Этномәдениет

Жеке адамның даму жағдайының этномәдениеттік жақтарын Р. Бенедикт,  А. Кардинер, И.С. Кон, М. Мид, М.М. Мұқанов [1] еңбектерінен көреміз. Бұл зерттеулер жеке адамның дамуындағы этникалық, тарихи және табиғи жағдайлардағы тәуелділікті көрсетеді. Соңғы кездері этнос психологиясының мәселелері жиі ауызға алынып, оның кейбір жақтарың С.М. Джакупов, Д.Д. Д‰йсенбеков, Қ.Б. Жарықбаев, Н.А.Логинова, А.Г.Малаева,  В.К. Шабельников, Б.А. Амирова және т.б. отандастарымыз зерттеп жатыр [1].
2009

Қазақстан Республикасы өзін азаматтардың тең құқығы заңды тұрғыда бекітілген демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет ретінде жариялайды. Оған Президентіміз Н.Ə. Назарбаевтың ОБСЕ-нің мəдениетаралық, дінаралық жəне этникааралық төзімділік бойынша жиналысындағы сөзі тағы да дəлел болады: «... Қазақстанда маңызды стратегиялық міндет шешімін тапты –  ұлттық  азшылықтардың  олардың  мəдени  жəне  ұлттық  бірдейлігімен  байланысты қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін  максималды  түрдегі  барлық  жағдайлар жасалынды. Оның ішінде ең маңыздылары мəдениет жəне білім, туған тілін сақтауға қатысты. Қазақстанда қоғам мен мемлекеттің сұхбат ету қағидасы басшылыққа алынған ұлтаралық келісімді сақтаудың ұтымды жүйесі қалыптасқан» деген болатын [1].
2010

Мақала қоғам өмірінің дамуына тежегіш болатын масылдылық феномені, оның шығу себептері мен зардаптары, оған алып келетін рухани және физикалық факторларды зерттеуге арналған. Мемлекеттік басқару құрылымының, идеологияның қоғамда осы феноменнің көрініс табуына тигізетін әсері, түрлі бағыттағы елдердің тәжірибесін талдау арқылы көрсетілген. Атап айтқанда, АҚШ пен КСРО халқының еңбек жағдайы салыстырылып, түрлі жүйеде өмір сүріп жатқан Оңтүстік және Солтүстік Корей мемлекеттерінің өмірін мысалға ала отырып пікір білдірілген. Түркия халқының еңбекке көзқарасының ұстанған рухани бағытымен байланысы арқылы көрсетуге тырысады. «Қазақстандық қоғам неліктен үздік нәтижелерге қол жеткізе алмауда?»,«Қазақ болмысынан масыл ма, әлде тарихи жағдай «масылдардың» көбеюіне жол ашты ма?», «Әлеуметтік масылдылықтың зардабынан қалайша шығынсыз, ұтымды құтылуға болады», «Елдегі еңбек қатынастарының қалыптасуы мен даму үдерісі дұрыс жолға қойылу үшін не істеу керек?» деген сынды әрқилы сұрақтардың жауабы халық санасы мен бүгінгі жай-күйін талдай отырып түйінделген. Халықтың еңбек мәселесіне қатысты Абай, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов секілді тұлғалардың ой-пікірлері, халық ауыз әдебиеті мен мақал-мәтелдері әлеуметтанулық тұрғыдан талданады. Масылдылықты жоюдың ең тиімді жолы ретінде Самсунг, Тайота сынды ірі компаниялардың корпоративтік мәдениетті жолға қою әдісі сарапталған.
2013

Мақалада «этнос» ұғымына адамдардың: ұрпақтардан, халықтардан, ұлттардан құралған тұрақты тарихи туындаған әлеуметтік қауымдастық деп тоқталады. Толеранттылық басқалардың мінез-құлық модельдерін, нанымдары мен құндылықтарын либералды қабылдау. «Мәдениет» түсінігі көп аспектілі феномен болғандықтан, қиын анықталатын ғылымның бірі. Мәдениеттің маңызды бағыты адамардың өмірінің мәнімен ұштастырылады, белгіленген қауымдастыққа бағынышты. Бағалылық жүйесі мақсаттармен және олардың жетістіктерімен байланысты, өмірге мән-мағыналық береді. Мәдениет қоршаған әлемде болып жатқан идеялар мен заттардың категоризацияларының мағыналық алаңы. Әлем адамдардың санасымен, идеяларымен, заттарымен мағынасын тауып құрылады.
2015

Мақалада әр алуан тoптардың, таптардың бір­біріне деген қа­ рым­қатынастарын, жақындығын, қарама­қайшылығын, қoғамдағы oрнын білдіріп, әлеуметтік қатынас құрылымының дәстүрдің сәй­ кестендіріліп, заманауи ағымына сай өзіндік итеграциялауын ғылыми әдіснамалық жолмен сараптап, негізгі ерекшеліктеріне тоқталған.
2015

Мақалада қазақстандық қоғамда, отбасында, мектепте өскелең ұрпаққа этникалық тәрбие беру мәселелері қарастырылады, этномәдени білім берудің теориялық­әдіснамалық негіздері ашылып көрсеті­ леді. Қазақстандық ғалымдар мен педагогтардың еңбектеріне сарап­ тамалық талдау жасалынған. Соның негізінде автор этнопедагогика, этнопсихология, этнос терминдеріне түсіндіру контексінде этномәдени білім берудің мәнін ашып, қазақ халқы мәдениетіндегі этнотәрбие мен қазақ тілінің маңыздылығын көтереді.
2015

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.