Кәмелет жасына толмағандар

Алдымен сараптаманың не екеніне тоқталайық. Ол – мәселенің дұрыс шешілуі сол немесе басқа саладағы (медициналық сараптама, криминалистикалық сараптама, экологиялық, патенттік, бухгалтерлік, өнертанушылық, сот сараптамасы, салық сараптамасы  және  т.б.)  кәсіптік зерттеулер мен арнайы білімдерді талап ететін мәселелерді, мамандар (сарапшылар) немесе мамандар тобының зерттеуі  [1].  «Сараптама»  деген  сөз  латынның  «ехреrtus»  сөзімен  байланысты,  бұл «тәжірибелі», «хабардар» дегенді білдіреді [2]. Кез-келген адвокат кәмелетке толмағандардың құқығы мен мүдделерін қорғауда заңмен белгіленген бірқатар ерекшеліктерді пайдаланады. Бұл ерекшеліктер еліміздің қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көрсетілгенін ескеру керек. Адамның кәмелетке толмаған кезеңдегі дамуының ерекшелігін еліміздің және шетел психологтары мен заңгерлері мойындағаны белгілі.
2010

Кəмелет жасына толмағандардың құқық бұзушылық үшін жауапкершілгі жайлы мəселе қоғам өмірінде «қылмыстылықпен» күресті шешуде маңызды орын алады. Кəмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы жəне жазалау мəселелері ҚР Қылмыстық Кодексінің VI бөлімінде қарастылған. Бұл жағдай ең алдымен кəмелетке толмағандар қылмыстылығының жалпы қылмыстылықтың құрамдас бөлігі ретіндегі айтарлықтай өзіндік ерекшеліктерімен дəйектеледі. Бұл ерекшеліктер жасөспірімдер мен кəмелетке толмағандарды əлеуметтік – психологиялық тұрғыда өсіп жетілуінің өзгешеліктеріне: əлеуметтендірілу деңгейінің жеткіліксіздігіне, психофизикалық, жас жағынан жəне əлеуметті кемелденуінің олқылықтарына, адамгершілік құндылықтары жөніндегі одағай түсініктеріне, мінез-құлқының өзіндік қасиеттеріне, «формальды емес жетекшілердің» əсеріне тез берілуі, үлкендерге еріп кету жəне т.б. тəуелді болып келеді.
2010

Егеменді де өркениетті елдің бүгіні мен ертеңін өрге бастырар жас жеткіншектер екені белгілі. Болашақтың тізгінін ұстайтын олардың алдағы атқаратын іс-əрекеттерінің түп-тамыры бүгінгі күнмен тығыз байланысты.Жаңа Қылмыстық Кодексте кəмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы жеке дараланып, арнаулы бөлімде көрсетілген.
2011

Үкімді шығару алдында Қазақстан Республикасының ҚІЖК 371 бабында көрсетілген мəселелерді қарастыра отырып, сот сотталушы үшін белгілі бір құқықтық салдары бар істі қараудың нəтижелерін құрайды. Үкім өзінде істі шешумен байланысты негізгі сұрақтарды құрайды.
2011
Кəмелетке толмағандардың қылмыстылығы: жауапкершілік жəне жас ерекшелігі

Қоғамдағы əлеуметтік-экономикалық, саяси өзгерістердің жылдам əрі ауқымды процестері жалғасын тауып отырған бүгінгі таңда, əсіресе, көзқарасы толық қалыптаспаған, əлеуметтік құндылықтар жүйесі тұрақсыз жасөспірімдерге қиын соғады. Қылмыстық жəне қылмыстық іс жүргізу заңнамасы кəмелетке толмағандарды қылмыстық құқықтың субъектісі ретінде құқықтық қорғауды жеткілікті деңгейде қамтамасыз етеді. Қылмыстық жауапкершілік пен жазаның заң шеңберін анықтауда олардың жас ерекшеліктері ескеріледі.
2010

Мақалада кәмелетке толмағандардың қылмыстарын қарау ерекшелігі және сот төрелігін жүзеге асыру кезіндегі бастамалары сипатталады
2012

Ғылыми жұмыстың мақсаты болып кәмелетке толмағандардың ісі бойынша қазіргі кезеңдегі қылмыстық сот өндірісін жүргізудің басты мәселелерін ашып қарастыру табылады. Қылмыстың қандай себептер бойынша орын алуы зерттеліп, талдау жүргізілді. Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқық тәрбиесінің бұзылуы әлеуметтік, психологиялық тұрғыда сараланды. Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығына қатысты бұлтартпау шара- ларын қолдану ерекшеліктері қарастырылды. Кәмелетке толмағандардың заңды құқығын қорғау кепілдігінің мәселесі талқыланды.
2014