Лексика

Қазіргі қазақ тілінің антропологиялық бағыттағы зерттеулерінде түр-түске ерекше көңіл бөлініп, тың зерттеулер жасалынып жатыр. Қоршаған ортадағы шындықты көп жағдайда түр-түс арқылы қабылдаймыз жəне де түр-түс атаулары əр халықтың мəдени коды болып табылады. Мақалада түр-түс атауларының шығуы жайлы сөз болады. Авторлар түркітанудағы, қазақ тіл біліміндегі ірі ғалымдардың түр-түске қатысты пікірлеріне өз ойларын қоса отырып, қазақ халқының идиоэтникалық танымында ерекше орын алатын «қоңыр» сөзінің шығу табиғаты жайлы өз тұжырымдарын ортаға салады.
2012

Мақалада көркемдегіш тəсілдердің біріне жататын қайталаулардың көркем шығармада атқаратын рөлін көрсеткен еңбектерге қысқаша шолу жасалды. Авторлар көркем туындыларда жиі қолданылатын қайталаулардың анафоралық жəне эпифоралық түрлеріне тоқталып, көркем мəтіннен жинастырылған нақты мысалдар арқылы олардың қызмет аясының маңызын дəйектеді. Зерттеу дереккөздері ретінде би-шешендердің сөздерінде кездесетін қайталаулар алынды.
2013

Мақалада қазақ тіліндегі этнолексиканың қалыптасу, даму тарихы қарастырылып, ғалымдардың пікірлеріне шолу жасалған. Этносты, этнос болмысын оның тілі арқылы танып-білудегі тілдің көрінісін нақты мысалдар негізінде айқындап берген. Этномəдени лексика тілдің лексика- семантикалық қорын байытатын тіліміздегі этнолингвистикалық арналардың негізі болып табылатындығы айтылған. Ж.Аймауытов, М.Əуезов, Ə.Нұрпейісов шығармаларынан алынған этноатаулар ұлттық бояу жасаудың құралы болатындығы нақты мысалдар арқылы көрсетілген
2013

Мақалада морфология саласында бұрыннан сөз болып келген еліктеуіш сөз табының жасалу жолдары сөзжасамдық жүйе тұрғысынан қарастырылды. Морфологияда еліктеуіш сөз табының жасалу жолдары грамматикалық мағына, форма тұрғысынан қарастырылып келсе, сөзжасамдық жүйеде бұл сөз табының мағына түрлері арқылы жасалатынына назар аударылды. Осы сөзжасамдық, мағына түрлері нəтижесінде сөздердің де лексикалық мағынасы да да ауысатыны, түрленетіні деген секілді мəселе де нақты мысалдармен дəлелденіп көрсетілді.
2013

Мақалада метафораның зерттелу тарихына қысқаша шолу жасалды. Автор метафораның жасалу жолдарын, жіктелуін қарастырған қазақ жəне орыс тіл біліміндегі еңбектерге жан-жақты тоқталды. Тіл білімінде жəне əдебиеттануда метафораға берілген анықтамалар келтірілді. Метафора тілдегі қолдану сипатына қарай: тілдік метафора, тұрақты метафора, жеке қолданыстағы метафора деген түрлерге бөлінетіндігі анықталды. Зерттеушілердің еңбектерінде метафораның бірнеше қызмет атқаратындығы айқындалды
2014

Мақалада жаңа қолданыстар мен терминдердің бұқаралық ақпарат құралдарында (БАҚ), оның ішінде баспасөз беттерінде қолданылу ерекшеліктері қарастырылды. Бұқаралық ақпарат құралдарында жиі қолданылатын терминдер мен кірме сөздер, жаңа қолданыстар талданды. Терминдердің қалыптасып, нормалануы, бір жүйеге түсіп, қалыптануы (кодификация) тұрақты қолданылып, дамуына БАҚ-тың тигізетін əсер-ықпалы нақты тілдік деректермен дəлелденген. Авторлар БАҚ-тың қазақ тілінің терминологиясын қалыптастырып, дамытудағы орны, терминдерді нормаландырып, тұрақтандырудағы қызметі ерекше, ал мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейтуде ұлттық терминологияны реттеудiң, жүйелеу мен дамытудың маңызы зор деген қорытынды жасады.
2015

Мақалада қазақ тіліндегі этномəдени лексиканың батырлар жырындағы қолданысы қарастырылған. Тіл этностың бүкіл рухани, мəдени байлығының негізгі көрсеткіші болып табылатындығы жəне ұлт тіліндегі этномəдени лексика ұрпақтан ұрпаққа жетіп отыратын мəдени мұра болып саналатындығы сөз етілген. Этнолексикалық қолданыстардың мəтін ішіндегі көрінісі негізінде ұлт тіліндегі қызметі айқын көрінетіндігі айтылған. Батырлар жырынан алынған этномəдени лексика ұлт тарихын айқындайтын ақпарат көзі болатындығы нақты мысалдар арқылы берілген. Этномəдени лексика ұлттық-тарихи колорит жасауда таптырмайтын тілдік құрал болатындығы айқындалған.
2015