Лингвистика

Мақалада юрислингвистиканы (заңнамалық лингвистиканы) лингвистикалық зерттеу барысында мəтіндерді редакциялау, аудару, сараптама жасау жəне кеңестер беру деген аспектілер іске асырылды, яғни құқықтық кеңістікте лингвистикалық баға берілетіні анықталған. Соттық-лингвистикалық сараптаманың құқықтық базасы көрсетілген. Лингвистикалық сараптаманың анықтамасы, мақсат- міндеттері жəне құрылымы, сонымен қатар азаматқа жала жабу, балағаттау, ар-намысы, қадір-қасиеті, абыройын қорлау, əлеуметтік, ұлттық, нəсілдік жəне діни өшпенділіктерді қоздыру, мемлекеттің конституциялық құрылысын жəне аумақтық тұтастығын бұзуға шақыру сияқты мазмұндағы мəтіндерге қорытынды беретін сарапшы-лингвистің құзыреті айқындалған. Сарапшы өз қорытындысында жауап беруге міндетті типтік сұрақтардың үлгілері берілген. Авторлар сот процесінде сөйлеудің даулы мəтіндеріне тек лингвистикалық сараптама ғана объективті баға бере алады деген қорытынды жасады.
2013

Мақалада этноменталды мəтіндердің лингвокоммуникативтік маңызын ғылыми тұрғыда зерттеу басты нысанға алынған. Олардың əр түрлі жағдаяттарға байланысты айтылуы, мазмұны ұқсас болғанмен, алуан формада көрініс табатын, психикалық өзгеріс тудырушы əсерлі сөйлеу үлгісі болуы айқындалады. Этноменталды мəтіндерде сөйлеушінің қызметі жай ғана ақпарат жеткізу емес, оның алдында тыңдаушының болашағына бағдар беретін мақсаттық прагматика міндеті тұратыны туралы жаңашыл тұжырымдар мен талдаулар жасалған.
2014

Коммуникацияны жүзеге асыруда тілдік емес амалдардың да қызметі зор. Олардың тілдік коммуникацияда қызметі сан алуан. Мақалада осындай паратілдік амалдардың көрінісі, түрлері, олардың қарым-қатынас үдерісіндегі қызметі қарастырылды. Паралингвистиканың ғылым ретінде қалыптасуы, паратілдік амалдарды зерттеуге қатысты алғашқы еңбектер сөз болады. Паратілдік амалдардың көрінісі автормен көркем шығарма мысалдары негізінде түсіндірілді.
2015

Мақалада қазақ тілін оқыту, оның этнолингвистикалық жəне əлеуметтік-лингвистикалық мəселелері қарастырылды. Мемлекеттік тілді оқытудың қазіргі кезеңдегі басты бағыттарының бірі ретінде этносаралық мəдениеттің қалыптасу жолдары айтылады. Қазақ тілін оқытуда оның кумулятивтік функциясын пайдалану жолдары сөз етіледі. Қазақ тілін оқытудың лингвомəдениеттаным жəне коммуникативтік технологиялары жəне оларды қолдану ерекшеліктері талданды. Қазақша еркін сөйлеу үшін қазақы коммуникативтік мінез қалыптастыру керек.
2016

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.