Білім беру

Соңғы уақытта тек білім беру бағдарламаларының мазмұны ғана емес, сонымен қатар оқу процесінің құрылымдық-ұйымдастырушылық аспектілері, сондай-ақ студенттердің тек «диплом» алуға ғана емес, негізгі кəсіби құзырлықтарды теориялық жəне практикалық деңгейде саналы меңгеруге бағытталған кəсіби білім беру мəнін түсінуі де өзгеруде. Əртүрлі грант пен кредит түрлеріне негізделген жоғары білім берудің қаржылық жағдайлары да кеңеюде.
2011

Бұл мақалада авторлар бала дамуындағы эмоциялық интеллектінің мектепке дейінгі кезеңдегі ерекшеліктерін жан-жақты қарастырған. Жалпы баладағы эмоциялық интеллектінің қалыптасу ерекшеліктері мен қалыптасуына қандай факторлардың əсер ететіндігі жөнінде ақпараттар берілген. Мектепке дейінгі кезеңдегі дайындықтан өту барысында баланың сауатын ашу үдерісіне көп мəн берілгенімен оның эмоциялық өмірі шет қалып қояды. Мектепке дейінгі дайындық сатысында педагогтар, ата-аналар баланың эмоциялық қырына, əсіресе эмоциялық интеллектіне мəн берсе, бала болашақта, мектепте қалыптасатын қарым-қатынас барысында өзгелердің эмоциясына тезірек бейімделіп, жағымды эмоциялық байланыс қалыптастырар еді.
2012

Мақалада Қазақстанның білім беру жүйесі мен ғылым және осы саладағы өзгерістер мен жаңартулар жан- жақты қарастырылған. Жоғары оқу орнының негізгі бағыттары мен мақсаты талданды. Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесі мен ғылымды ұйымдастырудың институционалды формаларын жаңарту белсенді жүргізілуде. Жоғары мектепте қалыптасатын жас ғалымдарды әлеуметтік-мәдени топ ретінде зерттеу маңыздылығы Қазақстандық жоғары оқу орындарының жаңа зерттеу мәртебесіне ие болуымен артады. Сондықтан жоғары оқу орындары тек ғылыми кадрларды дайындау сапасына ғана емес, олардың кәсіби жұмысбастылығы мен мансаптық мобильділігіне де жауаптылықты алады. Қазақстандық ғылымның тиімді қызмет етуі жастар арасында тек зерттеу құзыреттіліктерін ғана емес, құзыреттіліктің басқа да түрлерін (тұлғааралық, жүйелік, пәндік) қалыптастыру арқылы мүмкін болады. Осыған байланысты, Қазақстандағы жас ғалымдардың әлеуметтік және мінез-құлықтық сипатын зерттеу және кәсіби тиімділік пен оның әлеуметтік рөлін арттыруды ұсыну негізінде даярлау теориялық және тәжірибелік маңызға ие. Мақалада «Қазақстанның жас ғалымдары: социологиялық бейнеге негіздеме» атты жобасы аясында 2012 жылдың наурыз айы мен қараша айлары аралығында Қазақстанның жас ғалымдарының қоғамдық пікірін айқындауға бағытталған социологиялық зерттеу қорытындылары ұсынылған. Берілген социологиялық зерттеудің ішінара жиынтығын қалыптастыру, ең алдымен, институционалды анықтамасы толығымен айқындалмаған «жас ғалым» ұғымын жалпылауға және ресмилеуге бағытталған болатын. Бірнеше көрсеткіштерді статистикалық есепке алуға мүмкіндік беретін нақты критерийлердің болмауы нәтижесінде 2010 жылдан бері қазақстандық жоғары оқу орындарындағы докторанттардың саны бойынша ресми статистикалық мәліметтер көрсетілмеген. «Магистранттар» категориясы да білім беру саласын сандық талдауда есепке алынбайды.
2013

