Бағалы қағаздар нарығы

Тәуелсіз Қазақстанның экономикасы шаруашылық институттардың, сапалы жаңа механизмдердің пайда болуымен және дамуымен байланысты нарықтық бағытқа көшті. Осы нарықтық қатынастардың негізгі айналымыдарының бірі - бағалы қағаздар болып табылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде бұрынғы кодекспен салыстырғанда бағалы қағаздарға азаматтық құқықтың объектісі ретінде арнайы бөлімше қарастырылған. Бағалы қағаздардың түсінігіне тоқталмас бұрын, заң ғылымында осы терминге қатысты көзқарастарға тоқталайық.
2009

Нарықтық экономика жəне кəсіпкерлік қызметтің дамуы барысында меншікке, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық жəне өзге де қылмыстар бағалы қағаздар нарығында кең орын ала бастады. Бағалы қағаздармен жанама да қатысы бар аталған қылмыстар еліміздің əлеуметтік-экономикалық тұрақтылығына зор нұқсан  келтіруде. Сəйкесінше, бұл жағдай қылмыстылықпен күресу мақсатында қылмыстық нормаларды зерделеп, оны тез арада жетілдіру міндетін алға тартады. Осы орайда, бағалы қағаздар нарығымен жанама да қатысты қылмыстық нормалардың кейбір құрамдарына арнайы тоқталсақ.
2012

Ғылыми жұмыстың мақсатына сəйкес қор биржасы жəне бағалы қағаздар нарығына құқықтық сипаттама беріледі. Қор биржалары мен биржадан тыс ұйымдардың ерекшеліктері, сондай-ақ бағалы қағаз нарығының инфрақұрылымының субъектілері қарастырылған. Зерттеу барысында бағалы қағаздар нарығының қатысушыларына жеке тоқталып, олардың қызметтері талқыланады.
2013