Прокуратураның Конституцияға, Республика заңдарына, Президент актілеріне қайшы келетін заңдарға, өзге де нормативтік- құқықтық актілерге наразылық білдіруін жеке функция ретінде қарастыру қажет. Оған себеп: біріншіден, бұл қызмет (функция демек) тек мемлекеттің арнайы органы- прокуратураға ғана тән, екіншіден, бұл дегеніміз күшті биліктік-өкілеттік, үшіншіден, биліктің үш бірдей тармағына, олардың құрған мекемелеріне қатысты мықты тежемеліктің кепілдігі болып саналады. Ал, төртіншіден, «Прокуратура туралы» Заңның 4- бабының 4-тармағы мұны қызметтің негізгі бағыттарының қатарына қойған [1].
Ш.М. Шарипов
2009