Шетел тілі

Қазіргі технологиялар ерекше дамыған заманның өзінде білім сапасын қамтамасыз етудегі мұғалім рөлін ешнəрсемен ауыстыруға болмайтындығын халықаралық тəжірибелер көрсетіп отыр. Демек, мұғалімнің біліктілігі бұл еліміздің бүкіл білім беру жүйесін алға бастырып, оны заман талабына сай етіп құрудың негізгі алғышарты, басты кепілдігі болып табылады. Білімді ұрпақты, бəсекеге қабілетті мамандарды білімді мұғалімдер, жан-жақты кемел ұстаздар ғана тəрбиелеп шығара алады. Білімді педагог кадрларды əзірлеу жəне қалыптастыру мəселелері біздің бүгінгі қоғамымыздың ең көкейкесті мұраттарының бірі болып отыр.
2011

Қазақстан — бүгінгі таңда өз алдына дербес мемлекет. Егемен ел ретінде шет елдермен қарым- қатынасы нығайып, беделі артып келеді. Бұл шетел тілін оқытуды, жақсартуды талап етеді. Ал оқытуды жақсарту дегеніміз — оқушылардың пəнге деген қызығушылығын ояту. Бұл мақаланың мақсаттары: тіл үйретуде ойындардың маңызы, тіл мамандарының ойын қолданысы туралы ой- пікірлерін салыстыру, мысалдар арқылы ойындардың тиімділігін анықтау. Қазіргі кездегі мектептердің басты мақсаты балаларға заманға сай білім беруді ұйымдастыру жəне жүзеге асыру болып табылады. Яғни мұғалім оқушыға білім беру барысында оның кəсіби мəдениеті мəселені көру жəне оны шешу жолдарын таба білу, алдына қойған міндеттерді шығармашылықпен орындау қабілеттерін дамыту керек. Ол үшін білім беру процесі барысында ұстаздар қазіргі заманға сай педогогикалық технологиялар əдістер жəне оқу-əдістемелік кешендерді қолдана білу қажет. Əсіресе тілді үйрету барысында мұғалім оқыту процесін жетілдіру жəне дамыту мақсатында өзінің педагогикалық шеберлігін сабақ барысында қолданатын əдіс-тəсілдер, оқу- əдістемелік құралдар мен тағы да басқа білім беру процесінің элементтерін дамытып, балалардың шет тілін үйрену, білу деңгейін көтеруі тиіс.
2012

Ғасырлар шебінде ұсынылып отырған білім берудің сапасы қоғамның шетел тілдерін игеруге деген сұранысын қанағаттандыра алмады. Осының салдарынан шетел тілдері даярлығының қажетті деңгейін қамтамасыз ету əрекеті ретінде шетел тілдерін оқытуда аласапыран пайда болды [1; 45]. Демек, келесі іс-шараларды жедел түрде қолға алу қажеттігі туындады.
2012

Білім беру үдерісін бүгінгі күн талабына сай жаңаша ұйымдастыру ғалымдардан оның педагогикалық-психологиялық негіздерін, теориясы мен тəжірибесін терең зерттеуді, заманауи талаптарына қарай білім беру технологиялары мен əдістерін, дүниетанымның ұстанымдарын қайта қарастыруды, рухани-адамгершілік құндылықтарға бетбұрыс жасауды талап етеді. Демек, жаңаша білім беру — жаңа білім мен дағдыны меңгерген, шығармашылық қабілеті жоғары, дербес ізденіс нəтижесінде елеулі мəселелердің шешіміне қол жеткізетін, ойлау қабілетімен ерекшеленетін тұлғаны қалыптастыруды көздейді.
2012

Кəсіби деңгейі жоғары шетел тілдерінің мұғалімдерін даярлауда жалпы білім беретін мектептерде оқу-тəрбие жұмысын нəтижелі іске асыру, жоғары оқу орындарында білім алып жатқан жас мамандардың білім, білік жəне дағды сапаларының дайындық дəрежесі қоғамдағы аса маңызды міндет болып табылады. Шетел тілдері мұғалімінің кəсіби іскерлігінің ерекшелігі мұғалімнен тек шетел тілдерін оқыту саласындағы білім, дағдылар мен біліктіліктер жүйесін меңгеруді ғана талап етіп қоймайды, сонымен қатар жеке тұлғалық қасиеттерді — ақыл-ой ұшқырлығын, жүйелі ойлауды, белсенділікті, динамикалық түрде өзгеріп тұратын өмір жəне кəсіби өмір жағдайларына бейімделе білуді, кəсіби міндеттерді шешуге шығармашылық тұрғыдан қарауды, өзін-өзі үздіксіз жетілдіруге дайын болуды талап етеді.
2012

