Кәсіби оқыту

Білім беру туралы тұжырымдамада белгіленген артықшылықтарға сəйкес, мемлекеттің əлеуетін анықтайтын бəсекеге қабілетті, құзыретті мамандарды даярлау білім беру жүйесінің ерекше міндеті аталған [2]. Біз атап өткендей, даярлық деңгейі жоғары мамандар құқықтық даярланғандықты ғана иеленген емес, сонымен бірге сəйкес педагогикалық даярлықсыз жəне педагогикалық білім, дағдылар мен шеберліксіз мүмкін болмайтын тəрбие беру функцияларын орындайтын құқық қорғау органдары жүйесінде де қажет.
2011

Студенттердің өздік жұмыстары (СӨЖ) болашақ мамандарды дайындаудың жəне өз бетімен жұмыс істеуге үйретудің ең басты резерві болып саналады. Ол бүгінгі күні жоғары білім берудің өзгеріске түсуімен түсіндіріледі жəне кез келген саланың маманын, əсіресе педагогтың кейде өз əрекетінен алшақ жатқан əрекеттерді де меңгеруге итермелейді. Осыған байланысты жоғары оқу орындары түлегінің ақыл-ой еңбегін жоғары деңгейде меңгеруі талап етіледі, яғни аз уақыт пен аз шығын жұмсай отырып, қажетті ақпаратты тез арада игеру, фактіні, теория мен концепцияларды жүйелеу мен жіктеу, күрделі дау туғызатын жағдайды шеше білу, өз көзқарасын толық, анық түрде жеткізу, ғылыми даулы мəселеде шындықты айыра білу, өзінің жеке дамытқан білімі арқылы өндірістік жағдайларды шеше білу талап етіледі.
2011

Алдыңғы қатарлы дамыған мемлекет пен азаматтық қоғам құруға ұмтылыс жасалып отырған қазіргі кезде еліміз үшін оның теориялық негіздерін айқындап, нақты іс-қимыл стратегиясын жасау маңызды мəселе болып отыр. Кез келген əрекет ғылыми тұрғыда негізделіп, мақсатты, жоспарлы түрде іске асырылса ғана тиімді нəтиже беретіні анық. 2008 жылғы 1 шілдеде ел Президентінің № 626 Жарлығымен «Қазақстан Республикасында техникалық жəне кəсіптік білім беруді дамытудың 2008–2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бекітілді. Онда бағдарламаның «адам ресурстарын дамыту, жастарды жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндігін кеңейту, білім берудің үздіксіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттің, бизнестің, қызмет саласының ұмтылыс жобалары үшін бəсекеге қабілетті күрделі құзыреттерімен жəне іргелі білімдермен кадрларды даярлайтын техникалық жəне кəсіптік білім беру жүйесін құру жөнінде мемлекет өткізетін жұмыстың бір бөлігі болып табылатындығы» көрсетілген [1].
2011

Еліміз тəуелсіздігін алған жиырма жылда асқан асуымыз да, шыққан белестер мен биіктеріміз де, қол жеткізген табыстарымызда көңіл қуантарлық десек, қателеспейміз. Мұның баршамыз үшін маңызы зор. Қазіргі таңда білім беру мен тəрбиелеу ісіне байланысты қойылатын талаптар да арта түсуде. Бүгінгі таңда қоғамның жаңаруында 2030 бағытына сəйкес əрбір ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында ұлттық тəрбие шешуші фактор болуы заңдылық. Сондықтан қазіргі заманның педагогика ғылымында адамның ұлттық қасиетін қалыптастырудың ең тиімді мүмкіндіктерін, жолдарын зерттеу басты мəселе болып отыр.
2012

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.