Таным

 Мақалада Рамазан Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» романындағы тартыс пен характерді ашу үшін, ең алдымен, Абай өмір сүрген заман жан-жақты қарастырылды. Р.Тоқтаровтың шығармашылық жолы, əр жылдары жарық көрген романдарының тақырыптық, көркемдік сипаты туралы қысқаша айтылады. Ең бастысы — осынау романдар шоғырында «Абайдың жұмбағы» шығармасының алар орнына ерекше екпін түсірілді. «Абайдың жұмбағы» романының құрылымы мен кейіпкерлер жүйесі, мінез бен тартыс т.б. пайымдала келіп, авторлық ұстаным, негізгі идеяның жүзеге асуы, Абай феноменінің даналыққа ұласып, жалпақ жұрт үшін жұмбаққа айналуы, басқа да мəселелер авторлық көркемдік тəсілдер аясында қарастырылды.
2015
Тег: Таным

Математика сабағында компьютер мен оқыту құралдарын кешендік пайдалану деп оқу бағдарламасының қандай да бір тақырыбын оқытуға арналған қажетті жəне жеткілікті құралдар жинағын түсінеміз. Кешендік оқыту құралдарын арнайы бір құрылыммен, яғни оқу үрдісінде қажетіне қарай, дидактикалық мүмкіндігіне орай, оларды бір-бірімен сабақтастыра отырып, өзара байланысты біртіндеп тізбектей қолдану өте қажет. Оқыту құралдарын қолдану үшін оларды таңдаған кезде ең алдымен ескеретін жайт, олардың дидактикалық мүмкіндігі, сабақ тапсырмалары мен нақты шарттарын ескеру керек. Əрбір кешендік оқыту құралдарын пайдаланар уақытта бірін-бірі толықтырып отыруы тиіс.
2010

Мақалада жоғары оқу орнында басқару принциптері, қызметтері жəне де басқару проблемасына пəнаралық сипат тəн екендігін ескере отырып, əлеуметтік жүйелерді басқару теориясы мен педагогикалық менеджменттегі ұғымдық аппараттың талдауларының негізінде, болашақ мамандардың танымдық əрекеттерін басқарудың педагогикалық шарттары анықталған, сонымен қатар студенттердің танымдық іс-əрекеттерін басқару дайындығындағы шеберлік деңгейдің жоғарлығы, арнайы нормаларға сəйкестігі, психологиялық жəне ұйымдастырушылық процестердің шын мəнінде жүзеге асырылуы екендігі негізделген.
2015
Тег: Таным