Жемқорлық

Аталмыш мақалада Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру мәселелерін қарастырады
2018

Сыбайлас жемқорлық әдетте күшті әрі зиянды жағынан кез келген елдің экономикалық және әлеуметтік дамуына әсерін тигізеді. Қазақстан 2030 – даму стратегиясында көрсетілген сыбайлас жемқорлықпен күресу іс-шаралары құқықтық мемлекеттің пайда болуы мемемлекеттік Қазақстан- ның  қызметінің  жаңашылдануымен  тығыз  байланысты [1].
2009

11 сәуір 2009 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Жаһандану жағдайында трансұлттық ұйымдасқан қылмыстылықпен және жемқорлықпен күресу проблемалары» атты әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 75 жылдығына арналған халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция өтті. Біздің мақсатымыз қазақстандықтарға және әлемдік қауымдастыққа Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев елдегі білім беру жүйесін реформалаудағы стратегиялық бағытын іске асырудағы жетістіктерімізді көрсету, еліміздің ең ірі университетінің білім мен ғылымның дамуындағы алатын жетекші орнын, оның әлемдік білім және ғылыми кеңістікке бірігуін таныту болып табылады. Елбасының қойған мақсатына сәйкес әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің «Қылмыстық құқық және криминология» кафедрасыда өз үлесін қосты.
2009

Пара алу мен пара беру - біздің қазіргі қоғамымызда жыл сайын түрліше сипатпен түрленіп, қауіп төндіріп тұрған күрделі мәселелердің бірі. Сыбайлас жемқорлық Қазақстанда пайда болған және оған тән құбылыс емес, ол белгілі бір мөлшерде кез келген мемлекетке тән дерт. Сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністері мен және барлық деңгейлерден оған қарсы күрес жүргізетін жүйе болғанша қазіргі кезеңде Қазақстанның алдында тұрған ауқымды міндеттерді іске асыру мүмкін емес.
2009

Әрбір құқық қолданушы сыбайлас жемқорлықты қылмыс құрамдарында берілген зардаптарды өздерінің құқықтық сана-сезімдері бойынша әртүрлі бағаласа, заң нормалары бұрмаланып, құқық қолданушылардың сыбайластық әрекеттер жасауына ықпал етуі ғажап емес. Сондықтан, сыбайлас жемқорлықты қылмыс құрамдары жасалуында азаматқа, ұйымға, мемлекетке келтірілген материалдық зиян мөлшерлері нақты заңи нормада берілуі қажет. Оның себебі, біріншіден, заңи нормалардың қалыпты қолданылуына септігін тигізсе, екіншіден, зардаппен келтірілген материалдық зиянды анықтауға жағдай жасалса, үшіншіден, заңи нормаларды бұрмалаушылықтың алдын алады, төртіншіден, жазаны қатаң тағайындауға мүмкіндік береді.
2010