Жоғарғы оқу

Түркітілдес халықтарының мəдениеті жəне өнер тарихы дəстүрлері арқылы студенттердің шығармашылық іс-əрекеттерін жетілдіру маңызы қарастырылған. Жоғары білім беру жүйесінде болашақ өнер мамандарының шығармашылық іс-əрекеттерін жетілдіруге қатысты өнердегі дəстүр сабақтастығы, қазіргі заманғы түбі бір, діні, ділі бір халықтардың көркемөнер мəдениеті ғылыми- өнертанымдық тұрғысынан қарастырылған. Студенттердің түркітектес халықтар мəдениеті жəне өнері негізінде өнертанымдық қабілеттерін жетілдіруге бағытталған байланыстардың маңыздылығы зерттелген. Бұл бағыттағы оқытушылар мен студенттердің өнерді оқыту саласындағы қазіргі мүмкіндіктерінің оқу үдерісінде толық ашылуы əдістемесі қарастырылған. Өнерді оқыту əдістемесі мен оқу бағдарламаларының сəйкес келуі жəне түркітілдес халықтары мемлекеттерінің өнер тарихын оқытуда оқу жоспарын жақындастыру, бірыңғай ету жайлы жолдары ұсынылған.
2013

 Мақалада көліктік-жолдық бейінді мамандарын даярлау кезіндегі оқыту əдістерін қолдану сұрақтары қарастырылған. 5В090100 – «Көлікті пайдалану жəне жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығына арналған «Көліктегі еңбекті қорғау жəне эргономика» оқу курсының құрылымы мен мазмұны ерекшеленген. Автор оқу барысының дидактикалық мақсаттар мен міндеттерін қарастырған, оларды шешу кезінде оқу үдерісінде оқытушының оқу жұмысы мен білім алушылардың танымдық қызметінің сəйкес тəсілдерін ұсынған. Əдістерді талдау оқыту мазмұнының əдістеріне, білім алушылардың контингентінің ерекшеліктеріне, оқу уақытының мерзіміне сəйкестігі туралы оқыту теориясына қойылатын талаптарға сəйкес жүргізілді.
2014

 Мақала шетел тілін oқытуда сөйлесім іскерлігін кейбір интерактивті əдістерді, яғни диалог, монолог қoлдану арқылы, үйретуге жəне жаңа тақырыпты түсіндірудегі ең тиімді жолдардың бірі — рөлдік ойынға арналған. Сөйлеу тілі дегеніміз — əдеби тілге жататын бейресми жағдаятта қолданылатын, сөйлеушілердің тікелей қатысуымен жүзеге асатын машықты сөз. Айтылым — ойын жеткізу қажеттілігі, маңызды іс-əрекеттің өнімді түрі. Сабақта өз ойын жеткізу тілегі қарым-қатынас үшін алғашқы жағдай болып табылады. Екіншіден, студентке тілдің көмегімен маңызды мəселелерді шеше алатындай жағдай жасау керек. Оқытушы студенттердің ауызекі сөйлеуін жетілдіру жəне дамыту үшін барлық мүмкін тəсілдерді қолданады.
2014

 Мақалада білім беру бакалаврдың ақпараттық жəне пəндік дайындықтың мазмұны қарастырылып, болашақ білім беру бакалаврдың ақпаратттық-коммуникативтік құзыреттілігінің құрылымы ашылған. Авторлар ақпараттық-коммуникативтік технологияны инженерлік графика сабағында қолдану мүмкіндіктеріне көңіл бөлген. Кеңістіктегі пішіндермен байланысты, кеңістіктік үлгілердің графикалық анықтамасымен бірге, осы үлгідегі инженерлік тапсырмаларды шеше білу тəсілдері жазылған. Компьютерлік графика құрылғыларын қолдану арқылы, графикалық үлгілерді тұрғызу, сызбаларды орындау дағдыларын қалыптастыруда графикалық нысандармен жұмыс істеу əдістер мен тəсілдеріне талдау жасалған.
2016

