Денсаулық

Берілген мақалада Алматы қаласының Жетісу ауданы бойынша өндірістік мекемелеріндегі жұмыс істейтін адамдардың денсаулығының көрсеткіштері туралы мәліметтер берілген. Мақаланың соңында берілген кестеде жыл бойына тіркелген аурушаңдылық саны мен ауырған күндер тізімі берілген.
2013

Медицина саласындағы медициналық қызметкер мен пациенттің қарым-қатынасына қойылатын этикалық талаптар ерте заманнан бері қалыптасқан. Бүл мәселелер туралы көптеген атақты дәрігерлердің, соның ішінде Гиппократтан бастап, қазіргі заманауи биоэтика саласындағы зерттеушілердің еңбектерінде жазылған.
2013

Берілген мақалада Қазақстан Республикасының мүнай кен орыны аймақтарындағы (ҚМГККО мысалында) өнеркәсіп орындарында атмосфералық ауаға шығарылған тастамаларына, жаңа әдіснамалық зерттеу тәсілімен талдау жүргізу үлгісі келтірілген.
2013

Төмендегі мақалада Алматы қаласы бойынша су нысандарына жылдық қорытынды бақылау нәтижелері берілген.*1.2+ Жерасты және жерүсті суларының ластануынан қорғау және тастандыны утилизациялау іс – шаралары енгізілген. Қазіргі уақытта қаламыздың су нысандарының жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда.*3+
2013

Төмендегі мақалада Алматы қаласының Медеу ауданының туберкулезбен аурушаңдық көрсеткіштері берілген. 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы туберкулез жағдайының саны азайғанын байқауға болады.
2013
Алматы қаласы Медеу ауданының 2012 жылға туберкулезбен аурушаңдық көрсеткіші

Мақалада білім алушы жастардың дене, соның ішінде, күш қасиеттерін жетілдіру жолдары, әдістері және тестілеу түрлерінің нәтижелері жайлы сөз қозғалады. Қазіргі кезеңде жастардың әлжуаздығы, заманауи ерекшеліктеріне беріле, отырықшы өмір сүру дағдылары осы салада жұмыс істейтін педагог мамандар, дәрігерлер үшін өте түйткіл мәселе болуда. Сондай кері әсерлерді болдырмау жолдарының бірі ретінде, жастарға күш қабілеттіліктерін дамыту  үшін жасалынған тәжірибе мен оның нәтижелері жайлы ауқымды материал берілген. Атлетикалық гимнастикамен айналысудың осы кезеңінде күш қабілеттіліктерін мүмкіндігінше жоғары деңгейде дамытуға болады. Осы жасақталған тәжірибелік әдістеме, педагогикалық тәжірибе барысында нақты нормалау арқылы, тексерілушілер қолданатын күш жаттығуларының әсерлі тиімді параметрлерін өзіне қосулары қажет екендігі анықталды: демалыс, қайталау саны, серия саны, демалыс сипаты.
2015
Күш  мүмкіншіліктерінің даму деңгейін жоғарылататын атлетикалық гимнастика арқылы білім алушы жастардың дене тәрбиесі  үдерісін жетілдіру

Қазақстан Республикасындағы позитивті əлеуметтік өзгерістер заманауи əлемнің тенденцияларымен қатар келе жатыр, сонымен бірге, ұлттық жəне аймақтық ерекшеліктер сақталынған. Осы үрдістің маңызды факторлары мен негіздері Қазақстан Республикасы Елбасының кітабында айқындалған [1]. Қоғамдық құрылымда жүзеге асырылып жатқан өзгерістердің негізгі мақсаты – маңызды элементтерінің бірі қоғамдық денсаулық болатын халықтың өмір сапасын жоғарылату.
2011
Денсаулық халықтың өмір сапасының индикаторы ретінде

