Шығарма

Мақалада эпикалық шығармалардағы бейнелеу құралдары жан-жақты талданды. Сонымен қатар автор эпостағы батыр бейнесінің жасалуындағы сөз көркемдігінің атқаратын қызметі айрықша екендігін айқындаған. Сондай-ақ эпикалық жырлардағы ажарлаудың аса пəрменді көркемдеу, бейнелеу құралы екендігіне көңіл бөліп, осы мəселелердің негізінде ажарлаудың ассоциациялық мүмкіндіктері мен тұрақтылық сипатын, дыбыс үндестігі мен бояу үйлесімдігін анықтап, ажарлаудың семантикалық құрылымы қандай, стильдік вариациялары мен эмоционалдық-экспрессивті сапасына назар аударған.
2014

 Мақалада көркем əдебиеттегі кейіпкерлердің ішкі əлемін ашудағы қаламгерлердің жан-жақты шеберлігі қарастырылған. Сондай-ақ екі жазушының шығармаларындағы тарихи тұлғаның көркем əдебиеттегі бейнесі салыстырмалы түрде талданған. Қазақ прозасындағы Шыңғыс хан образын арқау еткен екі суреткердің туындыларындағы тарихи шындық пен көркемдік шындықтың арақатынасы жəне қос шығармадағы ортақ ой, ортақ бейнелер, көркемдік шешім, көркемдік тəсілдер жайындағы мəселелер ғылыми талдауға өзек болған.
2015