Білім беру

XIX ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы қазақ баспасөзі қазақ халқының əлеуметтік, қоғамдық жағдайлары туралы мақалалар жариялай бастады. «Дала уалаяты», «Түркістан уалаяты», «Қазақ» газеттері мен «Айқап» журналы арқылы қазақ публицистикасы дүниеге келді. Əдебиетте де жаңа жанр түрлері өркендей бастады. Соның ішінде өркендеген, кең құлаш жайып, күрес құралына айналған публицистика болды. Күнделікті баспасөз беттерінде заманымыздың озық ойлы адамдарының отарлық езгідегі халқымыздың ғасырлардан бері жиналып келген, əбден пісіп-жетілген сыртқа шығарған толғанысқа толы мақалалары жарияланып отырды. Олар алдымен отарлық езгі жағдайында аяқ асты болған мүддені қорғай алатын, сол арқылы қазақ елінің прогресшіл ел қатарына енгізетін негізгі басты фактор — ұлттық мемлекет құру деп білді.
2011

Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын ғана емес, оның жеке бас тұлғасын, білім алу арқылы азамат ретінде дамуын қойып отыр. Дəстүрлі оқыту оқушыларға дайын, жаңаша оқыту технологиясы процесін ұйымдастыру, басқару жəне бақылау болып табылады. Жаңаша оқыту технологиясы — белгіленген мақсатқа нəтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде оқытудың формасы, əдістері мен құралдарын ашып көрсетіп, оқу бағдарламасында белгіленген оқытудың мазмұнын жүзеге асыру тəсілі.
2012

Елбасымыз Н.Ə.Назарбаев ұсынған «Қазақстан – 2030» стратегиясында негізгі бағыттардың бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-дəстүрлерін есепке ала отырып, білімі мен білігі жағынан өркениетті елдердегі замандастарымен қатар тұра алатын, бойында ұлттық, отаншылдық рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тəрбиелеу қажеттігі баса айтылған [1].
2009

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға гуманистік білімін, білігі мен дағдысын емес, оның жан-жақты дамуын есепке ала отырып, еліміздің бəсекелестікке қабілетті елу елдің санатына тұратын тұлғаны тəрбиелеу талаптары тұр. Қазақстандағы əйелдердің білім алу мəселесіне жан-жақты талдау жасаған ғалымдар М.Қозғам- баев, Т.Тəжібаев, А.И.Сембаев, К.Бержанов, А.Жақыпов, К.Құнантаева, Л.С.Сырымбетовалар болды.
2009

Қазіргі уақытта Қазақстан əлемдік бірлестікте экономикасы дамыған, əлемдік өркениетке бейімделген, жаңа технологияларды кеңінен қолданатын мемлекет ретінде танылды. Мемлекеттің əлеуметтік-экономикалық дамуы жүріп жатыр. Соңғы жылдары білім беру жүйесіндегі өзгерістер білім берудің үздіксіздігіне, адамның білімдік қажеттілігін қанағаттандыруға, педагогикалық үрдіске қатысушылардың өзара қарым-қатынасын орнатуға, тұлғаны өзгермелі əлеуметтік-экономикалық жағдайға белсендіруге, оның өзіндік жүзеге асуына жəне тұлғалық потенциалын ашуға негізделген. Осы жағдайда қазіргі білім беру жүйесінің ролі мен мəні қоғам өмірінің жаңа деңгейінің негізін құрайтын көрсеткіші ретінде жоғарлауда. Мемлекетіміздің Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «бізге экономикалық жəне қоғамдық модернизация қажеттіліктеріне сəйкес қазіргі білім беру жүйесі қажет» деген.
2009

Бүгінгі күндегі автомобиль паркі санының өсуіне жəне сапасының өзгеруіне, еліміздің нарықтық экономикаға өту жағдайына байланысты көлікке деген көзқарас ерекше мəнге ие болып отыр. Өндіріс саласындағы көліктің өзіне тəн ерекшелігі — ол жаңа бағалы заттар шығармайды жəне қоғамның байлығын арттырмайды. Оның өнімі — жүктерді жəне адамдарды аймақтар бойынша тасымалдауды жүзеге асыру. Елімізде жүктер мен жолаушыларды тасымалдаумен көптеген көлік түрлері айналысады, бірақ олардың тасымалдау көлемін орындау көрсеткіштері əр түрлі. Ал жолаушы тасымалдау көлемі бойынша алдыңғы орынды автомобиль көлігі алады. Автомобиль көлігі əр түрлі климаттық жағдайда жұмыс істеу үшін бейімделген, өте икемді, жоғары сұраныстағы көпшілікке ортақ жəне ыңғайлы көлік түрі болып табылады.
2009

