Технология

Бұл мақалада оқыту технологияларын пайдаланудың маңыздылығы туралы қысқаша шолу жасалды. Оқыту технологияларын жоғары оқу орындарында қолдану мәселелері-шет тілі өзге тіл тұрғысында оқыту жүйесінде соңғы жылдары кеңінен сөз бола бастады. Қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Кредиттік жүйеде студенттің өз бетінше дайындалуына көптеген жекеленген тапсырмалар беріледі. Сондықтан дәрісханада ұжымдық (жұптық, топтық) оқуға көбірек көңіл бөлу керек деп ойлаймыз. Шағын топтың (немесе жұптық) жұмыстар тіл үйренушілерде бірлік, бірегейлік (корпоративтік) сезім қалыптастырып, сол арқылы өздерінің ұжымға тікелей қатысы бар екендігін аңғартады. Ұжым болып қандай да болмасын тапсырманы орындау қызық та тартымды шаруаға айналады.
2015

Қазіргі жаһанданған өмірдің талабына, еліміздің әлеуметтік да­ му жағдайына сәйкес жеке тұлғаны бейімдеу мақсатында білім беру­ де инновациялық технологиялар кеңінен пайдалануды қажет етеді. Осыған сәйкес қазіргі қоғамдағы ақпараттандыру мен компьютер­ леу, оқу процесінде техникалық құралдардың дами түсуі және жаңа білім беру жолдарын қолдану бүгінгі күнде өте маңызды болып отыр. Соңғы жылдары жоғары кәсіптік білім беру теориясында және тә­ жірибесінде студенттерге білім беруде тиімді әдіс болып саналатын оқытудың белсенді және интербелсенді түрлеріне, әдістері мен тех­ нологияларына көп көңіл бөлінеді. Берілген мақалада жаңа ұрпақ дайындау деңгейін көтеруге әсер ететін заманауи технология – кейс стади әдісін таңдау және қолдану өзектілігі  қарастырылады.
2016

Адамның тіршілігі күннен күнге дамып келеді, сол себептен де білім беру мəселесі заманға сай жəне əрдайым алдыңғы қатарда болуы тиіс. Заманауи оқытушы білімді дамытудағы жалпы үрдістер мен тенденциялардан алыс болмауы тиіс. Білім берудегі компетенцияның рөлі күшейіп келеді. Ал компетенцияның дамуы жоғары кəсіби білім берудің басты мақсатына, əлеуметтік тəжірибе мен тұлға тəжірибесінің құрылымдық көріністеріне, сонымен қатар бітіруші қызметінің оған əлеуметтік тəжірибені игеруге, қазіргі кездегі тіршіліктің жəне қоғамдағы тəжірибелік қызметтен дағды алуға ықпал ететін негізгі түрлеріне негізделеді. Ол үшін біз студенттермен жұмыс жасаудың жаңа түрін меңгеруіміз қажет.
2011


Қазіргі әлем қоғамдастығының ақпараттық серпіліс дәуіріне аяқ басқандығына бәріміз куә болудамыз, себебі заманауи өркениет адам қызметінің барлық салаларында дерлік қолданылатын жаңа телекоммуникациялық технологияларға тікелей бағынышты. Олар азаматтардың өмір салтын, олардың қарым-қатынас жасау тәсілін де өте қатты өзгеріске ұшыратты. Алайда мұндай  прогрестің  қоғам  үшін  жағымсыз  жақтары да жоқ емес – азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау, соның ішінде жеке өмірін қорғау сияқты тұлғалардың ажырамас құқығы сияқты ұғымдар ақпараттандыру саласы үшін мәнсіз терминге айналды. 
2015

Қазақ тіліндегі ақпараттық аударма жасаудың алғашқы талпыныстары ХІХ ғасырда жатыр. Ол кезеңде газет-журнал беттерінде жарық көрген аударма мақалалардың көбі халыққа ғылым саласындағы жаңалықтарды жеткізуді мақсат етті. Дегенмен де нақты ғылым саласына қатысты, оның барлық заңдылықтары мен қағидаттарын ашып көрсететін еңбек болмаса да, зерттеу еңбектерінде «жартылай ғылыми мазмұнды əдебиет», «ғылыми-көпшілік əдебиет» атауына ие болып жүрген олардың негізгі құндылығы қазақ тілінде термин қалыптастыруда алғашқы қадам жасағандықтарында.
2011

Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын ғана емес, оның жеке бас тұлғасын, білім алу арқылы азамат ретінде дамуын қойып отыр. Дəстүрлі оқыту оқушыларға дайын, жаңаша оқыту технологиясы процесін ұйымдастыру, басқару жəне бақылау болып табылады. Жаңаша оқыту технологиясы — белгіленген мақсатқа нəтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде оқытудың формасы, əдістері мен құралдарын ашып көрсетіп, оқу бағдарламасында белгіленген оқытудың мазмұнын жүзеге асыру тəсілі.
2012

Мақалада қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың қоғам дамуына əсері мен білім берудегі маңызы, орны қарастырылды. Авторлар Қазақстан білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технологиялардың талаптарына сай жаңа электрондық технологияны енгізу, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, білім беруде ақпараттық технологияларды қолдану, жетістіктері мен жеке тұлғаларды қалыптастыру жəне қазіргі заман талабына сай білім алуға қажетті жағдайлар жасау қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытуда қолданылуы қажет деп қорытындылады.
2014

Мақалада қазақ тілін оқытуда ақпараттық технологияны қалай қолдану керектігі туралы айтылған. Қазіргі технология заманында жоғары оқу орындарында, мектептерде сабақтарда, оның ішінде қазақ тілін оқытып-үйрету кезінде технологияны көп қолдану керек. Бүгінгі күні көп сұранысқа ие дүние болып тұр. Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты оқушылардың сөздік қорын, сонымен қатар сауатты жаза білуге баулу болып табылады.
2015

Мақалада қазақ тілін шет тілі оқытуда ақпараттық технологиялардың тиімділігі жан-жақты талданып көрсетілген. Сонымен қатар авторлар тіл оқытуда инновациялық технологиялардың атқаратын қызметі айрықша екендігін айтқан.
2015

 Қазіргі кезде білім жүйесінде күрделі əрі ауқымды реформалар жүріп жатыр. Бүгінгі заман жоғары технологиясы дамып, əр түрлі мыңдаған ақпараттық мəліметтердің ағыны шексіз күшейген кезде, жалпы жаңа технологияларды білім беру саласына шоғырландыру заңды құбылыс. Олардың нəтижелі іске асырылуы көптеген факторлардан тəуелді. Соның ішінде бұл процесті психологиялық- педагогикалық қамтамасыз ету маңызды орын алады. Қоғамның, білім беру практикасының қажеттіліктерін қанағаттандыратын оқыту мен тəрбиенің жаңа теорияларын, концепцияларын, жаңа ғылыми тұғырлар мен қағидалар жасау педагогика ғылымының өзекті мəселелерінің бірі болып табылады. Педагогика саласында көптеген ғылыми жұмыстар жаңа технологияны қолдануды мақсат етеді. Технологиялар оқу процесін қарқындатуға, ғылыми-техникалық ақпараттың жылдам өсу жағдайында жəне маманды даярлауға қойылатын жоғары талаптарды білімді жоғарғы сапалы жаңа сатыға көтеруде ең күшті құралдардың бірі болып саналады.
2009

 Қазіргі кезде жаңа ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдар тек ғылыми зерттеулер мен əр түрлі əлеуметтік, экономикалық жəне саяси процестерді басқаруда ғана емес, білім жүйесінде де кең қолданыла бастады. Ақпараттық технологиялар мен компьютерлік желілерді пайдалану арқылы жүргізілетін оқытудың жаңа формаларының ауқымы кеңейіп келеді. «Ақпараттық жəне коммуникациялық технологиялардың қазіргі оқыту жүйесінде кеңінен пайдалану кезеңінде білім мекемелері негізінде білікті мамандардан, ақпараттық құралдар кешенінен, құжаттар айналымынан, мəліметтер базасынан жəне басқа да ақпараттық қамтамасыз ету элементтерінен тұратын біртұтас жүйе құру қажеттілігі туындайды. Осындай жүйе құру кезінде, бір жағынан, ол уақыт барысында тұрақты өзгеріп отыратын объект екенін, екінші жағынан, мұндай жүйе білім мекемесінің барлық жұмыс түрлерін (оқу үрдісі, басқару, ғылыми, зерттеу) сүйемелдеуді қамтамасыз ете алатынын есепке алып отыру керек» [1].
2009

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.