Психология

Адамда темпераменттің әр түрінің белгілі бір пайыздық мөлшері болады. Бұл темпераменттік мөлшерді (модельді) білу өзіндік бақылауды және өз істеріне баға беруді тиімді атқаруға мүмкіндік туғызады.
2013

Бұл мақалада қазіргі кездегі қоғамдағы әлеуметтік-психологиялық мәселелердің бірі болып отырған жастар арасындағы нашақорлық пен жастардың есірткі мен психоактивті заттарды қолдануының негізгі себептері қарастырылған. Жастардың есірткі мен психоактивті заттарды қолдануының алғы шарты болып табылатын өтпелі жеткіншектік кезеңнің негізгі ерекшеліктері мен осы жастық шақта жеткіншектердің әлеуметке жат қылықтарға бейім болуының себептері айқын көрсетілген. Бұл себептердің қатарына тұқымқуалаушылық, тәрбие мен қоршаған орта жатады. Автор бұл үш факторды жан-жақты тұрғыда қарастырып, жеткіншектік шақта есірткі мен психоактивті заттарды қолдануының негізгі механизмдерін анықтауға тырысты. Жеткіншектік кезеңде есірткі мен психоактивті заттарды қолдануының негізгі механизмдерінің қатарына жеткіншектердің психикасының тұрақсыздығы мен еліктеуге бейімделгіштік, педагогикалық және отбасылық назардан тыс қалу, ата-ана тарапынан гиперопека, қарым-қатынастың жеткіліксіздігі сияқты механизмдерді жатқызды. Сондай-ақ есірткі мен психоактивті заттарды қолдану мотивтеріне сапалы талдау жасады. Тал-   дау арқылы әлеуметтік-психологиялық мотивтерді, өз санасының өзгеруін қажет ету мотиві мен есірткіге патологиялық елігу мен абстинентті синдромның салдарымен байланысты патологиялық мотивтерін бөліп көрсетті.
2014

Мақалада өзіндік бағалау – тұлғаның өзін-өзі басқа адамдар ортасындағы орнын, қасиеттерін, өз мүмкіндіктерін бағалауы зерттелген. Яғни, өзіндік бағалау – қоршаған ортаның өзгермелі шарттарына тәуелсіз өзіндік ерекшелігіңді саналау. Өзін-өзі саналау белгілі бір даму этаптарында өзіндік бағалауға айналады. Өзін-өзі саналау уақытқа сәйкес өзіңнің даралығыңды сезінумен байланысты, кез келген психикасы сау адам өткенін есіне сақтайды, қазіргі кезеңді басынан өткереді, болашаққа үмітпен қарайды. Өзіндік бағалау адамның өз жүріс-тұрысын және іс-әрекетін реттеуге тікелей қатысы бар, тұл- ғаның белсенді дамуында қалыптасатын және оның ішкі әлемінде өзіндік көрініс табатын орталық компонент, тұлға сипаты, маңызды тұлғалық білім. Тұлғаның жас ерекшелік даму деңгейінің белгілі бір кезеңінен бастап өзіндік бағалау үлкен  маңызға ие бола бастайды.Тақырыпқа байланысты жоғарыда айтылған мәселелер бойынша біз зерттеудің келесі кезеңінде алдымызға төмендегідей мақсат қойдық. Оқушылардың өзіндік бағалауына мұғаліммен қарым-қатынасының әсерін теориялық және эксперименттік зерттеу.Зерттеуімізге мынандй әдістемелер алынды; A- С. А. Буддасидің тұлғаның өзіндік бағалауы әдістемесі; B - Дембо-Рубинштейн әдістемесі; F- О.И. Мотковтың тұлғаның өзіндік бағалауы әдістемесі; G-Жас- тардың достарымен қарым-қатынасын бағалау анкетасы алынды.
2015
Жастардың өзіндік бағалауын теориялық және эмпирикалық зерттеу