Қазақстанның əлемдік қоғамдастыққа қарқынды енуі — инновациялық-индустриалдық экономика, қоғамның ақпаратануы, білім кеңістігінің сəйкестілігі жəне халықаралық стандарттың енгізілуі адамның санасын жəне мінез-құлқын түбірінен өзгертеді, адам баласы осылардың көмегі арқылы өзін қоршаған ортаны өзгертеді жəне өзі де өзгереді. Қоғам мен сананың қоғамдық қалпының əлеуметтік жəне тарихи қайта құрылуы жəне жалпы адамзаттық мəдени құндылықтарға бағыты, əлеуметтік-тарихи қажеттілік, ұлттың бəсекелестікке қабілеттілігі, мəдени уақыт талабы ретінде Президенттің «Үштұғырлы тіл» туралы мəдени жобасының өзектілігін көрсетті, жəне Қазақстан Республикасында қазақ — орыс — ағылшын: мемлекеттік тіл — ресми — əлемдік стратегиялық мақсаттылық болып табылады, үш тілдің артықшылығын бекітті [1].
2012

Мақалада осы уақытқа дейін бірыңғай көзқарасқа ие болмаған «құзырет» жəне «құзыреттілік» ұғымдары қазіргі заманғы əдістемелік ғылым тұрғысынан қарастырылды. Сонымен қатар зерттеу барысында олардың өзара байланысы, өзіндік ерекшеліктері мен айырмашылықтары айқындалып, сипатталды. Оқушы тұлғасына бағыттылығымен, оқытылатын тіл құралдары арқылы білім алушының өз бетімен даму қабілеттерінің жетілуімен сипатталатын құзыреттілік əдісін зерттеумен айналысқан отандық жəне шетелдік зерттеушілердің пікілеріне сараптама жасалған.
2015

Мақалада қытай тілінің Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми тілдерінің арасында алатын орны нақтыланып, мəдениетаралық білім беру саласында қытай тілінің мандарин диалектісіне оқытудың кейбір ерекшеліктері қарастырылған. Соның ішінде Қытайдың иероглифтік жазба тілінің фонетикалық транскрипция жүйесін (пиньинді) меңгерудің тиімді амал-тəсілдері көрсетілген. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды жəне қытай тілінің тондарын үйреткенде авторлардың ұсынған əдістемелік нұсқаулары назар аудартады. Айтылатын ойдың грамматикалық тұрғыдан дұрыс болуына, сөз қорын байытуға өзіндік үлес қосатын, лексика аясында қызмет ететін сандық сөздердің қытай мен қазақ тілдерінде салыстырмалы түрде қолданыс аясы тілге тиек етілген.
2015

Мақалада студенттердің интеллектуалды шығармашылық даму мəселесі, олардың өмірдің өзгермелі шарттарына бейімделуі жəне шетел тілі бойынша оқу үрдісінде жобалар əдісін қолдану арқылы сыни ойлау ептілігі қарастырылған. Жалпы алғандағы жобалық технологияның мəніне жəне жеке алғанда шетел тілдерін оқыту аясында оның қолданылуының ерекшеліктеріне жан-жақты талдау жасалған.
2013

Мақалада авторлар Ч.Фриз жəне Р.Ладоның аудиолингвалдық əдісінің даму тарихын қарастырды жəне оның қазіргі əдістемеде алатын орнына тоқталып өтті. Сонымен қатар аудиолингвалдық əдісінде қолданылатын оқыту мазмұны, əдістемелік қағидалары мен тəсілдері талданған. Оқытудың негізгі мақсаты ретінде Ч.Фриз жəне Р.Ладо шетел тілін жан-жақты меңгеруді атап көрсетеді, яғни ауызша жəне жазбаша тілдесудің барлық түрлерін меңгеруді.
2014

Мақалада заманауи шетел тілі мұғaлiм aлдындa тұpғaн бacты мiндеттеpдiң caпaлы бiлiм беpyде қoлдaнyда жaңa aқпapaттық құpaлдapды жетiк игеpiп, oлapды бiлiм aлyшылapдың пəнге деген қызығyшылығын apттыpy, бiлiм мaзмұнын бaйытy, oқy үдеpiciн жалпы жетiлдipy болып табылады. Лингвистикалық корпус аталмыш технологиялар қатарына жататыны сөзсіз. Корпустық лингвистиканың даму тарихы, түрлері жəне қолдану аясы сөз етілген. Автор корпустық лингвистиканың негізгі түсінігін, оның бейнелейтін аясына қарай, корпустағы сақталатын ақпарат бірлігі тұрғысынан ажыратуға болады. Сонымен қатар автордың лингвистикалық корпус негізінде əзірленген жаттығулардың тиімділігі эксперимент жүзінде дəлелденген.
2015

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.