Мемлекет әлемдік қауымдастыққа кірігуді жүзеге асырып отырған тұста біліктілігі жоғары кадрлар – болашақ мамандар даярлау, жеке тұлғаның мүддесін жүзеге асыратын жағдайлар мен әрекет ету механизмдерін жасау мәселесі өзекті болып отыр. Қазақстан дамуының маңызды шарты жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде қазіргі заманғы мәдениет, экономика, техника мен технология жетістіктерін пайдалана отырып маман даярлаудың жетілдірілген жүйесін жасау болып табылады. Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін модернизациялау қоғамның барлық саласына әсерін тигізері даусыз. Ендеше, жоғары білікті мамандар даярлау барысындағы бірінші кезектегі міндеттердің бірі – білім алушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруді іске асыру барысында әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың рөлі ерекше. Білім беруді гуманизациялау мәселесі жоғары технологияларды ендіру мен инновацияны қолдауға бағытталған мемлекеттік стратегияны іске асыру тұсында өзекті болары анық. Осы тұста әлеуметтік білімдердің болашақ маманды ізгілендірудегі алатын орны ерекше. Осыған орай мақалада жоғары оқу орындарында болашақ әлеуметтік сала қызметкерлерін оқыту ерекшеліктері мен болашақ маманға қойылатын талаптар қарастырылған. Егеменді елімізде білім беру мен тәрбиелеудің біртұтас үрдісін қазіргі заман талабына сай жаңаша құру қажеттілігі басым. Келешек ұрпақты, мемлекетіміздің бүкіләлемдік кеңістікте беделді орын алуына еңбек етуге, жалпыадамзаттық құндылықтарды бойына сіңіре отырып, жеке тұлға қалыптастыруға, терең білім мен тәрбие алуға, дүниетанымдық көзқарастар қалыптастыруға бағыттау қажет. Осыған орай, бүгінгі таңда жоғары оқу орындарының алдындағы басты міндет өзіндік айтар ой-пікірі бар, жоғары саналы, белсенді азамат, білікті маман тәрбиелеп шығару болып табылады. Қоғамдағы түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесіне жаңа тұлғаны қалыптастыру, дамыту мақсаттарын қойып отыр. Жастардың ойлау қызметін дамыту, ой-пікір дербестігі мен еркіндігін кеңейту, олардың өз бетімен білім алуға деген ынтасын арттыру, оны өз тәжірибелерінде жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, яғни біліктіліктерін қалыптастыру және дамыту – маңызды және күрделі мәселелер болып табылады. Қоғамдағы болып жатқан өзгерістерге шығармашылық тұрғыдан қарай алатын, қойылған мәселені дәстүрлі емес түрде және сапалы шеше білетін тұлғалардың, мамандардың талап етілуі қоғамның даму жылдамдығына және тез өзгеріс жағдайында адамдарды өмірге дайындай білу керектігіне байланысты.
2013

Мақалада авторлар әлеуметтанушы классиктерінің білім беру стратегиясына теориялық талдау жасаған.Мақалада білім беру стратегиясын талдау Э. Дюркгеймнен бастау алған. Ол білім берудің автономдылығын ескере отырып білім беру саласындағы жастардың өзіндік таңдауының барлығын жоққа шығарады, бірақ жастар қоғаммен ұсынылған өз мүмкіндіктері аясында әрекет етеді және білім беруге қанағатсыздығы бойынша аға ұрпақпен шиенеліске келмейді. Білім беру саласында жастар арнайы өзгерістерді жүзеге асыруға даярлануда, бірақ ол актор болып, білім беру үдерісінің өзіндік қатысушысы болып табылмайды. Жекелендіруге баға бере отырып, ұжымдық сананың индивидке бағытталуына айналуда Дюркгейм институционалдануға басымдық береді және өзіндік кәсіби дәріптелудегі қажеттілік пен білім берудің нормаларына бағытталуын бөліп қарастырады. Дюркгеймнің білім беруді институционалдау көзқарасын Т. Парсонс әрі қарай дамыта отырып, ондағы білім берудің жаңартушылық әсеріне айрықша мән берген. Парсонс тәжірибе мен міндеттерге сәйкес жастық үдемеге сәйкестендіре отырып құрылымдық функционализм білім берудің мерзімін ұзарту туралы, мақсаттар арасындағы қарама-қайшылық, кәсіби жетістік, әлеуметтік мәртебе мен кәсіби мансап туралы ережелерді қолдайды. Жастар болашаққа бағытталады, онда өткен мен қазіргі кездің маңызы жоқ. «Кейінге қалдырылған» күтімдердің кезеңі қандай болады, егер үміттері орындалмайтын жағдайда жастар білім алуға қаншалықты инвестиция салуға даяр? Ұсынылған ұжымдық статус пен мүмкіндіктерді ашуға бағытталған мектептерден алшақтай отырып, меритократия қағидаты арқылы міндетті түрде жүзеге асырылмайтын, әлеуметтік мобильділік жағдайында әрекет ететін жастарға объективті баға беру қиын. Классикалық әлеуметтану болжанбайтын үдерістерге әлеуметтік бейімділікке мойынсұнуға альтернативті стратегия салдарына негізделеді. Құрылымдық функционализм білім беру әлеуметтік теңдестіруді күшейте бастағанда білім берудің әлеуметтік аномия жағдайында немесе жасырын әлеуметтік функциялардың басымдық дисфункционалдығын мойындайды. Р. Дарендорф, құрылымдық талдаудың белгілі сыншыларының бірі, социологиялық зерттеулерді баға берушілік талқылаулармен алмастырмауға шақырады. Оның пікірінше ұрпақтарға бөліну кез келген ұрпақтың ерекшелігін жастық топ ретіндегі қабылдаулардан басқасын жоққа шығарады.
2014

