Кәсіби оқыту

Революцияға дейінгі кезеңде жасөспірімдерді еңбекке даярлау негізінен халықтық педагогикалық жəне отбасылық тəрбие арқылы жүргізілді. Тіпті ең төменгі біліктілікті жұмысшылар даярлайтын техникалық жəне қолөнер училищелерінде кəсіби дайындығы арнайы білімі  жоқ, тіпті жоғары білімі жоқ тəжірибеші- шеберлер арқылы жүргізілді.
2010

Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Əлемнің жетекші елдерінің көпшілігінің білім беру жүйесі білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нəтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің бүгінгі таңдағы негізгі мақсаты - білім алып, білік пен дағдыға қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, əлеуметтік жəне кəсіби біліктілікті ұтымды пайдалану болып табылады.
2010

Қоғам сұранысына сəйкес болашақ маман құзырлығына қойылатын талаптар жоғары білім жүйесіне көпдеңгейлі білім беру мен кредиттік оқыту технологиясын енгізуге жол ашты. Кредиттік оқыту жүйесінде студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастыруды белсендіру жəне оған жаңаша көзқарастың қажеттігі кредиттік технологияның ережелеріне сəйкес оны жоспарлауға, ұйымдастыруға, əдістемелік қамтамасыз етуге жəне бақылауға байланысты болды.
2010

Өркениетті қоғамның қазіргі даму кезеңі ақпараттандыру процесін сипаттайды. Бұл процестің қоғамдық өндіріс сферасындағы бастапқы әрекет түрінен тұратын негізгі ерекшелігі жинақтау, жинау, продукциялау, өңдеу, сақтау, беру және ақпараттарды қолдану болып табылады, олар ақпараттық және коммуникациялық технология құралдарының негізінде жүзеге асады.
2011

Жаңа технологиялар, жаңа материалдар, жаңа мүмкіндіктер – бұның барлығы адамның  кәсіпқорлығына, оның  біліміне және жұмыс істеу мүмкіндіктеріне, жағдайларға байланысты болады. Бұл факторлардың барлығы адамның  өзіне тікелей байланысты. Әрбір адам өмірінің белгілі бір уақытында болашақта кім болатыны туралы және ол үшін қандай әрекеттер жасау керектігі туралы ойлана бастайды. Біздің өміріміз, болашағымыз біздің таңдауымызға байланысты, алайда біздің қандай маман болуымыздан басқа адамдардың да өмірі өзгерістерге ұшырауы мүмкін екенін ескеруіміз керек
2011

 Ұсынылып отырған мақалада автор ҚР білім беру саласындағы реформаның ерекше қырларын бөліп көрсетіп отыр. Яғни оқырмандардың назарын осындай мəселелерге байланысты оларды жүзеге асырудың жолдарына аударады. Алғашқы, басты мақсат – жоғары білімді, білікті мамандандыру, жаңа қалыптағы педагог (мұғалімдерді) қалыптастыру болып табылады. Автор білім беру жүйесінің сапасы мұғалімдердің білім деңгейіне тікелей байланысты болатынын баса айтады.
2012

Бұл мақалада авторлар құзыреттілік тұғыр негізінде əлеуметтік педагог даярлау мазмұнын жоба- лау технологиясын "Əлеуметтік педагогика жəне өзін-өзі тану" мамандығы студенттеріне арнап даярланған "Əлеуметтік педагог даярлау мазмұны: құзыреттілік тұғыр аспектісі" атты элективті курс мазмұнын толығымен ашу арқылы қарастырады. Негізгі құзыреттіліктер түріндегі күтілетін кейбір нəтижелерге тоқтала отырып, білім алушылардың өз бетінше талдауға, өз қызметіне мақсат қоюға, жоспарлауға, жинақтауға, қорытындылауға, салыстыра дəлелдеуге, сыни тұрғыдан шешім қабылдауға, қарым-қатынас диалогына қатысуға, баламалы өзін-өзі бағалауға, өзін-өзі реттеуге, өзін- өзі түсінуге, ақпаратты сұрақ қоя отырып жауап алуға, нені меңгергенін, нені меңгермегенін анықтауға жəне өз білімін өзгермелі жағдайда қолдана білуге үйретуіне көңіл аударылады. Əлеуметтік педагог даярлау мазмұнын жобалаудың белгілі мақсаты білім мазмұнын болашақ маманның кəсіби қызметіне қажетті мазмұнмен толықтыруда оның келесі құрамдас бөліктеріне мотивациялық, мазмұндық, технологиялық кезеңдеріне назар аударылады. Зерттеу барысында "Əлеуметтік педагогика жəне өзін-өзі тану" мамандығының студенттеріне құзыреттілік тұғыр негізінде білім беру мазмұнының əдістемесі құрастырылды. Бұл əдістеме "Əлеуметтік педагог даярлау мазмұны: құзыреттілік тұғыр аспектісі" атты арнайы курс негізінде даярланды.
2013

