Қазақ тілі

Уақытты минуттар бойынша дəл есептеу мүмкін емес. Сіз бағдарламаны жазғанда, жай ғана шамамен оның уақытын есептеуге тырысыңыз. Мысалы, кез келген рөлдік ойын əдетте бір сағат, көп дегенде бір жарым сағат алады. Бір жарым сағаттан көп созудың мəнісі жоқ – адамдар шаршап кетеді. Сондықтан, егер ойын ұзағырақ болса, сіз оны қысқартасыз, ал егер қысқа болса, сіз оны созасыз, немесе шағын екі ойын өткізесіз. Өйткені, əрқашан сəл ұзағырақ сөйлеуге, түсініктемелерді өрістетуге болады жəне керісінше. Егер ойын бейнекамераға түсірілетін болса, сəйкесінше, талдау мен талқылау уақыты артатындығын есепке алу қажет. Егер сіздерде уақыт қалатын болса, қатысушылардан осы ойында тағы не көргендіктерін сұрауға, содан соң өзіңізге түсініктеме беріп өтуге болады.
2011

Тұлғалық сұрақнамалар өмір іс-əрекетінің барлық саласында адамның психологиялық ерекшеліктерін бағалауда кең қолданылуына байланысты тұлғаны зерттеудің ең тиімді əдістерінің бірі болып саналады. Сонымен бірге, практикалық психология саласы халықаралық ғылыми зерттеулерде қолданылатын тұлғалық сұрақнамалардың валидтілігі мəселесіне ерекше мəн береді. Осындай сұрақнамаларға Данди стресс сұрақнамасын (ДСС) жатқызуға болады.
2011

Қалихан Ысқақовтың оқырман қауымға атын шығарған тұңғыш туындысы «Қоңыр күз еді» повесі. Шығарма өзінің балалық шағындағы өмірін өксігімен жəне өз махаббатымен тұтас күйінде бұзбай-жармай қағаз бетіне түсіре салғандай əсерге бөлейді. Сонымен бірге қаламгер қаламынан 1975 жылы «Тұйық», 1980 жылы «Қараорман», кейін қанатын кеңге жайып 1989 жылы «Ақсу — жер жаннаты» романдары туды. Қалиханның ұтымды шыққан «Ақсу — жер жаннаты» романына 1992 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді.
2009

Бүгінгі таңда өзгетілді аудиторияларда мемлекеттік тілді оқыту мəселесіне айрықша көңіл бөлініп жатқандығы баршамызға аян. Осыған орай күнделікті баспасөз беттерінде жарияланып жатқан мақалалар, ғылыми еңбектер, оқу-əдістемелік құралдары, электронды оқулықтар тілді үйретуге бағытталған сабақ жоспарлары жəне т.б. тіл үйренушілердің назарына ұсынылуда.
2009

Қазақ тіл білімінде екпін жəне оның фонологиялық қызметі жөнінде ғалымдар арасында талас пікірлер мен əр түрлі көзқарастар бар. Екпін — тілдің дыбыс жүйесіндегі негізгі суперсегментті бірліктердің бірі. Сөз ішінде не сөз тіркесінде басқа буындарға қарағанда бір буынның ерекше күшпен айтылуын екпін деп білеміз. Екпін түскен буын дыбыстың күші, созылыңқылығы, негізгі тоны жағынан ерекшеленеді. Əрине, осы акустикалық үш компоненттің екпінді буынды танытудағы қатысымы əр тілдің өзіндік ерекшелігіне байланысты əр түрлі болатыны аян. Тіл-тілде негізінен екпіннің үш түрі кездеседі екен: бір буын ерекше күшпен, қарқынды айтылуы динамикалы (лебізді) екпін болса, айтылу тоны, əуені ырғағы арқылы ерекшеленуі музыкалды (тоникалық) екпін, ал бір буын өзгелерден дауысты дыбыстың созылыңқы айтылуына, санына қарай ерекшеленуі квантативті (сандық) екпін деп аталады [1].
2009

Атаулы сөйлемдерге байланысты пікірлер əлі күнге дейін өзінің шешімін тапқан жоқ, бір ғалымдар мұндай құрылымдарды сөйлем қатарына жатқызса, енді біреулері сөйлемдердің баламалары ретінде ғана қарастырады. Тіл білімінде атаулы сөйлемге ұқсас көптеген құрылымдар бар, оларды зерттеушілер əр түрлі атаулармен атаған: «түсінік атаулы» (именительный представления), «тақырып атаулы» (именительный темы), «вокативтер», «квалификативті сөйлемдер», «субстантивті толымсыз сөйлемдер», «релятивтер», «генитивтер», «дифференциалды емес сөйлемдер» (недифференцированные предложения), «оңашаланған номинатив» (изолированный номинатив), «оңашаланған түзілім» (изолированное образование), «сегмент», «фраза».
2009

