Жемқорлық

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық біздің қоғамымыздың ең басты қауіп - қатерлерінің бірі болып табылады. Мемлекетімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі ретінде айқындалған. Осыған байланысты елімізде көптеген іс- шаралар өткізілуде.Сыбайлас жемқорлықпен күрестің 2006-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономикаға көшу, инвестициялар тарту процестерін тежейді, демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына теріс ықпалын тигізеді, мемлекеттің келешек дамуына елеулі қауіп төндіреді деп көрсетілген [1].
2010

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 311бабында мемлекеттік қызмет атқаруға өкілетті адамның не оған теңестірілген адамның өзі немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-əрекеті (əрекетсіздігі) үшін ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлікке құқығы немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алу, егер мұндай іс-əрекет мемлекеттік қызметтер атқаруға өкілетті адамның не оған теңестірілген адамның қызметтік өкілеттілігіне кіретін болса не ол қызметтік жағдайына байланысты осындай іс-əрекетке (əрекетсіздікке) мүмкіндік жасаса, сол сияқты жалпы қамқоршылық немесе қызметі бойынша жол берсе пара алу болады делінген.
2011

Сыбайлас жемқорлық халықты қанаудың көлеңкелі көрінісі бола отырып, адамзат қоғамының даму кезеңдерінен қалыспай келеді. Лауазымды адамдардың қызметті өзінің бас пайдасының қамы үшін пайдаланудан туған қылмыс дегенді білдіреді.Ол барлық уақытта да сынға ұшырап, айыпталып, онымен үнемі күрес жүргізіліп келеді. Бұл қоғамдық дерттің алатын орны жөнінде əңгіме қозғағанда Цицеронның: “егер парақорлар өздеріне қажеттісін жымқырған болса ғана қалтырайды. Ал егер де басқалармен де бөлісуге жетерліктей жымқырған болса, онда олар үшін аса қорқыныш жоқ” деген белгілі сөзін еске алуға болады. Сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабу барлық партиялар мен қозғалыстардың бағдарламаларынан орын алды, əлі де орын алып келеді. Солай бола тұрса да бұл індет ең мықты деген саяси режимдердің арасынан сыналап кіріп кеткені. Сонымен бірге сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес көбінесе айтарлықтай моральдық шығындарға ұшырататыны да белгілі.
2013

Жемқорлықтың алдын алу мəселелерін жетілдіру жəне оны құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің тəжірибесінде қолдану тиімділігін арттыру жолдары теориялық тұрғыдан қарастырылған. Сондай-ақ жемқорлықпен күрес жəне оның алдын алу шараларын жаңғырту бойынша ұсыныс сипатындағы тұжырымдарды жасау жəне заңдарға енгізу мəселелері қарастырылған.
2013

Жемқорлықтың алдын алу мәселелерін жетілдіру және оны құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің тәжірибесінде қолдану тиімділігін арттыру жолдары теориялық тұрғыдан қарастырылған. Сондай-ақ жемқорлықпен күрес және оның алдын алу шараларын жаңғырту бойынша ұсыныс сипатындағы тұжырымдарды жасау және заңдарға енгізу мәселелері қарастырылған.
2013

 Қылмыстық қудалау органдары қызметін бағалау өлшемінің жүйесін анықтау мәселесі мемлекеттің алдында көптен бері тұр. Мұндай қызмет аспектісінде қойылатын негізгі міндет – полиция жұмысының көрсеткіштерін анықтау өлшемін саннан сапаға ауыстырып өзгерту. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұйымдық-құқықтық тұжырымдамасы аясында ішкі істер органдары қызметін бағалау өлшемі жүйесін қалыптауда өзгерістер енгізу біз ұсынып отырған жаңа бағыт болып табылады. Қойылып отырған мәселені шешудің әлеуметтік қажеттілігі ақаулықтарды жою бойынша ұсынылған баптан көрінеді. Өйткені қылмыспен күресудегі қазіргі қолданыстағы бағалау жүйесі мынадай кемшіліктердің тууына түрткі болып отыр.
2015