Сот ісін жүргізу

Прецедент дегеніміз – осыған ұқсас, келесі болатын жағдайларға үлгі боларлық жағдай. Яғни, өткен нәрсеге ұқсас нәрсені табу [1, 573]. Ал сот прецеденті (латын тілінен аударғанда ргаесеdens, praecedentis – алдында болған) – нақты істер бойынша сот арқылы қабылданған шешімдер. Оның негізі көрсетілген істерді талқылау барысында барлық немесе төменгі инстанциядағы соттарға үлгі ретінде міндетті болып табылады.
2009

Сот талқылауында іс бойынша барлық дәлелдер тікелей зерттелуге тиіс. Сот сотталушы адамның, жәбірленушінің, куәлардың айғақтарын тыңдауы, сарапшылардың қорытындыларын жария етуі және зерттеуі, заттай дәлелдемелерді тексеруі, хаттамалар мен өзге де құжаттарды оқуы, Қазақстан Республикасының ҚІЖК-де көзделген жағдайларды қоспағанда, дәлелдемелерді зерттеу жөнінде басқа да сот іс-әрекеттерінін жүргізуі тиіс.
2009

Қазіргі кезеңдегі демократиялық елдердің барлығы референдумды, мемлекеттік маңызды мәселелерді шешудің бірден-бір демократиялық жолы ретінде таниды. Қазақстанда дамыған мемлекеттердің үрдісіне ілесу үстінде қоғамдағы маңызды мәселелерді демократиялық жолмен шешуге көңіл қойып отырған мемлекеттердің брі болып табылады. Сондықтан да, референдум Қазақстанның конституциялық кеңестігінде маңызды роль атқарады. Осы жерде республикалық референдум дегеніміз не? - деген мәселеге тоқталық өту қажет болып табылады. Себебі, референдум мәселесінің ұғым-түсінігін айқындамай, оны өткізудің негіздері туралы сөз қозғау қиын. Қазақстан Республикасының 2 қараша 1995 жылы қабылданған “Республикалық референдум туралы” конституциялық заңында оған мынандай түсінік берілген: “Республикалық референдум – Қазақстан Республикасы Конституциясының, конституциялық заңдарының, заңдарының және мемлекеттік өмірінің өзге е неғұрлым маңызды мәселелеріне арналған шешімдерінің жобалары бойынша бүкілхалықтық дауыс беру” [1, 39 б].
2009

Қазақтың әдет-ғұрып заңдар жүйесі, мәдени және демократиялық дәстүрлерге негізделген. Сондықтан өзіне тән ерекше құқықтық реттеушілік мәнін ХХ ғасырдың басына дейін сақтап келді және көшпелі өркениеттің шаруашылық – тұрмыстық, дүниетанымдық негіздері осы жаңа дәуірге дейін сақталғанын байқаймыз. «Қазақтың көне құқығы, ұлан-ғайыр «еркін» аймақта орналасқан, түркі тілді көшпелі өркениеттің төл туындысы, әрі мәдени жемісі, әрі мұрасы». [1]
2009

Қазақ әдет құқығы пайда болып қалыптаса бастаған кезден-ақ оның құрамында адам өмірі мен оның денесінің саулығын қорғауға арналған қағидалар мен нормалар жүйесі түзіліп қалыптаса бастады. Бұл нормалар әуелде «қанға - қан, жанға - жан» қағидасы негізінде топтасып, іске асса, бірте-бірте бұл қағиданы «құн төлеу» институты ығыстыра бастағанын байқауға болады. Құн төлеудің негізінде адам өлімі үшін немесе адамның денесіне жарақат түсіргені үшін белгілі бір мөлшерде материалдық төлем ақы төлеу керек деген ой-сана жатты
2009

Қазақстан Республикасының қазіргі таңдағы әкімшілік-іс жүргізу заңнамасының қайнар көздерінің құрамын қарастырмас бұрын, Қазақстанның құқықтық жүйесін және оның эволюцияларының принциптерін қысқаша сипаттап кеткен жөн. Қазақстаның құқықтық жүйесі романо-герман құқықтық жүйесіне кіреді, сонымен қатар, ол Ресей және ТМД басқа да республикаларымен бірге дербес «Еуразиялық» топты құрайды.
2010