Атау септігі атаулы сөйлемнің формальді белгісі болып табылады, алайда бұл атаулы сөйлемді қалыптастырудың шешуші факторы болып саналмау керек, өйткені көпшілік, аралық, ауытқу т.с.с.  Атау септігінің тұлғасындағы зат есімдер атаулы сөйлем құрай алмайды. Атаулы сөйлемдерді қалыптастыруда негізгі ролді атаудың семантикалық табиғаты атқарады. Яғни деректі, сезім арқылы қабылдауға көнетін əр түрлі құбылыстарды, заттарды атайтын сөздер болу керек.
2009

Ғұлама ғалым, қазақ тіл білімінің негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің морфологиясына 1915 жылы шыққан 2 жылдық «Тіл — құрал» оқулығын арнаған. Автор сөз таптарын зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, демеу, жалғаулықтар, одағай деп 9 түрге жіктейді [1; 199–262]. Мұнда сан жағынан қазіргі қазақ тілімен сəйкес келіп тұрғанмен, еліктеуіш сөздер жеке сөз табы ретінде айтылмаған. Демеу мен жалғаулықтар дербес сөз табы қатарына саналған. Ғалым зат есімдерге анықтама беріп, оларды мағыналық түрлеріне қарай деректі жəне дерексіз деп бөледі.
2009

Дидактиканың күрделі табиғаты оның негізгі қағидалары уақыт өзгеруімен жəне заман талабына сай дамып отырады. Дидактикалық қағидалар қазақ тілінің оқу пəні ретінде қазақстандық білім беру жүйесінде білім беру стандарттары бойынша міндетті пəн болып саналып, жалпы дидактикалық заңдарға бағынатыны ескеріле отырып айқындалып алынды.Қазақ тілін жоғары оқу орындарында оқытудың мазмұнын таңдаудағы дидактикалық қағидалар мен ұстанымдарды тануда осы салада зерттеу жүргізген ғалымдардың еңбектері талданып, төмендегі (Ю.К.Бабанский, Г.И.Щукина, Н.П.Огородников, В.Т.Лихачев, В.А.Попков, А.В.Коржуев, Н.Д.Галь- скова, Н.И.Гез, Қ.Қадашева, Р.Шаханова, К.Жақсылықова, А.Е.Əбілқасымова, Н.Ж.Құрман, К.Мухлис) қағидалар айқындалды.
2009

Дидактикалық ойындарды сабақта пайдаланудың маңызы зор, себебі ойындар тіл үйренушінің оқу материалын меңгеруіне қызығушылығын жоғарлатады, тілін дамытады, шығармашылық белсенділігінің артуына əсер етеді. Біздің зерттеу жұмысымызда дидактикалық ойындардың бір ғана түрі — коммуникативтік ойындардың тіл дамытудағы əдістемесін жасау.
2009

Философия ғылымы əлемінде «объект» ұғымы «субъект» ұғымымен қатар қолданылып, философияның əр түрлі бағытта жауап беретін негізгі мəселесінің бірі деуге болады. Объект жəне субъект адам қызметінің, іс-əрекетінің екі негізгі жағы, негізгі айқындықтары, соны көрсететін философиялық категориялар. Антика философиясында, мысалы, Аристотельдің еңбектерінде субъект қасиеттердің, қозғалыстардың, белгілердің ненің қасиеттері, қозғалыстары, белгілері екенін көрсететін ұғым деген мағынада қолданған. Яғни субъект — солардың бəрінің негізі, немесе, иесі. Қасиет ненің немесе кімнің қасиеті болса, сол субъект. Ой, сөз не немесе кім туралы болса, сол субъект. Бұл тұрғыдан субъект «субстанция» ұғымына жақын болды.
2009

Экспрессия — латын сөзі, орысшасы — выразительность. Тіл ғылымында экспрессивтілік тура- лы дөп басып айтатын пікір жоқ. Мысалы, француз ғалымы Марузо сөздігінде  экспрессивтілік «мəнерлі» деген ұғымды білдіретіні көрсетіледі де, оған «элементтің, не құбылыстың айтылатын ойға бағалық сипат үстейтін қасиеті» деген анықтама беріледі. Дəл осындай екінші сөздікте экспрессия анықтамасы былай беріледі: «Экспрессия — сөздің мəнерлілік, суреттілік қасиеті. Ол сөзді қарапайым лексикадан ерекшелеп, оған бейнелілік пен эмоционалдық реңк үстейді. Бірақ əрқашан экспрессивтілік бар жерде бейнелілік пен эмоционалдық реңк бола бермейді». Осы сияқты пікірлер көптеп кездеседі.
2009

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.