Халықаралық қатынастар

Мақалада араб мемлекеттерінің қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі кейбір мәселелері қарастырылады. Халықаралық қатынастардың қазіргі жүйесіндегі Солтүстiк Африка мен Таяу Шығыс аймағы экономикалық, жағрапиялық және геосаяси, саяси, әскери, көші-қон секілді бірқатар факторлармен анықталады. Әлемнің ең бір тұрақсыз аймағы ретінде де танымал. Араб Шығысындағы аймақтық дағдарыс ақуалы осы аймақта орналасқан мемлекеттердің бір-бірімен мүдделерінің қарама-қайшы болу, аймақтық емес державалардың бәсекелестігі, ұлтаралық және дінаралық қақтығыстармен де байланыс тапқан.
2015

Бұл мақалада Үндістан мен Бангладеш арасындағы өзекті мәселелердің кейбір астарлары қарастырылады. Үндістан мен  Бангла-  деш арасындағы қатынастарды күрделендіре түскен мәселелер үш санатты қамтиды. Олардың біріне Ганг өзенінің суын бөлісу туралы мәселе жатады. Екінші мәселе – Бангладештен ағылған заңсыз иммигранттар болса, Үндістан жағы олардан қорғану үшін сондай-ақ заңсыз иммигранттардың толқынынан қорғану үшін Үндістан тіпті тікенек сымдардан қорған салған еді. Қатынасты шиелендірген келесі бір мәселе Бенгал шығанағындағы кішігірім бір аралдың кімдікі екендігіне қатысты дау еді. Ол Нью-Мур аралы ретінде және Батыс Бенгалияда Пурбашеби деген атаумен, ал Бангладеште Талпатти деген атпен белгілі. Осы мәселелерді және екі елдің болашақ қатынастарын талқылай келе, мақалада осы мәселелердің шешілуіне кедергі келтіріп отырған факторлар қарастырылады және екіжақты қатынастарды Оңтүстік-азиялық қауымдастық шеңберінде дамытуы жөнінде кейбір  ұсыныстар жасалынған.
2015