Бұл мақалада дарындылық құбылысын зерттеу мен анықтаудың әртүрлі жолдары мен М. Мақатаевтың өмірі шығармашылығы мысал ретінде қарастырылған. Біздің зерттеуіміздің міндеттері дарынды мен дарындылық феноменіне мазмұндық талдау жүргізу, дарындылық белгілерін айқындау, олардың қалыптасуы мен дамуы фак­торларын көрсету, дарынды тұлғаның жеке қасиеттерін анықтаудан тұрады. Жоғарыдағы міндеттерді шешу үшін  біз  белгілі  ақын тұлға М. Мақатаевтың оның шығармашылығы мен өмір жолына тарихи­ психологиялық зерттеу жасауға тырысамыз. Дарындылық – шығармашылық күш­қуат көрінісінің жоғары дәрежесі, интеллектуалдылық пен шығармашылық қызметтің аса жоғары көрінісі. Олар адамзат өміріндегі дәуірді жасайтын жаңа ерекше жасампаздықты сапалы атқаруға жағдай жасайды, әлемді тұтастай және идеяларды қабыл­ дауда түбегейлі өзгеріске алып келеді. М. Мақатаев өз шығармашылығында сол дәуірдің рухы мен мақсат­ниетін жырлаған өз дәуірінің ұлы болды. М. Мақатаев үлгісінде дарындылықты анықтаудағы негіз­ гі өлшем руханилық екені дәлелденді.
2015
Пcихологиядағы дарындылық мәселесі мен М. Мақатаевтың дарынды тұлғасы

Мақала заң психологиясының құқық саласындағы жеке бір ғылым ретінде қалыптасуына себеп болған тарихи аспектілерді қамтиды. Құқық саласының ажырамас бір бөлігі болып танылатын заң психологиясының пәніне қатысты туындаған сұрақтарды жекелеген психологтар, заңгерлер және өзге ғылым саласындағы ғалымдар шешуге тырысқан. Заң психологиясының алғашқы даму кезеңдері құқық ғылымы аясында туындаған сұрақтарды шешу үшін психологияға жүгінуге қажеттіліктің туындауымен байланысты. Мақалада заң психологиясының даму тарихы кеңінен зерттеліп, осы ғылым саласы бойынша жарық көрген ірі еңбектердің атаулары көрініс тапқан. Сонымен қатар, заң психологиясының ажырамас бөлігі саналатын сот психологиясы мен психиатриясының пайда болу негіздері жайлы да айтылған.
2014

Қазіргі таңдағы тіл білімінің өзекті мəселелерінің бірі тілдік жүйе құрылымының механизмдерін түпкілікті, əрі жан-жақты түрде зерттеу болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, бүгінгі күндегі біздің зерттеуіміздің мақсаты — «мазасыздық» психикалық жай-күйіне қатысты лексиканың мағыналық жəне құрылымдық жақтарын қарастыру. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде мазасыздыққа мынандай анықтама беріледі: «Мазасыздық — əбігершілік, тынышсыздық» [1]. Мысалы: Шынында да, өзінде бір мазасыздықтың сарыны, ертеңге деген асығыстық бар-ау (О.Бөк. Қайд., қасқа құл., 167-б.). Ал Орыс тілінің түсіндірме сөздігінде былай делінген: «Беспокойство, -а. 1. Нарушение покоя (Причинять б., простите за б.); 2. Тревожное состояние (С беспокойством ждать, испытывать б.)» [2].
2009

Дыбыстық тіл адамның іс-əрекеті ретінде өзінің құрылымы, сыртқы тұлғасы арқылы ғана қарастырылмайды, ол — қашан да адамның көңіл-күйімен, қалпымен қатар жүріп отыратын əр алуан сезімдерге толы құбылыс. Сол себепті де тіліміздегі адамның психикалық жай-күйін білдіретін сөздер мен сөз тіркестерінің табиғаты күрделі, олар үнемі біркелі болып келмей, көбіне екіұштылыққа бейім тұрады. Қазақ тілі фразеологизмдерің табиғатын түпкілікті зерттеп, қарастырып жүрген ғалымдар қатарына І.К.Кеңесбаев, Ə.Болғанбаев, Ғ.Қалиев, Н.Уəлиев, Г.Смағұлова, Р.А.Авакова, тағы басқалардың еңбектері жатады.
2009

Əдебиет–шығармашылық–өнер, онда көркемдік сипат басым болады. Ал, көркемдік өз кезегінде сөз өнерінің сапасын айқындайтын күрделі жиынтық. Туынды көркем шығармаға жатады. Ол — тұтастық, тілдік құрылым, жазушы мен оқырман арасындағы қатынас формасын орнықтыратын дербес шығармашылықтың нəтижесі. Осы тұрғыдан келгенде шағын прозалық  шығармалардың құрылымы тұтас болады. Яғни, кейіпкерлердің орналасуы, оқиғалардың реті, пейзаждық, портреттік жəне басқа тəсілдердің кезектесіп келуі үйлесімділігін сақтайды.
2009

