Көркем мәтін

«Пəннің тарихы болмай, пəн теориясы да болмайды, сонымен бірге пəн теориясынсыз оның тарихы туралы ой да болмайды, өйткені пəн туралы түсінік те жоқ, оның мəні де шекарасы да жоқ» [1], — деген ұлы ойшыл Н.Г.Чернышевскийдің тұжырымдамасын еске ала отырып, тарихқа қысқаша шолу жасаймыз. Мұнда біз драманың тарихи қалыптасуына дəстүрлі поэзияның, халық ауыз əдебиетінің, əдебиет дамуының белгілі бір деңгейі алғы шарт болғанын байқаймыз. Сонысымен белгілі бір дəрежеде əдебиеттің осы түрінің синтетикалық сипаты біріктірілген.
2010

Қандай өнер туындысы болсын, оның көркемдік құндылықтары, бəрінен бұрын, көркемдік- эстетикалық өзге деңгеймен өлшенбек. Бұрын ешкім бара қоймаған, тың жатқан, сүрлеу-соқпау түрде қоймаған тақырыптар болуы мүмкін, қаламгердің өз оқырманына айтар ауқымды да салмақты ал- идеясы болуы мүмкін, алайда ондай туындының көркемдік-эстетикалық деңгейі төмен болса, жазушы еңбегінің еш болғаны. Демек, осынау эстетикалық ұғымның өнер туындысындағы орны жайлы ертелі-кеш жазылған ірілі-ұсақты еңбектерді атүсті шолып өткеннің өзінде де көп мəселеге көз жеткізуге болады. Əрине, əр зерттеуші көркемөнер туындысының көркемдік-эстетикалық өзге деңгейіне əр түрлі қырынан келгені де мəлім. Тіпті белгілі бір зерттеу нысанының ауқымында болса да, кез келген автордың шығармадағы көркемдік-эстетикалық ізденістер жүйесіне атбасын бұрмай өтпейтіні де аян.
2011

СОКП-ның 1925 жылғы «Партияның көркем өнер саласындағы саясаты туралы» Қаулысы алға қойған «пролетариат əдебиетінің үстемдігін орнату, ұлтшылдық-буржуазияшылдық элементтерді əшкерелеу» секілді кезектегі міндеттері орындалып шыққан соң, 1930-жылдардың бас кезінде маркстік-лениндік идеологияны басшылыққа ала отырып, «түрі ұлттық, мазмұны социалистік əдебиет» жасауға қадам жасалды. Əдебиет осы жаңа идеологиялық талап-тілектеріне сай жанрлық тұрғыдан дами бастады. Осыған орай ғылыми-сыни жəне əдеби-теориялық ой-пікір азды-көпті жинаған тəжірибесін пайдалана отырып, өркендеуге тиіс еді.
2011

Көркем мəтін — өзара ішкі байланыстары мол көпқабатты құбылыс. Əдеби шығармада сюжет оқиғалардың тізбегінен, яғни уақыт-кеңістік қатынасындағы кейіпкерлерінің өмірінен, бір-бірімен алмасып отыратын əрекет-жағдайлардан тұратыны белгілі. «Адамзат тарихының əр түрлі кезеңдерінде əдеби мəтіннің жиі-жиі гуманитарлық ойлаудың өзегіне айналып отырғаны, қоғамдық пікірге əрқилы қозғау салғаны мəлім, сондықтан əрбір гуманитарлық ғылымның əдебиетпен байланысы жөнінде зерттеулер көп, əлі де жалғаса бермек. Əдебиет ең алдымен сөз өнері болғандықтан, дара ғылыми бағыт ретінде өнертанудың əдеби мəтінге деген қызығушылығы түсінікті. Тілтанудың да əдеби мəтінді өз зерттеулерінің негізгі нысаны етуі заңды. Түйіп айтсақ, көркем мəтінді жүйелі қарастыруға деген ықылас мынадай төрт ірі ғылыми салаға тиесілі екен: əдебиеттану, лингвистика, өнер семиотикасы, аударматану. Бұл салалардың өзі іштей арнайы мəтінтанушылық мақсаты бар ірілі-ұсақты бағыттарға бөлінеді». Сонымен бірге қазіргі кезде мəтінтануда салааралық пəндер де жедел дамып келеді, оларды көркем мəтіннің мазмұндық, прагматикалық, пішіндік жақтары қызықтыруда» [1; 51].
2012

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.