Бұл мақалада бейнелеу өнері пəнінде полимəдениетті білім берудің маңызы сипатталып, көріністері айқындалып, полимəдениетт іжастардың бойына сіңіріп, оқыту мен тəрбие беру мəселелері қарастырылады. Кез келген пəнді оқыту теорияға негізделеді. Бұл жайында Леонордо да Винчи былай деген: «Кімде-кім практикаға ғылымсыз құштар болса, ол теңізде жүзуге компассыз шыққан теңізшіге ұқсайды, өйткені олар қайда жүзіп бара жатқандығына ешқашан сенімді болмайды. Практика əрқашан да толыққанды теория негізіне құрылған болуы тиіс жəне онсыз ешнəрсе орынды жасалуыны мүмкін емес...» [1, 3 б.].Егемен еліміздің көркейіп дамуына ғылымның, білімнің жəне өнердің қосатын үлесі ерекше. Мемлекет қазір рухани байлығымызға, ертеңгі ұрпақ мəселесіне баса назар аударуда.  Бүгінгі мектепте отырған оқушыларымыз біздің еліміздің болашағы, мемлекетіміздің ертеңгі тізгінін алатын азаматтары деп қарауымыз керек. Мектепте басқа пəндермен қатар бейнелеу өнері сабағында оқытудың озық тəжірбиелерін қолдану, ұлттық құндылықтар жас ұрпақтың қызығушылықтарын қалыптастыру бүгінгі күнде көкейкесті мəселе.
2014

Қазақстан Республикасының қарқынды дамуы дамыған елдер қатарынан орын алуға кең мүмкіндік туғызып, жаһандық білім кеңістігінде еркін интеграциялануға жағдай туғызып келеді. Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Қазақстан – жалпы тарихи тағдыры ұштасқан 130-дан астам этникалық топтар өкілдерінің ұлт бірлігі топтасқан, серпінді даму үстіндегі ел. Бүгінгі күні біздің қоғамымызда қостілділік біртіндеп көптілділікке ауысып келеді. Бұл көптілділіктің негізгі басымдығы ана тіліне беріледі, өйткені қазақ  тілін мемлекеттік тіл ретінде меңгеру азаматтардың бірігуіне ықпал етсе, орыс тілі ғылыми-техникалық ақпарат көзі болып табылады, ал шетел тілі адамдардың өзін-өзі əлемдік қоғамдастыққа сəйкестендіру қабілеттерін дамыту үшін қажет. Ол, ең алдымен, еңбек рыногындағы мамандардың көптілді меңгеруі мен көпмəдениетті тұлға болып қалыптасуының нəтижесінде мүмкін болып отыр. Осы тұста мақала мазмұны бүгінгі күнгі білім беру жүйесіндегі оқу-тəрбие үрдісінің көптілді орта қалыптастыруға ықпал ету жағдайларын сипаттауды қамтиды. Бүгінгі бəсекелестік заманында мектептегі  оқушылардан  бастап жоғары оқу орнындағы болашақ мамандарға дейінгі, қала берді еңбек ұжымындағы мамандардың кəсіби шеберлігін шыңдауда көптілді меңгерудің маңыздылығы өзекті мəселе ретінде қарастырылады. Көптілділік негізінде көп мəдениетті тұлғаны қалыптастыру тəжірибелері мемлекеттік деңгейдегі іс шаралар нəтижесінде іске асырылып келетіндігі жəне Республикамыздағы тілдік оқыту жұмыстарының нəтижелері мен болашағы тұжырымдалады. Қорыта келгенде, көптілділіктің бүгінгі бəсекеге қабілетті маман даярлаудың маңызды көрсеткіштерінің бірі екендігі баса айтылады.
2014

