Экология

Баяндамада экологиялық зиян ұғымының теориялық мəселелері қарастырылады. Сонымен бірге экологиялық қауіп түсінігі зерттеле отыра Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасындағы мəселелер талқыланады.
2013

Бұл мақалада авторлар жер қойнауын пайдалану құқығын берудегі ҚР қоғамдық экологиялық сараптаманың рөлі мен оны жүзеге асыру мəселелері жəне шешу жолдарын ұсынады. Жер қойнауын пайдаланудағы қоғамдық экологиялық сараптаманың орны жəне жүзеге асыру тетігімен, оның құқықтық реттелуі мəселесі қарастырылған.
2013

Баяндамада жердің қолайлы пайдалану және жер қойнауына қатынасты экологиялық қорғау талаптары қарастырылады. Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша бекітілген экологиялық талаптар талданады.
2013

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы экологиялық бақылаудың қағидаларын жалпы және арнайы, ал арнайы қағидалардың өзін ішінара бақылау жүйесін ұйымдастыру қағидалары және бақылау органдардың қызметінің қағидаларына жіктеуге болады. Мақалада автор мемлекеттік экологиялық бақылаудың қағидаларын анықтап, олардың түсінігі мен мазмұнын аша отырып, олардың жіктемесін береді.
2014

Бұл мақалада қолданыстағы заңнамаларға сәйкес Қазақстан Республикасында экологиялық ақпаратқа азаматтардың қолжетімділік құқығын қамтамасыз етудің кейбір мәселелері қарастырылған. Автор жаһандану заманында халықтың экологиялық мәселелер туралы хабардар болуының экология саласындағы міндеттерді шешу үшін маңыздылығын атап көрсетеді. Экологиялық ақпаратқа жол жетімділікті қамтамасыз етуге байланысты конвенция мен отандық заңнамалардың кейбір нормаларына талдау жасаланады. Әрі қарай аталған нормалардың тәжірибеде жүзеге асырылу мәселелеріне тоқталып өтіледі. Сонымен қатар, автор мақаланың соңында қалыптасқан жағдайға байланысты өзінің ойымен бөліседі.
2014

Бұл ғылыми мақалада авторлар экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстардың объектісі мен затын теориялық тұрғыда қарастырып, саралау мәселелерін қарастырған. Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстардың затын жіктеудің авторлық көзқарасы берілген. Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстардың объектісін толық жіктеп, оның топтық объектісі – экологиялық қауіпсіздік берілген. Сонымен қатар, экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстардың объектісі бойынша дұрыс саралаудың кемшіліктері көрсетіліп, қылмыстық заңды жетілдіру жолдары берілген.
2014

Баяндамада Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысу басымдықтары қарастырылады. Автор баяндамада табиғатты пайдалану саласындағы халықаралық міндеттемелерді адал орындау қағидасын қарастырған. Сонымен қатар, төтенше экологиялық жағдайлар болғанда халықаралық көмек көрсету және өңірлік экологиялық мәселелерді шешу жолдарын талқылайды. Автор халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаларын қолдану және орнықты даму саласындағы халықаралық бастамаларға қатысу басымдықтарын  зерттейді.
2014

Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстық құқық бұзушылықтардың объективтік жақтарын доктри­ налды талдау жасау їшін оның міндетті және факультативтік белгілерін нақты қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарай ашудан бастау керек. 
2015

Қазіргі таңда қоғамды, экономиканы экологияландыру қарқынды түрде жүзеге асырылып жатыр. Қоғамды экологияландыру деп – адамның табиғатпен үйлесімділігіне қол жеткізуге бағытталған қоғам көзқарасының жүйесін қалыптастыру процесі, ал экономиканы экологияландыру өндірістің табиғатты қажетсінуін төмендету және зат пен энергия алмасу биосфералық процестеріне экономиканың әсер етуін азайту арқылы тұрақты экологиялық қауіпсіз табиғат пайдалануды және ресурстық экологиялық  тепе-теңдікті  қамтамасыз ету, құқықты экологияландыру қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудегі экожүйе қағидатын ескеру болып табылады  және  заңнамасын  жетілдіру,  жүйеге  келтіру  жолымен жүзеге асырылады. Қоғамдық қатынастардың жалпы демократиялық негіздері Конституцияда жазылған, оған: заң, бостандық, жауапкершілік бірлігі, қоғамдық пікірді ескеру, азшылықтың өзіндік көзқарасқа  құқығы,  жариялылық  болып табылады.
2015

