Айтыс жырлары

Суырып салмалық өнерді жан-жақты тексерген ғалым М.Жармұхамедов: «Айтыс ақындары — өз дəуірінің перзенті. Сондықтан өз заманының тұсында жасаған ақындар əрдайым өзінің шыққан руы мен ел-жұртының талап-мүддесінен табылып отыруы да заңды. Бұл айтыс ақындарының бəріне тəн қасиет, онсыз айтыс біздегідей кең көлемдегі шырқау шыңына көтеріле алмаған болар еді» [1; 18], — десе, филология ғылымдарының докторы М.Дүйсенов: «Қазіргі айтыс дəстүрінде əр ақын өз ауданы мен облысындағы жетістік, табыстарын айтып, қарсыластары облысындағы кейбір өзі байқаған кем-кетіктерді сыпайы түрде іліп кетіп жатады. Сайып келгенде айтыс тақырыбының терезесі кең, ол заман, қоғам, адам туралы, бүгінгі күннің шындығы болып отыр. Жеке бастың ғана емес, қоғамдық мəні бар жайлар ақындар назарынан əсте шыққан емес» [2; 51], — дейді. Көкен Шəкеевтің кез келген айтысында өмір шындығы тартыс арқауы болып отырады. Бетпе-бет келіп сөз бəсекесіне түскен екі ақынның өмірлік шындықты өз пайдасына жаратып айта білуі де əрқилы.
2009

Халықтың рухани шығармашылығының ішіндегі ақындар айтысы сияқты көпшіліктің көңілінен шығып, асыға күтетін өнер додасы ХХ ғасырдың соңғы жиырма жылы мен ел тəуелсіздігін жариялаған тұстан бері мүлдем жаңаша сипат алып, өзінің қуаттылығы мен көкейкестілігін бұқара халыққа жақсы танытты. Ең алдымен ұлттық идеологияның жалынды жаршысына айнала білген ақындар айтысы ақпараттық-насихатшылдық тұрғыдан басқа өнер түрлеріне қарағанда өзінің алымдылығы мен оңтайлылығын қоғамға барынша дəлелдеді. Əрине, бұл құбылыстың пайда болуы кейінгі отыз жылдың бедерінде ғана емес, оның тамыры тым əріде екендігін ғалымдарымыз қазіргі кезде байыптап безбендей бастады.
2009

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы айтыс жырларында жер-су, елді мекен атаулары, Қазақстанның ауыл шаруашылығы, колхоз, шаруа бірлестіктері, ірі өнеркəсіп ошақтары, көптеген адамдардың есімдері, тіпті, өндіріс-шаруа құрал-жабдықтарына дейін назардан тыс қалмай, тілге тиек болады. Бұл көрініс соғыс жылдарындағы ақындар айтысының екі қырлы сипатын айқындайды.
2009

Көркем өнер, нақтылай алғанда, əдебиет халықтың сана-сезімін, көркемдік ойлау қабілетін дамытатын рухани дүние бола отырып, адамзат өркениетімен, адам тағдырымен байланысты сан- салалы мəселелерден құрылады. Солардың бір арнасы — екі адамның арасындағы ғашықтық сезім. Əр тағдыр иесінің көзімен көріп, көңілімен түйсінетін бұл қасиетті ұғым адам баласымен бірге жасап келеді. Адам ата мен Хауа анадан бастап бірде қуантып, бірде жылатып келе жатқан махаббат құдіреті терең.
2010

Сүйінбай Аронұлы заманында асқан айтыскер болып танылған дара дарын. Ол қырғызда — Қатаған, Арыстанбекпен; қазақта — Тезек төре, Қаңтарбай, Кескенкекіл, Күнбала, Уəзипа, Тəтті қыз, Жантаймен айтысқан. Өкініші, бұл айтыстардың біразы сақталмаған. Сүйінбайдың Қарғамен, Тезек төремен, Қаңтарбаймен, Кескенкекілмен, Күнбаламен, Уəзипамен, Қатағанмен айтысы сақталып жеткен бүгінге. Сол айтыстың қай-қайсысында да Сүйінбайдың ақындық мұраты анық көрініп тұрады: байды мінеп, кедейді қорғайды; ел арасындағы бірлікті жырлайды; əділдікті жəне батырлықты дəріптейді. Бұл айтыстар — Сүйінбай Аронұлының сөзге ұтымды, мін тағуға шебер, логикасы басым, шешен екеніне куə.
2011

Халық мұрасы туралы сөз еткенде бел ортасында шешендік сөздердің болатындығы айдан анық. Сондықтан, шешендік сөздердің табиғатына тереңдей үңіліп, оның қыры мен сырын ажырату фольклортанушы-ғалымдардың басты міндеттерінің бірі екендігі ақиқат. Десек те, шешендік сөздердің сыртқы өрнегі мен ішкі сұлулығын көпшілігінде ділмарлық пен тапқырлықтың аясынан көбірек іздейтіндігіміз де рас. Бірақ халық ақындарының шығармашылығының тартымды болуына айрықша əсер ететін осы шешендік екендігі мəлім. Əсіресе айтыс саласында бұл сипат айқын аңғарылады. Сөзіміз дəлелді болуы үшін айтыстағы шешендіктің қызметіне шама-шарқымыз жеткенше тоқталып көрелік.
2011

Мақалада айтыс жырларының публицистикаға тəн ақпаратты, насихатшылдық қырлары сөз болып, оның тілдік-көркемдік ерекшелігі əсерлілік тұрғысынан қарастырылады.Сондай-ақ ұлттық тіліміздің ажарын көтерудегі айтыс жырларының журналистикаға тəн көптеген элементтері айқындалып, сөз өнерінің эмоционалды-экспрессивті сипаттары нақты мысалдар арқылы көрініс табады.
2012

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.