Сыртқы саясат

Бүгінгі әлемдік саясатта Иран елінің ядролық бағдарламасына қатысты саяси ұстанымы өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. АҚШ-тың президенті болған Дж.Буш-кіші өзінің билік басындағы соңғы сәтіне дейін Иранның ядролық бағдарламасының дамуына және ирандық ішкі саяси тәртібіне қарсы бағытталған қатаң саясатын еш өзгертпеді. Оның түсінігі бойынша «Иран - әлемдік лаңкестіктің ең басты демеушісі. Оның іс-әрекеттері барлық ұлттардың қауіпсіздігіне қатер төндіруде. Сондықтан да, әлі де кеш болмай тұрғанда АҚШ осы қатерге қарсы тұру мақсатында Парсы шығанағы аймағындағы серіктестерімен бірге және бүкіл әлемдегі шынайы достарымен қосылып, қауіпсіздік саласындағы өзінің бұрынғы жасаған іс-әрекеттерін күшейтуде», осыған орай 2008 жылы өзінің таяу шығыстық сапары барысында ол бірден осы ойын жариялай отырып, Иранға қарсы қатаң сынға көшкен болатын.
2009

ХХ ғасырдың екінші жартысынан Жапония халықаралық қатынастар сахнасында беделді Азия- Тынық мұхиты аймағының ойыншысы ретінде әрі экономикалық тұрғыдан да дамыған мемлекет ретінде байқалды. Табиғи қорларының болмауына қарамастан, Жапонияның «қырғи-қабақ соғысы» жылдарында «экономикалық ғажайыптың» арқасында жоғарғы жетістіктерге жетуі Жапонияның сыртқы және ішкі саясатының өзіндік ерекшелігін байқатады.
2009

XX ғасыр 20-жылдары халықаралық қатынастар салыстырмалы түрде тұрақтанып, әлем бір сәт тынышталған еді. Алайда бұл күрдтер қоныстанған аймаққа қатысты болмады. Лозанна конференциясынан кейін қалыптасқан жағдай Таяу Шығыс халықтары мен елдеріне еркіндік, тұрақтылық және қауіпсіздікті алып келмеді. Бұл кезеңге дейін орын алған халықаралық қақтығыстар әрі қарай жалғасын тауып, өршіп отырды. Оның бірі - Күрдістан болатын. Күрд халқы соғыстан кейінгі жағдаймен келісе алмады. І дүниежүзілік соғысы кезінде, Севр келісімі уақытысында күрдтер тәуелсіздік алуға бір қадам жақын еді, бірақ төрт бөлікке бөлініп кетті. Лозаннадан кейінгі жаңа кезеңде күрд мәселесі (ұлттық тәуелсіздік үшін күресі) Түркия, Иран, Ирак пен Сирияның саяси тарихының тұрақты факторына айналды.
2009

ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдің сыртқы саясаты елдің ішкі дамуындағы мәселелермен байланысты болды. Ресей, негізінен ішкі мәселелерге басымдылық беріп, халықаралық қақтығыстардан барынша аулақ болуға тырысты, Еуропадағы белсенділіктен бас тартып, даулы мәселелерді дипломатиялық жолдармен шешуге ұмтылып отырды.
2009

КСРО құлауынан кейін тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан алдында жаңа әлемдік тәртіп жүйесіндегі халықаралық қатынастардың дамуында өзіндік рөлге ие болу мәселесі туындады. Евразия құрлығында орналасқан мемлекетіміздің өркендеуі мақсатында географиялық орналасуы мен табиғи байлықтардың молдығын ескере отырып, өзге мемлекеттермен байланыстарды сәтті дамытуда, ең әуелі сыртқы саясатымызды байыптылықпен қалыптастыру қажет болды.
2009

Қытай бүгінгі таңда XXI ғасыр үлгісіндегі жаңа мемлекеттің негізін қалауда, оның саясаты ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған. Осы бағыттағы ең маңызды мәселе – этникалық топтардың алатын орны. Шекара қорғанысының нығаюын тілге тиек еткенде біз бірден аз ұлттар қоныстанған аудандарды алға тартамыз. Қытай түсініктері бойынша аз қоныстанған аудандарға солтүстік-батыс, батыс аудандарды жатқызады, оларға ішкі Монғолия, ШҰАА, Тибет кіреді. Көріп отырғанымыздай, халықтың тығыз қоныстануына әртүрлі тарихи процестермен бірге климаттық жағдайлар да әсер еткен.
2009

