Сақтандыру нарығында мемлекеттік құқықтық реттеуді жүзеге асыру мəселелері
Сақтандыру қатынастары сақтандыру ісін ұйымдастыру жəне жүзеге асыру барысында пайда болатын қатынастар. Осыған байланысты сақтандыру қатынастары ұйымдастырушылық қатынастар жəне материалдық қатынастар деп екіге бөлінеді. Сақтандыру операцияларын жүзеге асыруға байланысты қатынастар – материалдық қатынастар болып табылады, ал сақтандыру ұйымының ашылуына рұқсат беру, сақтандыру операциясын жүзеге асыруға лицензия беру, сақтандыру ұйымының Əділет органында тіркелуі, мемлекетпен сақтандыру қызметінің пруденциялдық нормативтер белгіленіп, реттелуі, сақтандыру ұйымдарына жаза шараларын қолдану мəселеріне байланысты пайда болатын қатынастар болып табылады. Ұйымдастырушылық қатынастар императивті, яғни бір жақты – өктем тəсілдермен реттеледі, ал материалдық қатынастар диспозитивті тəсілдің көмегімен реттеледі.
Б.Ө. Сман
2011