Дәстүр



Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы әлемдегі өркениетті елдермен терезесі тең мемлекет ретінде халықаралық ықпалдастыққа бет бұрып, саяси-экономикалық мәселелерді ұлттық мүддеге орайластыра отырып, тиімді дамудың жолдарымен жүріп келеді
2018


Еңбек этикасы, еңбек өнімділігі мәселелері кез келген қоғамдағы өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Себебі еңбек басымдыққа жеткен қоғам әрқашан басқа мемлекеттерден бірнеше табан алда болған және алда болатынын әлемдік тәжірибе мен ғалымдардың ой-пікірлері дәлелдеп отыр. Мақалада Конфуцийдің, М. Вебердің, Ли Куан Юдің, Махатхир Мохаммадтың және т.б. ғалымдардың еңбек этикасы мен еңбек өнімділігіне қатысты ой-пікірлері сарапталады. Дамудың үлгісіне айналған «Азия барыстарының» дамуындағы еңбектің рөлі мен еңбектің маңыздылығын арттыруға арналған мемлекеттік іс-шаралар салыстырылып талданады. Тарихы, салт-санасы, менталитеті, діні, мәдениеті бір Корея халқы 1945 жылдан кейін социолизмдік даму бағытын алған Солтүстік Корея және капитализмдік даму бағытын алған Оңтүстік Корея деп екіге бөлінді. Әртүрлі даму жолды таңдаған ұлты бір екі мемлекеттің жеткен жетістіктері, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері мақалада сипатталады. Еңбек өнімділігі жоғары мемлекеттердің санатына Жапония мемлекетін қоса аламыз. Екінші дүниежүзілік соғыста үлкен жеңіліске ұшыраған Жапонияның экономикалық және әлеуметтік салалары әлсіреген еді. Дегенмен соғыс аяқталғаннан кейінгі 25-30 жылда Жапония әлемдегі ең қарыштап дамыған мемлекеттердің қатарына қосылды. Жапония әлемге техника мен технологияның ең жаңа түрлерін алып келді. Өмір сүруге ең қолайлы мемлекеттердің алдына шыққан Жапонияның дамуында еңбектің рөлі қарастырылады. Мемлекеттің дамуындағы еңбектің орны сипатталып, еңбекқорлықтың қалыптасуына мемлекеттік саясаттың, діннің, ділдің, психологияның, халық дәстүрінің әсері мен ықпалы талданады. Мақалада әлеуетті мемлекеттердің не себепті басқа қоғамдардан дамуы тұрғысынан алда болатындығы сарапталған. Адамның еңбегін жеңілдететін, мемлекеттің дамуына әсерін тигізетін түрлі факторлардың оң және теріс тұстары көрсетілген.
2013

Егеменді ұлттық мемлекетіміздің əрі қарай құқықтық мемлекетімізді құру процесіндегі негізгі қажеттіліктерді айта келіп Н.А. Назарбаев «Ұлт мəселесіне қатысты жалпы үрдіс тіəтанып түсіну, сөз жоқ қажет. Мұнсыз мемлекеттік дамудың логикасын болжау мүмкін емес» [1] – деп атап көрсетті.
2011




Ө.Тұрманжанов — І.Жансүгіров дəстүрін жалғастырушы ақын. Бұл ретте Жансүгіровтің қимыл- қозғалысқа, бояуға толы динамикалы «Жазғытұрым», «Жазғы шілде», «Күз» өлеңдерін еске түсірсек те жеткілікті. Ө.Тұрманжанов өлеңдерінде де сəбиге тəн бала тілі, асқақ сезім, романтизм, лиризм бар. «Тамаша ғой қыс деген», «Əн салайық айналып», «Балқаш көлге барайық», «Көк гүлдерді жұлмаңдар», «Жасыбайдың үңгірі» өлеңдері балаларға арнау түрінде жазылған. Автор «Тамаша ғой қыс деген» өлеңінде қыс тамашасын шаңғы тебу қызығымен байланыстырады. Алғашқы шумағында қыстың шұнақ аязын алға тартады. Бірақ «қызыл шұнақ аяз» ықшам киінген шаңғышы балаға бұйым емес. Кейінгі үш шумағы шаңғымен сырғыған баланың қимыл-қозғалысы мен оның физиологиялық, эмоциялық өзгеріске түсу жайын баяндайды.
2009

Адам образы — əрбір көркем шығарманың жан-жүйесі, негізі. Əдебиеттану ғылымында ұнамды тұлғаны зерттеу мəселесі ешқашан назардан тыс қалған емес. Ұнамды қаһарман бейнесін суреттеу — əдебиет тарихында көне дəуірлерден келе жатқан əдеби-эстетикалық үрдіс. Əр кезеңнің əдеби даму ерекшеліктеріне, халықтың ұлттық болмысына, сол дəуір мен қоғамның саяси-əлеуметтік ұстанымдарына қарай əдеби-көркем шығармалардағы ұнамды кейіпкер тұлғалары авторлардың өмірлік дүниетанымдары мен көзқарастарына сай əр алуан мазмұнда тұлғаланады.
2010

Қазақ халқының бай ауыз əдебиетінің де, тарихының да, тілінің де мол қазынасы əдет-ғұрып, салт-дəстүрінде жатыр [1]. Жер бетіндегі қай халық болса да өз салт-дəстүрлерін, əдет-ғұрыптарын ұстану жағынан алдыңғы орында сияқты. Көптеген жақсы дəстүрлеріміз жарқырап көрінбей, жай тілде бар, жүректе жоқ, қағазда бар, халықта жоқ боп, уақытты оздырып жатыр. Тамаша дəстүрлерге өте бай екенімізді жас ұрпақтардың құлағына күн сайын құя бергеннен еш ұтылмаймыз. Біздің қоғамда тек қазақ ауылдары мен қаладағы қазақ тойларында шынайы болса, театрларда, оқу орындарында, қазақ мектептерінде, аралас мектептердің қазақ сыныптарында ғана дəстүрлердің шынайы емес сахналық көріністе, қойылымдарда ғана көрінуінен басқа жаппай жалпыхалықтық болып таралуына қыруар еңбек керек.
2011

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.