Қазақ прозасы

ХХ ғасыр лингвистикасында тілді қарым-қатынас пен таным құралы ретінде ғана емес, ұлттық мəдени код есебінде қарастыру қарқынды дамып келеді. Қазақ тіл білімінде соңғы жылдары когнитивтік лингвистика мəселелеріне ерекше көңіл бөлінуде. Р.Сыздық, Ə.Қайдар, Ж.Манкеева, Э.Оразалиева, Г.Смағұлова, Б.Момынова сияқты зерттеушілер бұл мəселені тіл білімінің əр түрлі салалары тұрғысынан алып қарастыруда. Когнитивтік лингвистикада концептуалдық кеңістікті ұйымдастырып, оны жіктеудің негізгі бастаушысы концепт болып саналады. Қоршаған ортаны сезіну, түсіну, ұғыну үдерістері таным формасының жоғарғы түйсігі деп қабылданады. Ойлау мен сананың нəтижесінде адамда дүние туралы əр түрлі ақпарат жинақталады. Бұл ақпараттар жиынтығы концепт жүйесін құрайды.
2009

Көп ғасырлық бай дəстүрі бар қазақ əдебиеті ұлттың рухани мəдениетінің үлкен бір құрамдас бөлігі ретінде үздіксіз жүйелі əрі көп кешенді зерттеуді қажет етеді. Əдебиет тарихының түрлі кезеңдерін теориялық тұрғыда бағымдау əлемдік көркем мəдениет дамуының жалпы жүйесінде диахрондық, синхрондық аспектілер тұрғысынан халықтың рухани ізденістерінің орны мен қызметін анықтауға, сол арқылы егеменді еліміздің жалпыазаматтық ғылыми-мəдени үрдіске батыл қадам жасауына мүмкіндік береді.
2012

1970–80 жылдардағы қазақ прозасында модернистік эстетиканың əбден орнығуы неомифологизммен тығыз байланысты. Қазақ əдебиетінде ескі аңыздары қайта жандандыра отырып көркем игеру, мифтік сюжеттерді көркем сюжетке айналдыру тарихы ХІХ ғасырдың басталады. ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде аңыздарды көркем құралдар арқылы игеру дəстүрін қалыптастырған М. Жұмабаев, С. Сейфуллин шығармашылықтарында поэмалық сюжет жасаудың үлгілері түрінде көрінді. Ұлттық прозада бұл орайдағы Ғ. Мүсіреповтің сəтті бастамалары («Ер Қаптағай», «Жеңілген Есрафил» тəрізді əңгімелері) мифологиялық ойлаудың, мифологиялық мəтіндерге, кейіпкерлерге иек артудың мысалдары ретінде көзге түседі.
2012

Мақалада миф, оның жазба əдебиетіндегі қолданысы зерттелді. Мифтің жаңа дəуір əдебиетіндегі көрінісі жайындағы шетелдік ғалымдардың көзқарастары талданды. Мифтің қазіргі қазақ əдебиетінің поэтикалық құрылымындағы рөлі көрсетілді. Автор Дүкенбай Досжановтың, Тахауи Ахтановтың, Асқар Алтайдың, Б.Сарыбайдың шығармаларындағы мифтік образдар мен мифтік сюжеттерге тоқталды. Қазақ прозасындағы мифологизмнің зерттелуіндегі жаңа міндеттер анықталды.
2012

Романтизмге қатысты мəселелер, оның жаратылысы, романтикалық жанрлардың даму барысындағы типологиясы, жекелей романтикалық шығармалардың поэтикалық жүйесін зерттеу қазіргі қазақ əдебиеттануында ерекше көзге түсіп отыр. ХХ ғасыр əдебиеттануында көркемдік əдіс ретінде «романтизм» деген толыққанды ұғым қалыптасты. Романтизм тарихи үрдіспен қалыптасқан, аса күрделі əдеби құбылыс бола отырып, тамыры терең типологиялық зерттеулермен тығыз байланысты, қазақ прозасында романтизм еуропалық контекст арқылы анықталуда, анығырақ айтатын болсақ, əлем əдебиетіндегі жаңашылдықты, дамуды, əр түрлі романтизм түрлерін, əдеби дамудың алдыңғы жəне кейінгі кезеңдеріндегі арақатынасын ескеретін тарихы үдерісте зерттеліп келеді.
2012

Мақалада Т.Əбдікұлының прозалық шығармалары зерттелді. Жазушының қаламгерлік шеберлігі өмірдің шынайы жағдаяттарын бере білуімен ерекшелінеді. Ол өмірдің шынайы болмысын философиялық тұрғыда қарастырды. Автор Т.Əбдікұлының прозалық шығармаларында қазақ халқының тағдыры қалай көрінетіндігі тақырыптық-проблемалық тұрғыда, өзектілігін бейнеледі. Сондай-ақ қаламгердің суреткерлік шеберлігі, прозалық шығармаларындағы образдар жүйесі, кейіпкерлерінің ішкі жан дүниесі, адамның қоғамдағы алар орны психологиялық аспектіде талданды.
2015

Мақалада қазіргі тəуелсіз қазақ əдебиетінде өз бағытын айқындап, стилін танытқан жазушы Асқар Алтай шығармашылығы ғылыми тұрғыда қарастырылған. Жазушының «Кентавр», «Альпинист»,«Казино» сынды шығармаларын негізге ала отырып, сюжеттік құрылымы талданды. Жалпы қазіргі таңдағы көркем шығармадағы сюжеттің рөлі мен дəстүрлі прозадан ерекшелігі, мотивпен байланысы айтылды. Көркем шығарма сюжеті жөніндегі əдебиеттанушы-ғалымдардың пікірлері сараланды.
2015

Мақалада əдебиет теориясындағы өзекті мəселелерінің бірі — көркем нарративтің орны қарастырылды. Сонымен қатар авторлар негізгі теориялық түсініктер мен əр түрлі көзқарастардың оқиғаға қатысын сөз ете отырып, көркем мəтін мен нарративтің сюжетті дамытудағы орнын талдап көрсетті.
2016

Мақалада қазақ прозасының қалыптасу кезеңіндегі факторлар талданды. Ұлттық прозаның пайда болуындағы шетел əдебиетінің ықпалы, қазақ жазушыларының шетелдік əдебиеттен жасаған аудармаларының ролі қарастырылды. Прозалық шығармаларды аударудың Ы. Алтынсарин мен Ш. Құдайбердіұлы жасаған тəжірибелері мысалға алынды. Проза жанрының жылдам өркендеп кетуіндегі «жедел даму» құбылысының мəні зерттелді. Əлемдік əдебиетте қалыптасқан жанрлық- стильдік ерекшеліктердің қазақ əдебиетіне келіп орнығуы жан-жақты түсіндірілді.
2016

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.