Бүгінгі күнде Алматы дүниежүзіндегі 25 ластанған қаланың тізіміне еніп отыр. Қаламыздың Қазақстандағы ең лас қала аталуының басты өзекті көзі – автокөліктер, қалалық жол полициясының деректері бойынша, дәл қазір 540 мыңнан астам көлік құралдары тіркелген. Бұлардың қатары жылына 40 мыңға дейін көбейеді. Сондай-ақ қалаға орта есеппен күнделікті 200 мыңның шамасында автомобильдер келіп кетіп жатады. Ластағыш заттардың зиянды әсер ету сипаты алуан түрлі: Олар түрлі металдардың коррозиясын үдетіп, өсімдіктер үшін улы болып келеді, сонымен қатар ыс туындауының бір себебі болады, жаппай өкпе және басқа да ауруларға ұшыратады.
2015

Бөкей Ордасында Жəңгір хан мемлекеттік деңгейде патшалық Ресейдің көмегімен шетелдік маман-ғалымдарды шақырып, ең өзекті экологиялық мəселелерді шешкен. Себебі Бөкей Ордасында Нарынқұм одан əрі жайлап, бүкіл Бөкей хандығының территориясы құмға айналып, табиғат жағдайы күннен күнге нашарлай берді. Бұл туындаған экологиялық мəселелер қазақ халқының көптеп мал өсіруіне жəне шабындықтар мен жайылымдардың өрісі тарылып, Ордада мал өсіруге, егін салуға, бау-бақшаға жер құнарсыз болды. Оған қоса Ордадағы Нарынқұм басқан жерлерде су жəне су көздері тапшы болып, халықты сумен қамтамасыз ету өте қиындық тудырып, ауыз су ішу көкейкесті мəселеге айналды. Бөкей Ордасында құм басқан территория кеңейіп, патшалық Ресейдің шекаралас губерниялар жерлерін құм басып, тарала бастады. Əсіресе ол Бөкей хандығымен шекаралас Астрахань, Саратов т.б. губерния жерлерін толық құм басу қауіпі тұрған болатын. Осы Бөкей Ордасындағы экологиялық мəселелерді жəне патшалық Ресейге экологиялық қауіп бар екенін патша өкіметіне Жəңгір хан дұрыс түсіндіре білген. Осы мəселеге байланысты Ресей жəне шетел ғалымдарын шақыртқан. Патшалық Ресей Жəңгір ханның бұл идеясын қолдап, экологиялық мəселелерді шешудің жолдарын жəне бағыттары бойынша кеңестер беріп, оған қоса əр түрлі техникалық жабдықтармен қамтамасыз еткен.
2009

Экологиялық білім беру — көп сатылы үрдіс, ол кешенді тұрғыдан қарастыруды қажет етеді. Біріншіден, адамның, қоғамның табиғатқа əсер ету ортасындағы білімнің ғылыми жүйесін қалыптастыру. Екіншіден, жеке тұлғаның адамгершілік дүниетанымын тəрбиелеу. Үшіншіден, сарамандық іс-əрекетте экологиялық білім жүзеге асуына ықпал ететін ерекшелік факторын қалыптастыру. Сондықтан экологиялық білім мазмұнына орай органикалық химия курсына қатысты қамтылатын негізгі ұғымдар мөлшерін анықтауға тура келеді [1].
2010
Органикалық химия курсында экологиялық білімдi калыптастыру жолдары