Жоғарғы оқу

Қазіргі білім беру үрдісінің негізгі міндеті – тұлғаның танымдық жəне интеллектілік əрекеттерінің, бəсекеге қабілетті шығармашылығын жəне теориялық білімдерін тəжірибеде ұштастыруын тиімді əдістер арқылы жетілдіруді көздейді. Оқу іс-əрекетінің нəтижесі дайын өнімді алуда емес, болашақта қайсібір өнімді алуға мүмкіндік беретін тəсілдер мен білімдерді меңгеруге бағытталады. Демек, жоғары мектептің басты міндеті студентті кəсіби маман дайындаумен анықталады.
2010

Қазіргі қоғамдағы білім берудің жеке бір мемлекеттің əлеуметтік жəне экономикалық ілгерілеуі мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің факторы ретіндегі мəні өсуде. Білім беру дің қоғам мен индивидуумға ықпалының көптігі əлеуметтік жəне экономикалық өзгерістер сипа тынан, сондайақ қоғамдық қарым-қатынастар жүйесіндегі өзгерістердің білім беруден мобиль ділікті, жаңа уақыт талабына сай адекватты жауапты талап ететін сипатынан көрініс табады.
2011

Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 75 жылдық мерейтойын  2009  жылы 13 қазан күні атап өту барысында ҚР Президенті Н.Ə. Назарбаев өз дəрісінде біздің ұлтымыздың ықтимал мүмкіндігін ояту мен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін интеллектуалды қарқынның қажеттігін баса айтты  [1]. «Интеллектуалды ұлт 2020» ұлттық жобасының негізгі қырлары айқындалып, оны жүзеге асырудың стратегиялық міндеттері көрсетілді. Белгілі болғандай, жобаның мақсаты өзімен ұлтты жетектей алатындай қасиеттерге ие қоғамдық көшбасшыны қалыптастыру.
2011

Соңғы уақытта тек білім беру бағдарламаларының мазмұны ғана емес, сонымен қатар оқу процесінің құрылымдық-ұйымдастырушылық аспектілері, сондай-ақ студенттердің тек «диплом» алуға ғана емес, негізгі кəсіби құзырлықтарды теориялық жəне практикалық деңгейде саналы меңгеруге бағытталған кəсіби білім беру мəнін түсінуі де өзгеруде. Əртүрлі грант пен кредит түрлеріне негізделген жоғары білім берудің қаржылық жағдайлары да кеңеюде.
2011

Қоғамдағы азаматтық, гуманистік құндылықтардың бекітілуі, өзінің құқықтары мен міндеттерінің өзара байланыстығын сезінетін ерікті тұлғаны тəрбиелеу өсіп келе жатқан ұрпақтың білім беру жүйесіне байланысты, ЖОО-дағы білім беру үдерісіне мұғалімдерді, басқарушыларды, ұйымдастырушылар мен еріктілерді дайындаумен анықталады. Кəсіби педагогикалық білім беру перспективті тенденцияларының бірі болашақ маманның, яғни студенттің волонтерлік кəсіби біліктілігін қалыптастыру болып табылады, ол өз кезегінде жалпыадамдық құндылықтардың гармониялы үйлесуіне бағытталған, жас адамдарға деген сенім жəне əрекеттілік формаларын ерікті таңдауға негізделген ЖОО-дағы білім беру үдерісінің қатаң регламентациялаудан гуманистік білім беру аясына ауысуын қарастырады.
2012

Жоғары оқу орнының негізгі іс-әрекеті білім беру қызметін ұсыну болып табылады. Білімнің сапасы немесе еңбек нарығыда сұранысқа ие маман болу, ең алдымен, оқытушылардың жұмысымен тікелей байланысты. Сондықтан да оқытушылардың жұмысын бақылау әрі бағалау білім беру сапасын басқарудағы аса күрделі және маңызды мәселелердің бірі. Сол себепті мақалада жоғары оқу орындарының оқытушылары жоғары  білім берудің негізгі субъектісі ретінде жан-жақты қарастырылады. Оқытушылардың жоғарғы оқу орнындағы жұмысын бағалау критерийлері бір жүйеге келтірілмеген. Осыған орай, білім беру мекемелеріндегі педагогика саласындағы қызметкрелерге қойылатын талаптардың тіміздері әрқилы болып келеді.
2013

Мақалада мотивация, оқу іс-әрекетінің мотивациясы жайлы ұғымдарға анықтама берілген. Тұлға іс-әрекетінің доминантты мотивін анықтау барысында, тұлғаны субъект ретінде, оның интеллектуалдық-эмоционалдық-еріктік аумағының ерекшеліктеріне назар аударылған. Адамның рухани қажеттілігінің жоғары болуы – моральдық, интеллектуалды-танымдық мотивтермен түсіндірілген.
2014