Cыртқы саясаттың жасалуы және жүзгізілуі ешқашан ішкі саясаттан бөлек жүзеге асырылмайды. Мемлекеттердің халықаралық майданда ортаға қойған саясаты негізінде ол мемлекеттердің сыртқы саясаттағы мақсаттары, экономикалық жағдайларының әлеуметтік деңгейі және ішкі саясаттағы болып жатқандардың бір жиынтығы болып алдымызға шығады. Әртүрлі ықпалдардың жиынтығы ретіндегі осы саясаттар халықаралық конъюнктураға сәйкестігі мөлшерінде жүзеге асырылады.
2009

Парсы шығанағы аймағында геостратегиялық жағдайдың өзгеру үрдісі Ирақтың Араб бұғазында орналасқан араб монархиялары елдерімен қарым-қатынасының дағдарысы нәтижесінде басталды. 1990 жылы Ирақ-Кувейт дағдарысы сахнаға шықты. Кейін БҰҰ-ның Саддам Хусейнді оккупацияланған Кувейт аймағынан Ирақ әскерін шығарту үшін бірқатар сәтсіз талпыныстары, АҚШ қарамағында антиирақтық коалиция мен көпұлтты күштердің құрылуы, нәтижесінде, «Шөл дауылы» - АҚШ пен оның одақтастарының Кувейт аймағын босату бойынша іс-қимылдар орын алды.
2009

Қытай мен Қазақстан іргелес көрші мемлекеттер. Көршілердің бір-біріне болған көзқарастарының, саяси концепцияларының өзгеріп отыруы – тарихи әлеуметтік тәжірибеге байланысты процеcс. Өйткені әлеуметтік тәжірибе (практика) әрқандай теориялар мен концепциялардың дұрыс-бұрыстығын экспертизациядан өткізуші фактор болып табылады. Олай болса, біз Қытайдың Қазақстан туралы концепциясының тарихи эволюциясына сараптама жасап көрейік.
2009

Қоғамтану ғылымының түрлі-түрлі білім бөлінуіне байланысты саясаттану да өзіндік бір жүйелі, пәндік сипаты, категориялық құрылымдары мен өз заңдылықтары бар ғылым болып қалыптасқан. Оның өз алдына дербес ғылым болып қалыптасуына қоғам өміріне, қоғамдық қарым-қатынастарға саясаттың өктемдік жасап қоғамдық болмыстың (формасына) түр-бейнесіне тигізетін ықпалы күшті, сол арқылы қоғамның саяси өміріне тигізетін әсері себеп болды.
2009

Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы геосаяси жəне геостратегиялық қарым-қатынастар тең құқықты, достық қатынастар негізінде қалыптасуда. Іс жүзінде бұрынғы кеңестік кеңістіктегі барлық елдерге, оның ішінде Қазақстанға да Ресей басты əріптестердің бірі болып қала береді. Ресей – бұрынғы кеңестік кеңістіктегі мемлекеттердің ішіндегі аумақты жəне қуатты державаның бірі. Сондықтан да Еуразия кеңістігінде тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтауда Ресейдің де үлесі едəуір салмақты. Қазақстан Республикасы тəуелсіздігін жариялаған жылдардан бастап өзінің сыртқы саяси стратегиясында Ресей Федерациясымен қарым- қатынастарды басымды бағыт деп жариялады.
2010

1990 жылдың басында КСРО-ның ыдырауы мен Ресей Федерациясының қоғамдық-экономикалық құрылымындағы түбегейлі өзгеріс АҚШ пен Ресей арасындағы бұрынғы қарым-қатынастың өткен- кеткенін көрсетеді. Кеңес Одағының құлдырауымен халықаралық қатынастар жүйесі биполярлық жүйеден монополярлы жүйеге көшті. КСРО-ның əлемдік сахнадан кетуі аса қуатты держава болып қалған АҚШ-қа əлемдегі түбегейлі өзгерістерді, сонымен қатар барлық геосаяси жəне стратегиялық артықшылықтарын ескере отырып, өзінің сыртқы саяси бағдарын қайта қарастыруға жол ашты.
2010

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.