқұ­ лақтардың түрлерін (қаракүйе, ақұнтақ, қастауыш, зең саңырауқұлақтары, астықтың сызықты таты), көрнекілік ретінде пайдаланудың ерекшеліктері көрсетілген. Сонымен қатар, астықтарды зақымдайт­ ын (фузариоз және макроспориоз) ауруларының қоздырғыштарының биологиялық ерекшеліктерін зерттеу нәтижелері  берілген.
2015

Мақалада авторлар қазіргі заманда педагогика, саясаттану, әлеу­меттану,  экономика,  құқық  салаларында  кеңінен  қарастырылатын «мемлекеттік және мектептік білім беру саясаты» мәселелерінің ғы­ лыми сипатын ашып көрсеткен. Авторлар отандық және шетелдік ғалымдар еңбектеріне сүйене білім беру саясаты, мемлекеттік білім беру саясаты, мектептік білім беру саясаты ұғымдарына берілген теорияларды жүйелеп, ұғымдардың ұқсастықтары мен аражігін ай­ қындаған. Авторлар мемлекеттік және мектептік білім беру саясаты­ на әсер етуші факторлар жүйесін құрастырған. Жүйе элементтерін сипаттау барысында мемлекеттің әлеуметтік­ - экономикалық жағдай теориясына, білім беру саласындағы нормативтік құжаттарға (Конс­ титуция – Ата Заңымыз, ҚР «Білім туралы» Заңы), білім беруді дамыту стратегиялары мен бағдарламаларына («Қазақстан – 2050» Страте­ гиясын, ҚР білім беруді дамытудың 2011­2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы) қысқаша шолу жасаған. Авторлар Les Bell және Howard Stevenson еңбектеріне сүйене отырып білім беру саясатын жүзеге асыру кезеңдеріне салыстырмалы сипаттама  берген.
2015

Мақалада жаратылыстану бағыты білімгерлерін ғылымға баулу мақсатында жоғары педагогикалық оқу орындарында жүргізілетін ғы­ лыми­зерттеу жұмыстарының негізгі кезеңдері берілген. «Көкөністерді зардаптайтын саңырауқұлақтардың биоэкологиялық ерекшеліктерін зерттеу» тақырыбы бойынша ғылыми­зерттеу жұмысының барысы мен зерттеу жұмысының ұйымдастырылу кезеңдері көрсетілген. Алматы облысы Қарасай ауданы Қайнар елді мекені көкөніс сақтау қоймасы­ нан көктемде көкөністердің зардапталған бөліктері мен тұқымын жи­ нап, зардаптаушы саңырауқұлақ түрлерін анықтап зерттеу жұмыстары жүргізілді. Саңырауқұлақ түрлерінің морфологиялық ерекшеліктері анықталып, микроскопиялық талдаулар жасалды. Зерттеу жұмысының барысында білімгерлерге арналған алдыңғы қатарлы жетекші мектеп­ тердің ғылыми зерттеудің спецификасы туралы жалпы көзқарасын қалыптастыру мақсатында олардың зерттеу жұмысын ұйымдастыру кезеңдері талданды. Жүргізілген зерттеу жұмыстары болашақ маман­ дардың ғылыми білімін дамыту, зерттеу жүргізу әдістерін меңгеру со­ нымен қатар оқыту үдерісі мен ғылыми зерттеу жұмыстарын байла­ ныстыру арқылы білім сапасын арттыруға негізделген.
2015

Ш. Əлжанов психология, педагогикалық психологияға қатысты «Халық ағарту қызметкерлерінің білімін көтеру жайындағы басты материалдардың жинағы» атты кітапта оның «Ес жəне есте қалдыру мəселелері. Ой мəселелері. Дағдылану мəселелері» деген еңбегі жарияланды, ол психологияға байланысты қазақ тіліндегі марксизм ілімі тұрғысынан жазылған алғашқы еңбектердің бірі болып табылады. Ғалым оқушылардың жеке дара психологиясында кездесетін ерекшеліктері туралы  сөз қозғайды, эксперименттік зерттеулер мен бақылаулардың нəтижелерін ортаға салады. Оқушылардың ес жəне есте сақтау, ойлау, дағдылану ерекшеліктерін ескере отырып, мұғалімнің сабақты тиімді өткізе алуына үлкен мəн береді.  Материалды берік есте қалдырудың жолдарын ұсынады [1].
2010

Қазіргі білім беру үрдісінің негізгі міндеті – тұлғаның танымдық жəне интеллектілік əрекеттерінің, бəсекеге қабілетті шығармашылығын жəне теориялық білімдерін тəжірибеде ұштастыруын тиімді əдістер арқылы жетілдіруді көздейді. Оқу іс-əрекетінің нəтижесі дайын өнімді алуда емес, болашақта қайсібір өнімді алуға мүмкіндік беретін тəсілдер мен білімдерді меңгеруге бағытталады. Демек, жоғары мектептің басты міндеті студентті кəсіби маман дайындаумен анықталады.
2010

Қазіргі қоғамдағы білім берудің жеке бір мемлекеттің əлеуметтік жəне экономикалық ілгерілеуі мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің факторы ретіндегі мəні өсуде. Білім беру дің қоғам мен индивидуумға ықпалының көптігі əлеуметтік жəне экономикалық өзгерістер сипа тынан, сондайақ қоғамдық қарым-қатынастар жүйесіндегі өзгерістердің білім беруден мобиль ділікті, жаңа уақыт талабына сай адекватты жауапты талап ететін сипатынан көрініс табады.
2011

Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 75 жылдық мерейтойын  2009  жылы 13 қазан күні атап өту барысында ҚР Президенті Н.Ə. Назарбаев өз дəрісінде біздің ұлтымыздың ықтимал мүмкіндігін ояту мен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін интеллектуалды қарқынның қажеттігін баса айтты  [1]. «Интеллектуалды ұлт 2020» ұлттық жобасының негізгі қырлары айқындалып, оны жүзеге асырудың стратегиялық міндеттері көрсетілді. Белгілі болғандай, жобаның мақсаты өзімен ұлтты жетектей алатындай қасиеттерге ие қоғамдық көшбасшыны қалыптастыру.
2011

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.