Батырлар

Кешегі кеңестік идеологияның пəрменінен именіп, том-том тарихымыз архивтердің қабырғасынан аса алмай қалған еді. Тəуелсіз елдің таңы атқалы көне заманның көшінде тарау-тарау ізі қалған толғақты оқиғалардың тереңіне бойлайтын да уақыт жетті. Шүкір дейміз. Осындай оқиғалардың бірі XIX ғасырдағы Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ хандығының ұлт-азаттық көтерілісі болды. Хан Кене алдында болған көтерілістерден сабақ алып, қорытынды жасаған еді. Біріншіден, ол белгілі бір аймақты ғана қамтыған қарсылықтар ешқандай нəтиже бермейтіндігіне көз жеткізді. Сол себепті бүкіл халықты көтеру қажеттілігі айқын болды. Екіншіден, қазақтардың ұлт- азаттық қозғалыста Ортаазиялық хандықтармен одақтасудың қауіптілігін түсінді. Тəуелсіздікке қол жеткізгеннен бері, күні бүгінге дейін «халық жауы, бүлікші» аталып келген ұлт-азаттық көтерілісінің бастамашысы — Кенесары ханды тарихшылар ақтап алып, оның қазақ халқының азаттығын көксеген көсемдігін жария етуде.
2015