Стилистика




Жазушы шығармаларының бірден-бір ерекшелігі жеке адамның санасындағы, ойлау жүйесіндегі сан алуан сезімдік, психологиялық, философиялық құбылыстарды, сана қозғалысының пластикасын беру мен жан диалектикасын монологқа, ой ағымына, түс көруді талдауға жəне де психологиялық сыртқы детальдарға (ым мен ишараттарға, іс-əрекеттегі, дауыс ырғағындағы, портреті, физиологиялық, физиономиялық, сезімдік құбылыстарға) да көңіл бөлген. Мысалы, «Оң қол» əңгімесінде кейіпкер — Алманың түсі арқылы автор адам санасында үздіксіз жүріп жатқан процесті, үрей мен қорқынышты, өмір мен өлім арасындағы арпалысты, жан толғанысын көркемдікпен кестелей білген.
2009

Мақалада қазақтың талантты ақындарының бірі — Жарасқан Əбдірашев поэзиясының стильдік ерекшеліктері, ақын эпиграммаларының құрылымдық, мазмұндық, тілдік ерекшеліктері қарастырылды. Ақынның поэзиясындағы қаламдастарының болмысы мен мінезі кейде уытты əзіл, кейде ащылау сықақ арқылы өрнектелген эпиграммаларының көркемдік ерекшеліктері сараланған. Ұлттық поэзиямыздағы ішкі жанрлық түрлерді дамытуда, соның ішінде эпиграмма жанрының заңдылықтарын толық сақтай отырып, оны ұлттық ерекшелікке сай туындатуда, зор мүмкіндігін анықтауда үлес қосқан ақынның шеберлігі сөз болады. Эпиграмманың өзегі — сөзді ойната білу, тапқырлық, қысқа да болса нұсқалық болса, осы шарттар толығымен Жарасқан поэзиясында сəтімен үйлескендігі көрсетілген
2013

Мақала көркем əдебиетте, оның ішінде прозалық шығармаларда актив қолданылатын троптардың бірі — метафораның стильдік қызметін қарастыруға арналды. Авторлар метафораның жасалу жолдарына, түрлеріне жан-жақты тоқталды. Тіл білімінде жəне əдебиеттануда метафораға берілген анықтамалар келтірілді. Көркем мəтіннен жиналған метафоралық қолданыстар жүйеленіп талданды. Бұл мысалдар арқылы метафораның көркем шығарма тілінде маңызды стильдік қызметімен қатар ана тіліміздің баюына, толысуына өз үлесін қосатыны анықталды.
2014

Мақалада функционалдық стильдер мен сөйлеу формаларының ұқсастықтары мен ерекшеліктері қарастырылды. Автор тіл дыбыстарының стилистикалық ресурстарын қарастыруды үш бағытта қарап, дыбыстық қайталамалардың ассонанс, аллитерация, дыбыстық анафора, ұйқас, ырғақ, консонанс, ішкі ұйқас сияқты бірнеше түрлеріне ғылыми талдау жасаған. Зерттеуде мəтінде ұқсас дыбыстардың бірдей позицияда қайталанып берілуі, олардың семантизациялануы болатыны оның фоностилистикада паронимиялық аттракцияның дауыссыз дыбыстардың позициялық қайталануы екені дəлелденген.
2014

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.