Тіл білімі

Тіл — қарым-қатынас құралы. Бір тілдің сөздік қорының толысып, байып отыруы ішкі жəне сыртқы факторларға да байланысты. Қазіргі қазақ тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамына қарап отырсақ, сөздердің синонимдік қатары, омонимдік қатарлары, диалект, кірме сөздер, ғылыми терминдер, жаңа сөздер қатары жылдар өткен сайын көбейіп, тіпті, мағыналары да өзгеріске түсіп, сөйлесу тілі қолданысында сан алуан құбылатынына көзіміз жетіп келеді.
2011

Қазақ тіл білімінде теориялық мəселелерді зерттеу — дəстүрлі үрдіс. Ал жеке ғалымдардың ғы- лымға қосқан үлесі туралы жол-жөнекей ғана айтылады. Оның өзінде көбінесе белгілі бір теориялық мəселеге деген көзқарасы, пікірі ғана есепке алынады. Ал қазақ тіл білімінің тарихында айтулы үлес қосқан тұлғалар қаншама. Айта кету керек, қазақ əдебиеттануына бұндай дəстүр кең енген.
2012

Мақалада қазақ тіліндегі бастауыш пен баяндауышсыз толымсыз сөйлем жайы сөз болды. Автор сөйлем толымсыздығының басты шарты контекст екендігіне тоқталды. Тіл біліміндегі зерттеулерді басшылыққа ала отырып, бастауыштың түсірілу cебептері көрсетіліп, тілдік деректермен дəлелденді. Қазақ тілінде бастауыштың түсірілу жағдайы жиі кездесетіндігі сөз болды. Баяндауыштың түсірілуі контекст пен ситуацияға байланысты екендігі көрсетілді. Контекстік толымсыз сөйлемдер дербес сөйлемдердің арасын байланыстырудың амалы екендігі, олардың мəтін түзімдік қызметі ашылды.
2012

 Белгілі ғалым, лингвист, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының иегері, филология ғылым- дарының докторы, профессор Əсет Болғанбайұлы 1928 жылы 8 наурызда Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Қуаныш ауылында кедей шаруаның отбасында өмірге келген. Əкесінен 1932 жылы жетім қалып өмірдің ауыр азабын көрді. Бала Əсет алдымен Қуаныш бастауыш мектебінде, соңынан аудан орталығындағы мектепте оқып, оның 7-сыныбын 1942 жылы бітіреді.
2014

Мақалада белгілі тілтанушы, ғалым Төлеубай Рақымжанұлы Қордабаевтың қазақ тіл білімінің көптеген өзекті мəселелерін көтеріп, ғылымға қосқан үлесін дəлелдейтін еңбектеріне шолу жасалды. Қазақ тілі, тіл тарихы, графика мен орфография, тіл білімінің басқа да мəселелері бойынша пікірлері, тұжырымдары, теориялық зерттеулері мен іргелі еңбектері сөз болды. Мақала авторлары ғалымның əр кезеңде шыққан ғылыми басылымдарындағы тың, соны тұжырымдарының қазақ тіл білімінің, оның кейбір салаларының дамуына қаншалықты маңызы болғандығын дəлелдеуге талпынды.
2014

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.