Медицина қызметкерлерінің қызметіндегі абайсызда жасалынған қылмыстылығымен күресудің басымдықты бағыттарының бірі болып емдеу мекемелерінің қызметіне ұтымды әсер ету арқылы, осы жағымсыз әлеуметтік құбылыспен қүресу танылады. Қазіргі таңда қолданыстағы қылмыстық заңнама науқастардың денсаулығына ауыр зиян келтірген немесе адамды қазаға ұшыратуға әкелген жағдайларда ғана медицина қызметкерлерін қылмыстық жауаптылыққа тартуға мүмкіндік береді. Медицина қызметкерлерінің біліксіздікпен адамның өмірі мен денсаулығына келтірілуі мүмкін қауіпті әрекеті қылмыстық құқықтың назарынан тыс қалуда.  Сонымен қатар, медици-  на қызметкерлерінің арасында жасалынған қылмыстылығына ықпал етудің мүмкіндігіне ерекше назар аударуымыз қажет. Оларға ықпал ету қылмыстық шаралармен емес, әлеуметтік алғышарттармен жүргізілуі қажеттілігіне тоқталған. Аталған пікір көптеген қазақстандық криминологтардың тарапынан қолдау табуда және біз осы көзқараспен толықтай келісеміз. Қазіргі жағдайларда қылмыстылықтың аталған түрін алдын алу қызметі оның әлеуметтік себептерін жан-жақты зерттеу және талдау арқылы жүргізілуі қажет.
2015

Қылмыстық құқық саласында өзекті құқыққа қайшы іс­әрекет ретінде, медицина қызметкерлері тарапынан жасалған қандай қыл­ мыстық құқық бұзушылықтарды кәсіби құқық бұзушылықтарды жат­ қызуды анықтау мәселесі өзекті болып қалуда. Қазақстан Республи­ касының Қылмыстық заңнамасы медицина қызметкерлері тарапынан жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жеке қылмыстық құ­ қық бұзушылықтар тобына жатқызады. Медицина қызметкерлерінің қылмыстық жауаптылығының ерекшеліктері олардың субьектісінің ерекше мәртебесімен және кәсіби қызметінің әлеуметтік мәнімен анықталады. Отандық қылмыстық  құқықтың  доктринасына  сәй­  кес, ҚК Ерекше бөлімінің баптарында субъектінің ерекше белгілері көзделсе арнаулы субъект болып танылады. Қылмыстық құқық бұ­ зушылықтың арнаулы субъектісі  болып,  жалпы  субъектінің  қажет­  ті белгісінен басқа (есі дұрыстық, белгілі бір жасқа толу), сияқты белгілерден басқа нақты қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін басқа тұлғаларды қылмыстық жауаптылыққа тарту мүмкіндігін шектейтін ерекше қосымша белгілерді де иеленуі қажет. Медицина қызметі саласында қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісінің белгілерін анықтауда анықтаушы фактор ретінде заңмен белгіленген медициналық көмек көрсетудің болуы танылады.
2016

Құқық теориясының, оның ішінде еңбек құқығы теориясының қазіргі даму деңгейінде құқық қағидасына деген жалпы, өзара келісілген, бір ортақ көзқарас әлі де қалыптаспаған. Кездесетін тұжырымдамаларды негізгі үш топқа бөлуге болады: біріншілері, құқық қағидасының құқық нормаларында белгіленгеніне немесе белгіленбегеніне қарамастан негізгі бастапқы идея болып қала береді дейді[1]. Екіншілері, құқық қағидасының идея арқылы анықталуына, белгіленуіне қарсы екенін білдіреді[2]. Ал үшінші топ зерттеушілерінің көзқарасына сәйкес, құқық қағидасы – бұл қоғамдық қатынастарды реттеудің жалпы бағыты мен мазмұнын анықтайтын, заңнамада бекітілген негізгі бастама, идея[3].
2009

«Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы»- деп басталатын біздің Конституциямыздағы осы сөздерде мемлекеттілігін жаңғыртып, жаңа əділетті қоғам орнатуды мұрат тұтқан сан ұрпактың тарих сабақтастығы тоғысып жатыр. Мемлекет - аумақтың тұтастығы, азаматтардың топтасқандығы, билік институттары ғана емес, біз сонымен қатар ол өз бойына алдыңғы ұрпақтын өмір тəжірибесі мен жарқын болашаққа деген ізгі үмітін сіңірген Конституция деп те білеміз.
2010