Мақалада балалар үйінде тәрбиеленушілердің білім беру мекемелерінде кәсіптік таңдауын нақтылау жолдары туралы көрсетілген. Балалар үйінде тәрбиеленуші жасөспірімдерді кәсіптік бағдарлайтын ұйымдарға талдау жасалған. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың  білім алу мекемелерін зерттеу және олардың елімізде әлеуметтік қорғалуының негіздері анықталды. Балалар үйлерінде тәрбиеленушіледің дербес өмірде дұрыс мамандық игерулеріне мүмкіндіктері қарастырылды. Зерттеу нысаны: ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар үйінде тәрбиеленушілер. Зерттеу пәні: балалар үйлерінде тәрбиеленушілердің дұрыс кәсіп таңдауына әсер ететін факторлар. Зерттеу мақсаты: балалар үйлерінде тәрбиеленушілерді кәсіптік оқыту және кәсіптік бағдарлау үлгілерін құру арқылы дербес өмірде дұрыс мамандық игерулеріне ықпал ету. Зерттеудің болжамы: әртүрлі әлеуметтік қызметтерді қолдау бағдарламаларды талдаудың көмегімен анықталған мамандық таңдауына әсер ететін әлеуметтік, психикалық, педагогикалық ерекшеліктерінің спецификалық көрінісі бар. Зерттеудің болжамын эмпирикалық зерттеу жүргізу үшін арнайы нормативтік құжаттар қарастырылды. Олар келесі заңдар: Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы, ҚР Баланың құқықтары туралы заңы.
2014

Мақалада бiлiм беру философиясының өзекті мәселелерiне, фи­ лософиялық  антропологияға  талдау жасалған. Білім беру философиясының зерттеу мәні – адам. Сондықтан  бiлiм беру философиясы және философиялық антропологиясының қарым­қатынасы жан­жақты зерттелген. Білім беру тұжырымдама­ сын талдау адамның мәні философиялық және антропологиялық мәселесіне байланысты. Адам – білім берудің мәні. Бұл философия­лық антропологияның ортақ қағидасы болып табылады. Білім алудың теориясы мен практикасы антропологиялық тұжырымдарға тәуелді болады. Сұрақты антропологиялық тұрғыдан қою педагогиканың аясында да терең маңызға ие болады. Педагогикалық антропологияда адам педагогикалық тұрғыдан қарастырылады, яғни оқытуға, тәр­биелеуге және білім алуға көнетін адам  қарастырылады.
2015

Бұл мақалада интербелсенді оқудың әдістеріне қысқаша шолу жасалды. Интербелсенді әдістемені жоғарғы оқу орындарында қолдану мәселелері- шет тілі және өзге тіл тұрғысында оқыту жүйесінде соңғы жылдары кеңінен сөз бола бастады. Қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Кредиттік жүйеде студенттің өз бетінше дайындалуына көптеген жекеленген тапсырмалар беріледі. Сондықтан дәрісханада ұжымдық (жұптық, топтық) оқуға көбірек көңіл бөлу керек деп ойлаймыз. Шағын топтық (немесе жұптық) жұмыстар тіл үйренушілерде бірлік, бірегейлік (корпоративтік) сезім қалыптастырып, сол арқылы өздерінің ұжымға тікелей қатысы бар екендігін аңғартады. Ұжым болып қандай да болмасын тапсырманы орындау қызық та тартымды шаруаға айналады. Бірлескен жұмыс барысында шағын топ мүшелерінің барлығы да өзара қарым- қатынасқа негізделген (интербелсенді) әрекеттерді (мәселен, тыңдай білу, өз пікірін ұтымды және дәлелді түрде жеткізе білу, ортақ пікір қалыптастырып, бір мәмілеге келу, туындаған дауларды шеше білу, бірлесе шешім қабылдау) атқарады. Мұнда біреудің жұмыстан тыс немесе қалыс қалуы екіталай: барлығы да қызу әрекетте болады, барлығы да жұмыстың қорытынды нәтижесіне өз үлесін қосады.
2014

