Сот жүйесі

Еуропа мемлекеттерінің сот жүйесін зерттеу, ол жүйедегі судьяларды іріктеу процедураларын және еуропа елдерінің сот жүйесінің дамуына талдау жасау қажеттілігі, отандық сот жүйесін жетілдіру мәселесінде өте қажет. Осыған байланысты мақалада, еуропа елдерінің сот төрелігінің жүйесі қарастырылып, ұлттық сот жүйелерінің ерекшеліктеріне және судьялар корпусының қалыптасу механизмдеріне талдау жасалынып, роман­герман және англо­саксон сот жүйесінің ерекшеліктері анықталады. Еуропа елдеріндегі (Франция, Германия, Англия және Италия) сот мекемелерінің пай­ да болуының заңдылықтарына басты назар аударылған. Бірінші, апелляциялық және кассациялық сатыдағы соттардың құзыреті және құрамы қарастырылып, сот жүйелерінің қалыптасуына ықпал етуші түрлі факторлар тарихи даму аясында айқындалған.
2014

Республикамызда жүргізіліп отырған құқықтық жүйені реформалау арқылы тәуелсіз сот жүйесінің негізі қаланып, заң үстемдігі қамтамасыз етіліп келеді. Енгізіліп отырған демократиялық озық дәстүрлерді құқықтық жүйеге сіңдіріп, сот төрелігін жүзеге асыру, судьяларға қойылатын талаптарды арттыру арқылы қазақстандық сот билігінің бейнесі күннен-күнге биіктеп келеді. Осы орайда, герман сот жүйесі қызметінің ұйымдастырылуына, Герман әкімшілік әділет жүйесіндегі судьялар мәртебесіне талдау жасау өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Мақалада неміс сот жүйесіндегі әкімшілік соттардың орны қарастырылады. Автормен Германия сот жүйесінің қалыптасуының алғышарттарына жалпы талдау жасалынады. Зерттеу барысында Германия әкімшілік сот судьяларының әкімшілік-құқықтық мәртебелерінің ерекшеліктері анықталды. Германия сот жүйесінің қалыптасуына ықпал етуші түрлі факторлардың рөлі қарастырылады.
2014

Қазіргі азамат өркениетінің алдыңғы қатарлы құндылықтарының және әлемдік саяси ойдың даму сатылары мен бүгінгі бағыттарын білу қазақ жұртшылығына аса қажет. Қазіргі таңда мемлекеттің өзі түбірлі, күрделі өзгерістерге ұшырағанын көреміз. Азаматтық қоғамның одан әрі дамуына сот жүйесінің тигізер әсері де, мәні де жоғары. Демек, Қазақстан Республикасындағы сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. «Қазақстан Республикасының сот әділдігін тек сот қана жүзеге асырады,» - деп Ата заңымызда бекітілген. Мемлекет Басшысы Н.Ә. Назарбаев Судьялардың IV съезінде сөйлеген сөзінде сот - құқықтық реформа «сот жүйесінің тиімділігіне байланысты түбегейлі проблемаларды шешуді көздейді, бұл мемлекеттің әрі қоғамның басты назарында болуы керек деп атап көрсеткен».
2009

Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттің конституциялық даму кезеңінің негізін қалаған акт болып табылады. Конституция бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты заңнамалық нормаларды, оның ішінде Конституция нормаларын сот тәжірибесінде қолдану мәселелері жөніндегі нормативтік қаулыларды қабылдау өкілеттігін атқарады. Сот қызметінің заңдық мәні де, саяси маңызы да өте зор. Мемлекет халықтың өз мәселелерін шешуге сенім артатын тәуелсіз әрі тиімді сот жүйесін құруѓа барынша көңіл бөледі.
2010

Сот билігі өзінің тəуелсіздігіне жəне тек қана заңға ғана бағынуына байланысты мемлекеттік механизмде ерекше орын алып отыр. Судьялар сот билігін жүзеге асырушы тұлғалар ретінде бірқатар нормативтік актілермен, оның ішінде ҚР Конституциясымен жəне конституциялық заңдармен айқындалған арнайы мəртебеге ие.
2011

Қазақстан Республикасында тұңғыш рет сот билігі мемлекеттік биліктің бір тармағы ретінде танылып, ол басқа мемлекеттік биліктермен бірдей жарияланды. Сол себепті осы мақалада сот билігін, сот əділдігін жақтаушы, əлеуметтік шиеленісті реттейтін адамдардың құқықтары мен бостандықтарын жəне олардың заңды мүдделерін қорғайтын орган есебіне қарай отырып, бұл органның құрылымына жəне судьялардың мəртебесіне тоқталдым.
2011
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы конституциясындағы сот жүйесі

Қазақстан Республикасы егемендігін жариялаған кезден бастап жүзеге асырыла бастаған саяси, əлеуметтік жəне экономикалық өзгерістер ұлттық құқықтық жүйенің, соның ішінде сот құрылымы мен сот ісін жүргізудің қалыптасуына жол ашты. Сол жылдардан бастап сот саласында мемлекеттік биліктің өз алдына дербес бір тармағы - сот билігінің қалыптасуына жол салған түбегейлі өзгерістер жүзеге асты.
2011

Бұл мақалада қарастырып отырған мəселе, Қазақстан Республикасындағы сот билігінің құқықтық қағидалары жəне оларды жүзеге асырудағы мəселелері.
2012

Бұл мақалада қарастырып отырған мəселе, сот жүйесін дамытудың перспективалары сотқа дейін сот өндірісіндегі бақылау аясын деңгейі бойынша кеңейту мүмкіндіктеріне байланысты. Аралық жəне арбитражды сот жүйелерінің қазіргі таңдағы даму жолдары.
2012

Ата Заңымызда əркім өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар екені қамтылған. Республика соттары сот билігін Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырады. Консти- туция бойынша сот төрелігін тек сот қана жүзеге асыра алады. Соттың ең басты мақсаты – азаматтар мен заңды тұлғалардың құқығын, бостандықтары мен заңды мүддеcін қорғау, Конституцияның, конституциялық заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз ету болып табылады. Биыл 20 қарашада өткен Қазақстан Республикасы Судьяларының VІ съезінде судьялардың, жалпы сот саласының соңғы 4 жылда атқарған жұмыстарының нəтижесі басты назарда болды.
2013

Тиісті мақалада сот жарыссөзі кезіндегі адвокаттардың қорғау сөзінің рөлі мен маңызы қаралады. Мақала авторы адвокаттардың қорғау сөздерінің бағыттарын жақсартып, көтеру мақсатында бірнеше нақты шараларды жүзеге асыруды ұсынады.
2014