Мақаланың мақсаты – «Кәсіби оқыту» мамандығы бойынша студенттерді дайындауды талдау,«Кәсіби бағдар теориясы және әдістемесі» оқу пәнін ендірудегі кәсіби бағдар беру тәжірибелерін жинақтау, сонымен қатар сұрақтарды оқып үйренуде электронды сөздіктерді қолдану.Ғылыми мақала кіріспе (introduction), негізгі бөлім(main body) және қорытындыдан (conclusions) тұрады. Мақалада «Кәсіби оқыту» мамандығының кәсіби ісәрекеттік нысандары және түрлері, ба калаврлар міндеттерінің кәсіби ісәрекет түрлерімен сәйкестігі, аталған мамандық бойынша оқу нәтижелері анықталады.Кәсіби бағдар жұмыстарын ұйымдастырудың теориялық аспектілері қарастырылады. Осы тұ ғырлар негізінде Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Кәсіби оқыту» мамандығын да оқытылатын «Кәсіби бағдар берудің теориясы және әдістемесі» оқу пәнінің мақсаты мен мін деттері анықталады. Сонымен қатар мақалада аталған пәнді жүргізуде қолданылатын ақпараттық технологиялар да қарастырылады. Атап айтқанда, авторлардың дайындауымен екі нұсқада: біріншісі, кәсіби бағдар беру бойынша екі тілде сөздіктердің басылып шығуы, екіншісі, студенттердің құ зыреттіліктерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін дыбыстық электронды сөздіктің жасалуы туралы айтылады. Сол сияқты оқу үдерісінде басқа пәндерді оқытуда электронды сөздіктерді пайдалану мүмкіндіктері анықталып, аталған сөздікті жасаудың бағдарламасы ұсынылады.
Г.Е. Самашова, С.Ғ. Құрымбаев, А.М. Әшімбекова
2014