1990 жылдардың басында әлемдегі алып империяның бірі, КСРО ыдыраған кезеңде оның құрамына кірген одақтас республикалар бір мезетте өздерінің тәуелсіздіктерін жариялауға кірісті. КСРО-ның негізгі мұрагері болып саналатын Ресей Федерациясы да өзінің тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып жариялған болатын. Тәуелсіз мемлекет болу қандай  да  елдің арманы болса да, ол тәуелсіздікті жариялағаннан кейін оны баянды ету қажет. Осы қырынан алғанда Ресей Федерациясының мойнына үлкен  ауыр  жүк артылған болатын.
2010

Қазақстан Республикасы басты құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялы, зиялы, құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет болып саналады (Қазақстан Республикасы Ата Заңының 1 бабы). Азаматтық іс жүргізу заңдылығы сот қорғанысын қабылдау құқығын кепілдендірудің жүйесін, соттардың жұмыстарының тиімділігін арттырудың бір қатар құралдарын, сондай-ақ, жоғары тұрған соттардың төменгі тұрған соттардың іс-əрекетіне бақылау жүргізудің əдістерін қарастырады. Мемлекеттік жəне қоғамдық өмірдің құқықтық негізін үнемі нығайтуға, заңдылық пен құқық тəртіптерінің қатаң сақталуына, құқық қорғау органдары мен соттардың жұмысын жақсартуға ерекше көңіл  бөлінеді. Аталған органдар азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда алдыңғы қатарда тұр. Соттық қорғаныс алу құқығының кепілдіктерінің бірі, сонымен қатар, соттық бақылау жасауды жүзеге асырудың жетекші түрлерінің бірі болып апелляция табылады («апелляция» термині латын тілінен шыққан, сотқа шақыру, жоғары тұрған сотқа шағымдану деген ұғымды білдіреді), яғни, жоғары инстанциядағы соттың белгілі бір істі екінші рет қайта қарауын білдіреді [1].
2010

Қазіргі кезеңде құқық салаларының жүйесінде нормативтік қырларында үлкен өзгерістер болып жатыр. Отандық құқық саласының барлық жүйесін қамтып отырған мəселе болып табылады. Бұл азаматтық іс жүргізу құқығын да аттап кеткен жоқ. Азаматтық іс жүргізу құқығы сотпен азаматтық істерді қарау тəртібін анықтайтын құқық саласы болып табылады, яғни азаматтық іс бойынша сот əділдігін жүзеге асыру, сонымен қатар сот қаулыларын күштеп орындату тəртібін қарастырады.
2011

Көшпелі қазақ даласындағы демократиялық биліктің негізгі тұтқасы қазақ билеріне  тиесілі болған болатын. Қазақ билері хан билігінің тізгінін тарттырып отырумен қатар елдің ішіндегі үлкенді-кішілі дауларға бітім айтып, оның ушықпай бітіп отыруына үлкен ықпал еткен.  Қазіргі тілмен айтатын болсақ, қазақ ішіндегі сот билігі мен сот ісін жүргізу осы билердің қолында болған. Қазақ билерінің билік-шешімдері кезінде елден-елге тарай отырып, бүкіл қазаққа үлгі болған да болатын.
2011

Сот билігі өзінің тəуелсіздігіне жəне тек қана заңға ғана бағынуына байланысты мемлекеттік механизмде ерекше орын алып отыр. Судьялар сот билігін жүзеге асырушы тұлғалар ретінде бірқатар нормативтік актілермен, оның ішінде ҚР Конституциясымен жəне конституциялық заңдармен айқындалған арнайы мəртебеге ие.
2011

Үкімді шығару алдында Қазақстан Республикасының ҚІЖК 371 бабында көрсетілген мəселелерді қарастыра отырып, сот сотталушы үшін белгілі бір құқықтық салдары бар істі қараудың нəтижелерін құрайды. Үкім өзінде істі шешумен байланысты негізгі сұрақтарды құрайды.
2011

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.