Лирика

Бұл мақалада қазақ поэзиясындағы бірегей ақын Сағи Жиенбаевтың лирикалық бағыттағы шығармаларына талдау жасай отырып, бүгінгі таңда да өзектілігін жоймаған тәрбиелік мәні және оның Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасында айтылған патриотизмді насихаттауға қосар үлесі қарастырылад
2017

Сөз белгiлi бiр затты не құбылысты атап қана қоймайды, сонымен бiрге тiлiмiздегi басқа сөздермен байланысқа түсiп, ерекше образ жасап та қолданылып жатады. Кез келген қаламгер өзi өмiр сүрiп отырған қоғамдағы шындықты оқырманына жеткiзу үшiн бейнелi сөз орамдарын сомдап, белгiлi бiр жанрды, тəсiлдi қолданып, жалпыхалықтық тiлден өзiнiң ой-жүйесiне сай сөздердi таңдап алады жəне оларды тиiмдi, жүйелi түрде жұмсайтыны сөзсiз. Демек, суреткер өз ойын, көзқарасын, əлемдi түйсiнуiн басқаға дəл, нақты, əсерлi, бейнелi жеткiзуде тiлдiң экспрессивтi құралдарын өз қажетiне уəждi қолдануға тырысады. Мұндайда тiлдiң синонимия, антонимия, омонимия, полисемия, фразеология жəне экспрессивтi-эмоционалды потенциалы мол құралдары сезiмге, санаға əсер етеді жəне олардың стильдiк қызметi ерекше ескерiледi.
2009
Тег: Лирика

Мақала қазақ əдебиеттану ғылымында жеке қаламгер шығармашылығын жан-жақты зерттеу бағытындағы өзекті тақырыпқа арналған. Автор Фариза Оңғарсынованың лирикасы тақырыптық табиғатына көңіл аудара отырып, оларды жеке түрлерге бөле келе, поэтикалық шеберлік мəселесін байланыстыра отырып, əдеби-теориялық талдаулар жасады. Азаматтық-саяси, махаббат, табиғат лирикалары арқылы ақынның қазақ поэзиясына қосқан үлесіне баға берді. Сол арқылы ұлттық лирикаға əкелген жаңашылдығы мен шеберлігін, көркемдік ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда саралады.
2015
Тег: Лирика