Мақала ТМД елдерінің ДСҰ-ға кіргеннен кейінгі білім беру саласын талдауға арналған. Сонымен қатар отандық білім беру саласының ДСҰ-ның талаптарына сəйкестігі мен бейімделу мүмкіншіліктері, жəне де осы процестерге кедергі болатын жайттарды зерттеуге арналған. Мақалада ДСҰ-ға кіргеннен соңғы білім саласында болатын өзгерістердің артықшылықтары мен кемшіліктері толыққанды қарастырылған. Жекелеп  алғанда  ТМД  елдерінің  ішіндегі  ДСҰ-ға  мүше  болатын əр мемлекеттің ішінде болатын сандық жəне сапалық өзгерістері толыққанды көрсетілген. ДСҰ шеңберінде білім беру қызметін тұтыну жолдары мен əдістері қарастырылған.
2012

Мемлекеттің білім беру саласындағы саясатымен айқындалған тәрбие мәселесіне ерекше назар бөлу, қазіргі білім беру мекемелерін­ де оқытушылардан тәрбие үдерісіне жаңа көзқараспен қарауды та­ лап етеді. Қазіргі Қазақстандағы жасөспірім ұрпақтың дамуы – білім беру мекемелерінде әлеуметтік мәдени ортаның құрылу деңгейіне тікелей байланысты. Кәсіби білім беру жүйесінің жұмыс істеуі үшін қажетті қағида – жоғары оқу орындарының қызметін ерекше әлеуметтік мәдени институт ретінде қамтамасыз ету болып табылады. Ол студенттердің қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қанағаттанды­ руға, олардың рухани, адами­ізгілікті және кәсіби мамандықтарына қатысты қабілеттерін дамытуға қолдау көрсетуге бейімделінген болуы керек.
2015

ЖОО-­ның тиімді дамуының қажетті алғышарттары, оның бәсеке­ ге қабілеттілігін көтеру, еңбек нарығының талаптарымен сәйкес мо­ дернизациялау инновациялық және әлеуетті интеграцияланған бір­ лестіктерге оқу орындарын жатқызу механизмдерін қалыптастыру болып табылады. Ол мақалада көрініс тапқан себептермен байланыс­ ты. Мәселені шешудің бағыттарының бірі – жекелей курстарды оқы­ ту, жоғары білім беру стандарттарын құру үдерісінде жұмыс беруші­ нің қатысуымен, алатын білім мен қабілеттіліктің тәжірибелік мәнін күшейту контекстінде еңбек нарығының қажеттілігіне бейімделген модульды білім беру бағдарламаларын жаңарту. Бұл орайда ЖОО­-да ең жоғары білікті кадрлардың қызмет атқаруы үшін еңбектерін мара­ паттаудың жағдайларын құру керек. Қалыптасқан жағдайда жоғары білім беру нарығының еңбек нарығымен өзара әрекеттестік механиз­ мін жетілдіру, білікті кадрларды дайындау қажет. Ол үшін әр тарап­ тың өзара мүдделерін ескеретін ынтымақтастықтың қазіргі заманға сай формалары мен институттары талап етіледі.
2015

Жоғары оқу орындары (бұдан әрі - ЖОО) қызметінің тұрақты құқықтық негізін қалауды бүгін білім алушылар мен білім беру саласының (шын мәнінде ЖОО-ның) өзге де субъектілері, оның басқару органдары (бұдан әрі - әкімшілік), профессорлық-оқытушылық құрамы (бұдан әрі - оқытушылар) арасындағы өзара қатынасын қалыпқа келтіретін белгілі бір нормативтік, оның ішінде заңнамалық ережелерсіз елестету мүмкін емес. Десе дағы, білім саласындағы бүгінгі қолданылып жүрген заңнама, білім беру қызметін көрсету тәртібін қоса алғанда [1], ондай жөн-жосықтың принциптерін, нысандарын, екі жақты құқықтарын, студенттердің, оқытушылардың, әкімшіліктің міндеттерін айқындауды ЖОО-ның жарғысына және локальдық актілерге жүктей отырып, оларды толық реттемеген.
2010

Мақала мамандыққа қатысты тілдік оқытудың тиімді педагогикалық əдістері мен тəсілдеріне арналған. Қазіргі кезде қазақ тілін кəсіби негізде оқытуда жəне оның құрамдас бөлігі ретінде қазақша терминдік сөздерді ғылыми негізде оқыту, мақсаты мен мағынасын түсінуде күрделі өзгерістер болып жатыр. Соның ішінде болашақ маманның қалыптасуына, табысты жұмыс істеуіне жəне қатысымды құзыреттілігінің дамуына кəсіби қазақ тілінің атқаратын рөлі ерекше. Қазақ тілін меңгеруде ауызекі сөйлеуге ғана емес, қатысымды-ақпаратты, қатысымды-когнитивті, қатысымды-əлеуметтік шеберліктерінің кешенді қалыптасуына басты назар аударылады. Осыған байланысты бірінші жолға адамның қалай сөйлейтіндігі ғана емес, не айтатындығы қойылады.
2016

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.