Лексика


Ұқсату арқылы дүниеге келген тілтанымдық деректер адамның ішкі және сыртқы әрекеттерін байланыстыруға мүмкіндік беретіндіктен, оның заттар мен құбылыстарды салыстырар не болмаса бірбірімен үйлестірер қабілеттері, өзгешеліктері барша қоршаған әлем заңдылықтарын ұғынуға, жаңаны жадыда сақталған өзге құбылыстар арқылы жаңғырта зерделеуге септігін тигізері хақ
2011



Тілді үйрену əрдайым өзекті. Тіл коммуникацияның басты құралы болғандықтан, мəселені жан-жақты шешу табиғи тілдерді қолданумен ғана шектелмейді, жасанды тілдер арқылы да тілдік қарым-қатынас орнайды, себебі ол түрлі мақсатты көздейді
2019

Мақалада Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран» тарихи дилогиясының мол этномəдени ақпараттан тұратын прецеденттік мəтін ретіндегі ерекшелігі туралы сөз қозғалды.
2019

Диалектілік лексика ұлттық тілдің бір тармағы болғандықтан, оның басқа тармақтары сияқты көлемдік жағынан да, мағыналық жағынан да дамуға, азды-көпті өзгеруге тиіс, бұл – оның ұлттық әдеби тілмен қатар күнделікті қарым-қатынас құралы қызметінің нәтижесі
2016


Мақалада "шет тілін кәсіби бағытта оқыту", "шет тілі бойынша кәсіби біліктілік" ұғымдарының анықтамалары сонымен қатар болашақ мамандарға арналған шет тілін оқытудағы негізгі әдістерде қарастырылады.
2017

Мақалада қытай лексикасының ғаламтордағы қолданылу ерекше­ ліктері көрсетілген. Заманауи техниканың дамуына байланысты қытай тілінде жаңа сөздер қарқынды түрде көбейіп жатыр. Олар ағылшын тілінен еніп, қытай тіліне түрлі әдістермен аударылады. Атап айтсақ, аббревиациалау; сөздің соңғы бөлігінің буынға дейін қысқарту про­ цесінен туындаған лексикалық қысқарту; буындық қысқартулар (әр буынның инициальдарының қысқаруы) немесе әріптік қысқартулар; пиньин арқылы берілетін сөздердің қысқартулары; аралас қысқар­ тулар, ағылшын тілінің аббревиатурасы мен қытай тілдерінің иерог­ лифының тіркесінен тұратын қысқарту; фонетика мен лексикалық қысқартулар; иероглиф пен сандардың қосындысынан жасалған абб­ ревиатуралар. Тілдесудің жаңа формалары қытай қоғамы үшін көп­ теген мүмкіндіктермен қатар, кері әсерін де тигізуде. Осыған орай Қытай өкіметін тілдің тазалығын сақтау мәселесі алаңдатуда.
2016

Қазіргі таңда кез келген қарым-қатынасқа негізделген оқулық жасау магистранттың коммуникативтік қажеттілігін белгілеуден басталады. Егер олардың жиынтығы белгіленсе, оқытудың коммуникативтік, яғни қазіргі заманға сай, прогрессивті түрі қамтамасыз етіледі деп есептеледі. Қазақ тілін оқыту сапасын арттыруға бағытталған жұмыс түрлерін ұйымдастыру жолдарын іздестіру оларды мамандыққа байланысты мəтіндер арқылы жүзеге асыруға болатындығын дəлелдеді. Мамандыққа байланысты əдебиеттерден алынған мəтіндерді беру арқылы қазақ тілін оқуға магистрантты ынталандырып, оның тілді оқуға қызығушылығын арттыруға болады. Магистрант өз мамандығына байланысты мəтінді қызыға жəне ғылыми іздене отырып оқиды. Мамандығына байланысты мəтін арқылы магистранттың келешек мамандығы бойынша өте қажетті, пайдалы мағлұмат беріледі.
2009

 Сөйлем — белгілі бір мағыналық жəне интонациялық тұтастыққа ие, грамматикалық тəртіппен байланысқан сөздер тізбегі ретінде көрінетін адамдар тілінің кіші бөлшегі. Жалпы тіл білімінде, оның ішінде қазақ тіл білімінде сөйлемге түрлі көзқарастар білдіріліп келді. Сөйлемге байланысты түрлі анықтамаларды қарастыра келе, сөйлемге жаңаша көзқарасты аңғардық. Осы анықтамаларды тиянақтай келгенде, сөйлем сөз бен сөздің, сөйлем мен сөйлемнің, іс пен істің, ой мен ойдың қатынасын көрсетіп, белгілі бір ойды білдіреді десек, сөйлемді дұрыс түсінген болар едік.
2009

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.