Технология

Мақалада мүмкіндігі шектеулі жандарды компьютерлік оқытуға бейімделу үдерісі мəселесіне зерттеу жүргізу жолдары қарастырылған. Жобаны құру жолындағы көкейкестілік мəселелерін шешу əдістері жəне оқытушыларға арналған факультативтік курсты əзірлеумен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандарды компьютерлік оқытуға бейімделу үдерісі мəселесіне зерттеу жүргізу жəне талдау жасау тəсілдері ұсынылған. Авторлар ғылыми-зерттеу жоба Қазақстан Республикасының азаматтарына бейімделген нұсқасын берді. Бұл жоба мүмкіндігі шектеулі жандарды компьютерлік оқытуға бейімделу үдерісін, əр түрлі жағдаймен мүгедек болған жəне компьютерлік техника меңгеруге мүмкіншілігі бар ересек адамдардың оқыту жолдарын қарастырған.
2015

Жалпы білім беретін орта мектептегі геометрия пəнінің «Стереометрия» курсын оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану жаңа мүмкіндіктер туғызуда. Сол ақпараттық технологияларға арналған бағдарламалық өнімдер сипатына қарай қолданылатын бағытына сай болуы қажет. Мақалада бірнеше бағдарламалық өнімдер сипатталып, олардың мүмкіндіктері қарастырылды. Сонымен қатар арнайы бағдарламаны қолдану арқылы сабақ өткізу үрдісінде болатын тиімділіктер талданған. Дəстүрлі оқыту мен ақпараттық-техникалық құралдарды қолданып, оқытудың айырмашылықтары мен артықшылықтары сабақтың əрбір кезеңі үшін көрсетіліп, толық баяндалды.
2013

Заманауи компьютерлік технологиялар оқу үрдісін дамытуда үлкен мүмкіндіктер туғызуда. Жалпы білім беретін орта мектептердегі математика пəнін оқыту үрдісінде мультимедиалық құралдарды қолдану əрбір құралдың сипатына сəйкес болуы керек. Мақалада дəстүрлі оқыту əдістерімен қатар заман талабына сай орын алып келе жатқан мультимедиалық құралдардың алгебра пəнінде қолданылуы сипатталды. Сонымен қатар оқу үрдісінде орын алатын дидактикалық мəселелер талданды. Қарастырылатын əрбір мультимедиалық құралдың ерекшеліктері толық ашылып, баяндалды.
2013

Мақалада еңбек технологиясы сабақтарын пəнаралық байланыстар негізінде оқытудың əдістемелік ерекшеліктері қарастырылған. Авторлар еңбек технологиясы сабақтарында технологиялық процестің ғылыми негіздерін ашып, «Технология» сабағында пəнаралық байланыс негізі бойынша нақты əдістемелік нұсқаулар берген.
2013

Білім саласында қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану жаңа мүмкіндіктер туғызуда. Мақалада желі арқылы жүзеге асырылатын бұл технологияның мүмкіндіктері қарастырылды. Сонымен бірге инновациялық технологияның тиімділіктері талданып, қашықтықтан оқыту технологиясын құру ережелері сипатталған. Ақпараттық технологиялармен оқытудың ұтымдылығы мен қашықтықтан оқыту үрдісін аутоматтандыру үшін қажетті компоненттер айқындалды. Желіде өткізілетін сабақ түрлерінің айырмашылықтары мен артықшылықтары көрсетіліп, мазмұны жағынан толық ашылып, баяндалды.
2013

 Мақалада жалпы білім беретін орта мектептерде мультимедиалық жəне инновациялық технологияларды қолданып, математиканы оқыту əдістемесін жетілдіру мəселесі қарастырылды. Авторлар мектептің техникалық жабдықталуы, жекелеп алғанда, Flash технологиясы мен HTML тілі негізінде математика сабағының тиімділігін арттыру жолдарын сипаттады. Арнайы компьютерлік бағдарламалар мен инновациялық технологиялардың көмегімен математика пəні мұғалімдерінің əдістемесін тиімді арттыру бойынша əдістемелік ұсыныстар келтірді. Жоғары оқу орнында кəсіби, педагогикалық маман дайындау мен орта білім жүйесі арасындағы байланысты көрсетті.
2014

