Медиация

Мақалада еліміздің азаматтық іс жүргізу құқығындағы медиация арқылы дауларды шешудің теориялық жəне тəжірибелік мəселелеріне жүйелі түрде зерттеу жүргізілді.
2018

Бүгінгі таңда елімізде конфликтологиялық білім берудің маңыздылығы мен қажеттілігі білім беру жүйесінің  барлық салаларында айқын көрініп отыр. Оған дәлел бірқатар зерттеушілердің ізденістеріндегі білім беру жүйесінде кездесетін түрлі даулы жағдайлар, қарама- қайшылықтар мен түсініспеушіліктің, қысымгершіліктің алдын алу, оларды дұрыс басқару мен оңды шеше білудің қажеттілігі жағдайы.
2011

Бұл мақалада Қазақстан Республикасының қылмыстық заңы бойынша жаза жүйесін жетілдірудің мәселелері  қарастырылады.Мақаланың авторлары талдаудың нәтижесінде жаза жүйесін жетілдіру мақсатында қылмыстық заңда сотталушыны қоғамнан оқшаулауды талап етпейтін жазаны қарқынды қадағалаумен ауыстыру, электрондық бақылау және қазақ дәстүрлі құқығында болған айып жазасын қарастыру керек деген шешімге келеді.Келтірілген    ұсыныстардың    негізділігін    қамтамасыз ету үшін «айып» және «медиация» институттарының арақатынасы қарастырылады және оларды ажырататын белгілер анықталады: біріншіден, «медиация» жаза болып табылмайды, ал «айып» жаза болып танылады екіншіден, «медиация» медиатормен қолданылады,«айып» сот арқылы тағайындалады үшіншіден, «медиация» кезінде тараптар ерікті түрде медиаторға барады және оның шешіміне келіседі, ал «айып» бойынша кінәлі адам айып түрінде тағайындалған соманы жәбірленушіге төлеуге  міндеттенеді.
2015

Қазіргі таңда, жұмыс беруші мен қызметкер арасында дау мəселелері жиі туындауда. Себебі, берілген еңбек шартындағы екі тараптары дұрыс орындамауында.Сол дау мəселесін шешу үшін, медиация біздің елімізде қалыптасты.
2012

Ата Заңымызда əркім өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар екені қамтылған. Республика соттары сот билігін Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырады. Консти- туция бойынша сот төрелігін тек сот қана жүзеге асыра алады. Соттың ең басты мақсаты – азаматтар мен заңды тұлғалардың құқығын, бостандықтары мен заңды мүддеcін қорғау, Конституцияның, конституциялық заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз ету болып табылады. Биыл 20 қарашада өткен Қазақстан Республикасы Судьяларының VІ съезінде судьялардың, жалпы сот саласының соңғы 4 жылда атқарған жұмыстарының нəтижесі басты назарда болды.
2013

Медиацияны зерттеу кезінде Австралияның барлық алты штаты арасынан ең үлкен қызығушылықты Жаңа Оңтүстік Уэльс штаты танытты. Бұл штат барлығынан бұрын тәжірибеге соттық және жеке медиацияны ендіре және қолдана бастады. Жаңа Оңтүстік Уэльстің Жоғарғы сотының актілері және он жылдықтар бойына қалыптасқан тәжірибе ерекше қызығушылық білдіреді. Жаңа Оңтүстік Уэльстің Жоғарғы Сотындағы азаматтық юрисдикция жағдайларының нақты түрлері медиация үшін қажетсіз болып табылмаған. Бірақ, бір немесе екі тараптың заңды өкілдері болмаған жағдайда мағыналы қиындықтар туындайды. Ал егер де бір тараптың ғана заңды өкілі болмай қалса одан да үлкен қиындықтар пайда болады. Мұндай жағдайларда істер медиацияға сәйкес келмейді деп пайымдауға болады. Жаңа Оңтүстік Уэльстің Жоғарғы Сотындағы жағдайлардың бір санаты міндетті сотқа дейінгі медиация үшін жарамды деп танылды [2]. Бұл мұра қалдырушылардың мүлкінен үлкен үлесті бөлу туралы өсиетхат және өтініштерге қатысты жағдайлар
2015