Мақала еуразиялық ортақ білім кеңістігін құру мәселесіне арналған. Интеграцияның аспектісі ретінде ортақ білім кеңістігін құру мәселесі біздің аймақ үшін де өзекті болып отыр. Әлемнің басқа аймақтарындағы ортақ білім кеңістігін құру және дамыту үдерісіне қарағанда, еуразиялық кеңістіктегі білім саласындағы интеграциялық үдерістердің өзіндік ерекшелігі бар. Тарихи бірыңғай білім кеңстігін дамыту әрқашан да еуразиялық кеңістік елдерінің ынтымақтастығының басты бағыттарының бірі болды. Көпжылдық тарихи тағдырлардың, дәстүрлердің ортақтығы және бірге өмір сүре алу тәжірибесі, экономикалық, мәдени және де адами байланыстар – жас тәуелсіз мемлекеттер үшін ортақ білім кеңістігін құру үшін жағымды тірек болады. Мақалада ортақ білім беру кеңістігін құрудағы проблемалар мен қиыншылықтар қарастырылады.
2015

Мақала халықаралық қатынастар және аймақтану саласындағы магистранттардың білімін бағалаудың әдістері мен түрлерін жетіл­ діру мәселесіне, студенттік­орталықтандырылған оқыту  жағдайын­  да олардың дамуы мен бейімделуіне арналған. Көрсетілген мәселе теория мен тәжірибенің өзара байланысын қамтамасуз ету тұрғы­ сынан, ақпараттандырудың, интерактивті әрекеттесудің қазіргі жа­ һандық үдерістер мәнмәтінінде, жаңа білім беретін орта құру жағ­ дайында қарастырылады. Магистранттардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру үлгілерінде түрлі әдістермен оқытудың кредиттік­мо­ дульдік жүйе жағдайында қолданылуын авторлар жүргізген жүйелеу нәтижесінде, оның тиімділігінің қажетті  жағдайлары  анықталды.
2016

Жұмыс берушілер, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы №149 –П «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 2-тармағының 2-тармақшасына сəйкес халықты жұмыспен қамту бойынша уəкілетті органға бос лауазымдардың, кəсіптердің (бос жұмыс орындары) туралы, олар пайда болған күннен бастап, үш жұмыс күні ішінде мəліметтер беруге міндетті. Заңның 1-бабының 15 жəне 18-тармақтарына сəйкес жұмыспен қамту қызметінің органдары болып жергілікті атқару органдарының құрылымдық бөлімшелері (уəкілетті органдар) саналады.
2010

Ғылым тілі кең ұғым болғандықтан, оның терминдерден өзге де қарастырылуы тиіс мəселелері бар. Ғылым тілі — кең мағынасында ғылыми ойды, ғылыми ақпараттар мен мəліметтерді жеткізу үшін қолданылатын тіл, сондықтан ойлаумен де, ғылым саласындағы адамның іс-əрекетімен де тығыз байланысты. Ғылым тілі — əдеби тілдің жетілгендігін, дамығандығын танытатын оның құрамдас бөлігі. Акад. Ə.Қайдардың сөзімен айтсақ, «ғылым тілі — бүгінде əдеби тіліміздің ең сүбелі саласы, жон арқасы», «ғылым тілі қалыптаса алмаған əдеби тілді толыққанды əдеби тіл деп айтуға болмайды» [1]. Ө.Айтбайұлының ғылым тіліне берген анықтамасына назар аударайық: «Ғылым тілі — ғылыми негізде жасалатын өзіндік қалыптасу принциптері бар, стильдік өңі ерекше əдеби тілдің бір түрі. Əдеби тілдің ғылымға қызмет ететін бір тармағы.
2009

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.