Мaқaлaдa құзырeтті мaмaн дaярлaудaғы зaмaнaуи тexнoлoгиялaрдың қoлдaну мaңыздылығы тeoриялық тұрғыдa қaрacтырылғaн. Coнымeн қaтaр бoлaшaқ мaмaн иeлeрінің бoйындa білімділік, біліктілік, caнaлылық, жaуaпкeршілік қacиeттeрін cіңірудe, кəcіби құзырeттілікті қaлыптacтырудa зaмaнaуи тexнoлoгиялaрды қoлдaнудың рөлі нeгіздeлгeн. Білім мeн ғылымның дaмуы aдaмзaт өркeниeтінің өлшeмі бoлғaндықтaн, aвтoрлардың қазіргі кезең тexнoлoгиялaрды қaрacтыруы мəceлeнің өзeктeлігін aнықтaуғa жəнe oқу үдeріcі үшін мaңыздылық дəрeжecін көрceтугe мүмкіндік бeрeді.
2015

Maқaлa aқпapaттық-кoммуникaциялық теxнологиялapды қoлдaнa oтыpып, oқушылapдың шығapмaшылық құзыpеттiлiгiн қaлыптacтыpу мəcелеciне apнaлғaн. Бiлiм беpудi aқпapaттaндыpу жaғдaйындa oқушылapдың aқпapaттық caуaттылығын, мəдениетiн жəне aқпapaттық құзыpеттiлiгi cияқты қaбiлеттiлiктеpдi қaлыптacтыpу мəcелеci бүгiнгi күннiң өзектi мəcелеciне aйнaлып oтыp. Maқaлaдa құзыpеттiлiктiң негiзiне, aқпapaттық-кoммуникaциялық құзыpеттiлiкке cипaттaмa беpiлген. Coнымен қaтap инфopмaтикa caбaғындa aқпapaттық теxнологиялapды пaйдaлaну apқылы oқушылapдың aқпapaттық құзыpеттiлiгiн қaлыптacтыpу мəcелеciн жəне одан күтiлетiн нəтиже жaңa зaмaнғa caй aқпapaттық құзыpеттiлiгi қaлыптacқaн, теopиялық бiлiмдеpiн ic жүзiнде қoлдaнa aлaтын, пəнapaлық бaйлaныcты жүзеге acыpa aлaтын жеке тұлғa қaлыптacтыpудың мəнiн белгiлеген.
2016

Мақалада психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамытуда қолданатын электронды оқулығымызды қолдану арқылы психикалық дамуы тежелген оқушылардың тек қана сөйлеу тілін ғана дамытуына ықпалын тигізіп кана коймай, қайта олардың таным процестерінің, қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынасының дамуына, сынып оқушыларын татулыққа, бірлікке, бір сөзбен айтқанда, адами қасиеттерге баулуға өз септігін тигізеді, сонымен қатар психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамытуда оқыту процесін үздіксіз жəне толық деңгейін бақылау, ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту, тəсілдерінің қажеттілігін жоғарлатады.
2016

Мақалада көру бұзылысы бар балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелер аясында оқытуға арналған интерактивті электронды бағдарламаға шолу берілген. Бағдарлама мектепке дейінгі нашар көретін балалардың көру арқылы қабылдауын қалыптастыруға бағытталған. Электронды бағдарламаның құрылымы баяндалған, негізгі элементтері сипатталған. Электронды бағдарлама инновациялық технологияны қолдану негізінде құрастырылған, мектепке дейінгі жастағы көру бұзылысы бар балаларды оқыту сапасы өскені туралы толыққанды айтуға болады. Жəне авторлар мектепке дейінгі жастағы көру бұзылысы бар балалардың көру арқылы қабылдауын қалыптастырудың тəжірибелік эксперимент жұмысының қорытындысын келтірген.
2016

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.