Мақалада оқушыларды патриотизмге тəрбиелеудегі дене тəрбиесі жəне спорт құралдарының маңызы қарастырылған. Қазіргі уақытта оқушыларды əскери патриотизмге тəрбиелеуде бірқатар қиындықтар бар. Авторлар аталған проблеманы зерттеген ғалымдардың ғылыми еңбектеріне талдау жасады, жоғары сынып оқушыларын əскери патриотизмге тəрбиелеудегі спорт үйірмелерінің маңызын қарастырды. Алынған мəлімет негізінде жоғары сынып оқушыларын əскери патриотизмге тəрбиелеудің жоба үлгіci құрылды. Білім беру мекемелерінде ұйымдастырылатын спорт үйірмелері жоғары сынып оқушыларының дене бітімдерін қалыптастырады, жұмыс істеу қабілеттерін арттырады, сонымен қатар олардың «патриотизм», «Отан алдындағы борыш», «əскери қызмет» секілді ұғымдарға деген көзқарастарын өзгертеді. Спорт түрлері бойынша жарыстар, денсаулық фестивальдары жəне əскери-спорттық ойындар оқушылардың патриоттық сезімдерін жоғарылатады.
2016

Мақалада қазіргі заманғы жəне дамыған мемлекеттердің талаптарына сəйкес жоғары оқу орындарында оқу үрдісін ұйымдастыруда диалогтық оқыту əдістемесін қолдану ерекшеліктері қарастырылған. Интербелсенді əдістер жəне рефлексия түсінігіне жауап алынды. Интербелсенді əдістердің басты мақсаттары, нəтижелілігі мен тиімділігі зерттелген. Интербелсенді оқытуды ұйымдастырудың ережелері ұсынылған. Интербелсенді əдістердің бірі болып табылатын диалогтық оқытудың стратегиялары мен əдістері қарастырылған. Диалогтық оқыту əдістемесін қолданып өткізілген сабақтан үзінді келтірілген жəне сол сабаққа рефлексия жасалған.
2016

 Мақалада жоғары мектепте қазақ əдебиетін оқыту əдістемесінің қалыптасу жолы қарастырылған. Əдебиетті оқыту əдістемесін қалыптастырушы тұлғалардың еңбектері зерделеніп, олардың əдебиетті оқыту саласындығы рөлі, оқу құралдарының функционалдық қыры анықталған. Сонымен қатар жоғарғы мектепте əдебиетті оқыту əдістемесінің бүгінгі жай-күйі зерделенген. Білім беру саласындағы оқытудың жаңа тенденциялары əдебиетті жоғары мектепте оқытудың əдіснамалық негізін қайта саралау қажеттігін тудырып отыр. Белгілі бір ғылым саласының қалыптасу жолын саралау арқылы оның даму деңгейі мен бүгінгі дəрежесін байқауға болады. Сол арқылы осы саладағы зерттеудің жаңа бағыттарын айқындауға болады.
2016

Мақалада қазіргі қоғам дамыған елдерінің жоғарғы оқу орындары қоятын талаптарды қанағаттандыратын студенттерді кəсіби біліктілікке машықтандыру үшін оқытуда тапсырмалар түрлері мен оның балл көрсеткішіне сəйкес топтастырылуы нəтижесінде білімді бағалау мəселелері қарастырылған. Білім сапасының сипаттамасы толықтық, тереңдік, шапшаңдық, бірізділік, нақтылық, жалпыламалық, орамдылық, тармақталғандық, жүйелілік, түсініктілік жəне тиімділік тұрғысынан зерттелген. Студенттердің білімін бағалау үшін білімнің тереңдігі, дағды жəне икемділік ұғымдарының алатын орны, дағды мен икемділік ұғымдарын ажырата білу маңыздылығы жайлы айтылған.  
2016

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.