Білім берудің негізгі жетістігі, ол білімгерлердің ойлау қабілетін дұрыс ұйымдастыра білу. Оқу көрнекілігі – оқу материалын меңгеру сипатына әсер ететін негізгі факторлардың бірі болып табылады. Оқытушының баяндауымен түсіндірілген сабақтан алынған білімге қарағанда, көрнекілікті пайдалана отырып, оқытылған сабақтар бі­ лімгерлердің білімін жоғарылататыны белгілі. Оқу үдерісінде көр­ некілікті пайдалану оқытушымен тығыз байланысты. Білімгерлер мұғалімнің айтқан оқу материалдарын, алған білімдерін өздері эксперименттер арқылы, құбылыстар мен үдерістерді нақтылап, көре ала­ ды. Көрнекілік құралдар студенттердің оқуға деген қызығушылығын арттырады. Мақалада саңырауқұлақтар бөлімінен көрнекіліктерді пайдалану ерекшеліктері мен әдістері келтірілген. Қазіргі таңдағы саңырауқұлақтар бөліміндегі өзгерістерге шолу жасалған. Саңырауқұ­ лақтардың түрлерін (қаракүйе, ақұнтақ, қастауыш, зең саңырауқұлақтары, астықтың сызықты таты), көрнекілік ретінде пайдаланудың ерекшеліктері көрсетілген. Сонымен қатар, астықтарды зақымдайт­ ын (фузариоз және макроспориоз) ауруларының қоздырғыштарының биологиялық ерекшеліктерін зерттеу нәтижелері  берілген.
2015

Мақалада жоғары педагогикалық оқу орындарында білім ала­тын студенттерді жаратылыстану бағытындағы ғылымдарға  баулуда инновациялық техниканы пайдалану және ғылыми зерттеу нәтижелері берілген. Microvisible бағдарламасымен қамтамасыз етілген, бинокулярлы биологиялық MCX100 микроскопының құрылысы, жұмыс істеу әдістерін игере отырып, зертханалық сабақтарда пайдалану көрсетілген. Оңтүстік­Шығыс Қазақстанда өсетін Раушан­ гүлділер тұқымдасына жататын Аgrimonia asіatіca Juz. дәрілік өсім­ дігінің жапырағы және тамырсабағының анатомиялық құрылысына бинокулярлы биологиялық MCX100 микроскопы арқылы зерттеулер жүргізілді. Компьютерге қосылған арнайы Microvisible бағдарлама­ сымен Аgrimonia asіatіca Juz. дәрілік өсімдігінің жер үсті және жер асты бөлімдерінің көлденең кесінділері микросуреттерге түсіріліп, морфометрикалық өлшеулер жүргізілді. Алынған зерттеу нәтижелері болашақ мамандардың ғылыми білімін дамыту және әдістерді меңге­ру, білім сапасын арттыру мақсатында оқыту үдерісінде пайдалануға негізделген.
2015

Мақалада авторлар университеттік білім беру аспектісінде жоға­ ры мектеп оқытушыларын даярлауды қарастырады. Авторлар кәсіби білім берудің маңызды міндеті болашақ маманның тұлғасын жобалау деп атап көрсетеді. Сондай­ақ, бұл жеке және кәсіби сапалардың: кәсіби дербестік, кәсіби мобильділік, педагогикалық құзыреттілік, кәсібилік, жауапкершілік және т.б. бірлігін қамтамасыз етеді деген тұжырым жасайды. Қорыта келе, педагогикалық құзыреттілікті қа­ лыптастыруда оның жеке компоненттері маңызды болып табылады дейді.
2015

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.