Қоғам талабына сай білім мен тəрбие беру деңгейін көтеру, жеке тұлғаны тəрбиелеу, кəсіби біліктілігі жоғары мамандар даярлауда халықтық педагогика мұраларын пайдалану мəселелері жоғары мемлекеттік құжаттарда арнайы бірнеше рет қаралып, жан-жақты сөз болды. Атап айтсақ, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «... жеке тұлғаның ұлттық жəне жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде қалыптасуы, дамуы жəне кəсіби тұрғыда жетілуі үшін жағдайлар жасау» [1] қажеттілігі айтылса, ал Қазақстан Республикасы Заңы I-бөлімінің 2-ші бабында «Қазақ халқының мəдениеті мен дəстүр-салтын оқып-үйрену үшін жағдайлар жасалуы қажет» [2], — деп атап көрсетіліп, халықтық тəрбиенің маңызына ерекше көңіл бөлінді.
2009

Білім беру жүйесін түбегейлі реформалау жағдайында оның барлық деңгейлері арасындағы үздіксіздік принципі сақталуы қажет. Бұл дегеніміз — жүйенің бір бөлігі өзгеріске ұшыраған жағдайда онымен байланысты басқа компоненттер де соған икемделуі тиіс. Бұл, əсіресе, жалпы орта жəне кəсіби білім беру деңгейлері арасындағы байланысқа қатысты. Себебі кəсіби білім беру жүйесі (нақтырақ айтсақ, оның ішінде педагогикалық мамандар даярлау жүйесі) жалпы орта білім жүйесіне тікелей қызмет етеді, екіншісінің сапасынан бірінші жүйенің сапасы тəуелді болады.
2009

Қазақ мектебі халқымызды басқаларға сіңісіп кетуден сақтау, тіліміз бен ділімізді қорғап, дамытумен қатар жалпыадамзаттық құндылықтардың төл мəдениетімізден көрініс табуына, ұлттық асылдарымыздың əлемдік өркениетті байытып, оған ерекше қазақы рең қосуына қызмет етуі керек. Ендеше Қазақстан үшін білім мазмұнын жаһандану мен ақпараттық өркениеттің талаптарына лайықтап, жаңа педагогикалық технология мен инновациялық қызметтің əлемдік деңгейін қамтамасыз ете отырып, оны қазақ халқының ұлттық рухани құндылықтарымен үйлестіре оқытып, тəрбиелейтін этностық-мəдени білім жүйесін құру бүгінгі күннің келелі мəселесі екендігі түсінікті.
2009

Еліміздің болашағы ұрпақ тəрбиесінде, оқу-тəрбие процесінде өркениетті қоғам мен құқылы мемлекеттің, нарықты экономика кезеңінің қалыптасуы өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мəдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылық, кəсіби біліктілігі мен білімділігін керек етеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев «Жаңа əлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауының он жетінші бағытын — Бастауыш жəне орта білім беру, сондай-ақ кадрларды қайта даярлау жүйесін əлемдік стандарттарға жақындату деп атап, онда бүкіл еліміз бойынша əлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз үшін оқытудың əр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау керек, — деп көрсетті [1].
2009

Оқытудағы көрнекілік принципінің мəні туралы Ж.Б.Қоянбаев жəне Р.М.Қоянбаев былай дейді: «Оқыту процесінде сөз бен іс, теория мен практика өзара байланысты болады. Əр түрлі көрнекілікті қолданудың нəтижесінде сабақ əрі түсінікті, əрі қызықты болып өтеді. Мысалы, жоғары сыныптарда сабақты демонстрациялап өткізу өте тиімді жəне нəтижелі болады. Көрнекілік абстракты ұғымды игеруге əсер етеді. Сонымен, көрнекілік принципінің оқыту материалдарын, əсіресе теориялық ережелерді терең оқуда, берік есте сақтауда алатын орыны ерекше» [1].
2009

Ел Президентінің «Қазақстан–2030» стратегиясының бағдарламасында барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі жəне əл-ауқатының артуы, елдің денсаулығын жақсартумен бірге жас ұрпаққа білім мен тəрбие беру мəселесі атап көрсетілгендей, тəуелсіз мемлекетімізге еңбекқор, өз кəсібін терең түсінетін, білімі мен іскерлігін жан-жақты қолдана білетін мамандар қажет. Осы айтылған міндеттер мамандар дайындайтын жоғары оқу орындарының алдында тұрған негізгі мəселелер [1].
2009

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.