Рымғали Нұрғалише айтқанда, бір романмен əдебиетке олжа салған қаламгер Ақан Нұрмановтың «Құланның ажалы» романына белгілі бір тарихи кезең шындығы арқау болған. Романның негізгі оқиға желісі 1916 жылы Торғай даласында болған ұлт-азаттық көтерілісіне қатысып, одан əрі тағдырдың бұралаң жолына түскен Құлан атты кейіпкер төңірегінде өрбиді. Алдында айқын мақсаты жоқ, тұйыққа тірелген шарасыз тағдыр иесі арқылы тұтастай қоғам шындығы, ұлт тағдыры көрінеді. Роман авторы тартысты оқиғаларды емес, кейіпкердің ішкі əлемін, жан күйзелісін беруді мақсат тұтқан «Əлеуметтік-психологиялық сипаты басым» (Б.Майтанов) шығармада сан алуан əлеуметтік топтың, əр түрлі мінез-құлықтың бірен-саран өкілін өзіндік іс- əрекетімен даралап көрсете отырып, автор заман шындығын нақты адамдар тағдыры арқылы баяндап береді. Басты кейіпкер Құлан бейнесімен қоса Ефим Кутский, Шарбақбай, Майлық, Көктөбет, Апанас пен Рүстембай бейнелері де түрлі оқиғалар желісі арқылы көрініс беріп, əлсін-əлсін жазушы тарапынан айналып соғып отыратын əрі басты қаһарман бейнесін ашуға қажетті бейне ретінде алынған.
2009

«Драматургия — қазақ əдебиетінде ХХ ғасырдың басында əлеуметтік-қоғамдық факторлардың ықпалымен, ұлттық өнердің тарихи дамуының заңды жемісі ретінде туған жаңа жанрлық түр» [1]. Драматургияның тез өсіп, жедел жетілуіне əсер еткен негізгі дəстүрдің бірі — халықтың сан ғасырлар бойы жинақталған, сұрыпталған, екшелген ғаламат бай фольклоры. Ал драмалық шығармаларда кейіпкер өзінің айтатын сөздері арқылы, сонымен бірге сахнадағы қимыл-əрекеті, жүріс-тұрысы, сонда байқалатын жай-күйі арқылы бейнеленеді. Кейіпкердің жеке қалып айтатын сөзі, бір-бірімен өзара сөйлесуі — бұлар олардың характерін, басқа адамдарға, өмірдегі түрлі жағдайларға қатынасын, қоғамдық мəселелерге көзқарасын сипаттаудың басты тəсілі. Автордың уақиғаға барысын, кейіпкерлердің іс-əрекетін, мінез-құлқын, жай-күйін тікелей өз атынан суреттеп, баяндап беруі жоқтың қасы.
2010

Қазіргі тіл білімінде негізгі ұстанымдардың (принциптердің) бірі антропоцентризм екені мəлім. Қазіргі заман лингвистикасында негізгі назар тек тілге ғана емес, оны жасаушы жəне дамытушы адамға аударылып, тілдік тұлғаның қасиеттерін зерттеу антропоцентризм бағытында жүргізіледі. Өйткені адам тіл арқылы тек баяндап, хабарлап қана қоймайды, объективті шындыққа көзқарасын, сезімін, т.б. тіл арқылы жеткізе алады, яғни тіл адамның көңіл-күйін, психикалық толғанысын, сезімін білдіретін негізгі құрал болып саналады. Осы ретте ұлттық танымға негізделген адамның психикалық жай-күйлерін тіліміздегі қызметін, мағынасының берілу жолдарын анықтау, олардың (психикалық жай-күйлердің) тілдік бірліктер жəне тілдік емес амалдар арқылы берілуін зерттеу лингвистикалық зерттеулердің нысаны жəне пəні болып келді.
2011

Адамды антропологиялық-лингвистикалық концепт тұрғысынан қарастырғанда, ол — тілдің орталық тұлғасы. Э.Бенвенистше айтар болсақ, «человек в языке» деген ұғыммен синонимдес [1]. Бұл бағыттың негізін қалаушылар қатарына В.Гумбольдт, Э.Бенвенист, В.В.Виноградов, Ю.С.Степанов, Г.А.Золотова жəне тағы басқалар жатады. Сол себептен тілдегі өмір сүретін жəне функционалдық- мағыналық тұрғыдан аясы қарама-қарсы екі ұғымды, атап айтқанда, адам іс-əрекеті мен оның жай- күйін анықтап алған дұрыс.
2011