Статьи, год 2009

ХХ ғасырдың екінші жартысынан Жапония халықаралық қатынастар сахнасында беделді Азия- Тынық мұхиты аймағының ойыншысы ретінде әрі экономикалық тұрғыдан да дамыған мемлекет ретінде байқалды. Табиғи қорларының болмауына қарамастан, Жапонияның «қырғи-қабақ соғысы» жылдарында «экономикалық ғажайыптың» арқасында жоғарғы жетістіктерге жетуі Жапонияның сыртқы және ішкі саясатының өзіндік ерекшелігін байқатады.
2009

Қытай Халық Республикасы мен Иран Ислам Республикасы бүгінгі таңдағы халықаралық қатынастарда өзіндік ерекшелігі бар сыртқы саясатты ұстанатын мемлекеттердің қатарында. Бұл екі мемлекетті, жалпы алғанда, өзара достас мемлекеттер деп айтуға әбден болады. Иранның ядролық бағдарламасы, сондай-ақ оның сыртқы саясатындағы негізгі ұстанымдар Қытай мен Ресей секілді алпауыттардың қолдауына ие болып отырғаны белгілі.
2009

Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігіне қол жеткізген сәттен бастап өзінің сыртқы саяси басымдықтарының бірі ретінде Иран Ислам Республикасы ынтымақтастығын дамытып нығайтуды мақсат тұтты. Қазақстан Республикасы үшін Иранның географиялық орналасуы стратегиялық  маңызы бар. Себебі, біздің еліміздің әлемдік коммуникацияларға шығуы және екі елдің Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше болуы сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға негіз салып берді. Иран Ислам Республикасы орасан зор адам ресурстарын, дамыған индустриялық өнеркәсіп және ауыл шаруашылығын, айтарлықтай инвестициялық мүмкіндіктерді иемденді.
2009

Әлемде қазір аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз ету саласымен өзара тиімді экономикалық және мәдени әріптестік мақсатындағы байланысты қалыптастыруда бүгінгі таңдағы Иран және Ресей сияқты державалардың стратегиялық әріптестігі, географиялық жағынан бір-біріне жақындығы маңызды рөл атқарады. Ресей-Иран  стратегиялық   әріптестігінің  алғышартына  негіз болып отырған факторлардың аясы кең. Еуразия аймағындағы жалпы геосаяси жағдай Ресей-Иран арасындағы ынтымақтастық пен қарым-қатынас сипатына байланысты.
2009

Қазіргі халықаралық қатынастарда аймақтық деңгейдегі мемлекеттер арасындағы ынтымақтас- тықтың алатын орны ерекше. Өйткені әрбір мемлекет алысқа кетпей-ақ, ең алдымен өз аймағында позициясын нығайтып, көрші мемлекеттермен ынтымақтастығын күшейтіп, әлемдік аренадағы өз орнын нақтылауды көздейді. Сонымен қатар ХХІ ғасырдың ерекшелігі сонда, әрбір мемлекетке қатысты мәселелердің ғаламданғаны соншалық, ешбір ел өз бетінше жеке дами алмайтын күйге  жетті.
2009

Ядролық қауіпсіздік жарты ғасырдан астам уақыт бойы әлем назарында ең күрделі, ең қатерлі мәселе болуда. Көп жылдар оның шешімін іздестіруге әлем жұртшылығы қатысып келген. «Қырғи қабақ» соғыс кезіндегі бәсекелестікте бес алып мемлекеттің қолында бүкіл адамзатты жоюға шамалы қару қорлары шоғырланған. Тек ядролық сынақтардың өзі өмірге шексіз қауіп төндіргені белгілі. Әлемде 2025 сынақ жүргізілген қазақ халқындай азап шеккен бірде-бір халық болмағанын атасақ артық болмас.
2009

Қазіргі қоғам өмірінің дамуымен қатар қылмыстылық құбылысы да қарқынды сипатқа ие болып отыр. Осы бір қылмыстылық дертінің бір бөлігі болып табылатын қылмыстың қайталануы және оның алдын алу мәселелері, онымен күресу жолында маңдай тер еңбегін төгіп жүрген адамдардың қай- қайсы болмасын алаңдатпай қоймайды. Осы ретте қылмыстың қайталануының алдын алу  мәселелерін жетілдіру бүгінгі күнге дейін өзекті мәселе болып отыр.
2009

Әр елде мемлекет азаматтарының құқықтық жағдайы онда тұрып жатқан шетел азаматтарының құқықтық жағдайынан өзгеше екені баршамызға мәлім. Бұл ерекшелік белгілі бір мемлекет аумағына қатысты шетел азаматтары құқықтарының кейбір жағдайларда шектелетіндігінен көрініс табады. Мысал ретінде айтар болсақ, кейбір мемлекеттерде жергілікті жұмыс күштерінің мүдделерін қорғау мақсатында шетелдіктердің заңды еңбек етулеріне қатаң шектеулер қойылған [1].
2009

Қазіргі уақытта қылмыстылықтың әртүрлі нысандары мемлекеттердің дамуына кері әсер ететін теріс құбылыс болып отырғандығы баршаға аян. Осындай жағдайда жан-жақты ойластырылған кешенді (қаржылық-материалдық, ғылыми, кадрлық, идеологиялық, нормативтік-құқықтық және т.б. қамтамасыз етілген) бағдарламаның қажеттігі айдан анық. Бір сөзбен айтқанда, қазіргі қылмыстылық тарихи мол және халықаралық бай тәжірибені ескерген біртұтас, салиқалы қылмыстық саясатты ұйымдастырудың жаңа жолдарын зерттеуді талап етеді.
2009
Тег: Ақпарат

Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғында Иран өндірісі нашар дамыған, ауыл шаруашылығында жартылай феодалдық қатынастар басым келген аграрлық ел болып қала берді. Капитализмге дейінгі өндірістік қатынастардың ыдырауы және осы реттегі капитализмнің үздіксіз дамуы елдегі ішкі саяси жағдайды қиындатты. Бұған Иран үкіметінің жүргізген экономикалық саясаты әсер етпей қоймады. Шетел тауарларының елге кіргізілуіне кең мүмкіндік бере отыра Иран үкіметі ұлттық өндірушіні тең емес бәсекеге итермелеп отырды.
2009

XX ғасыр 20-жылдары халықаралық қатынастар салыстырмалы түрде тұрақтанып, әлем бір сәт тынышталған еді. Алайда бұл күрдтер қоныстанған аймаққа қатысты болмады. Лозанна конференциясынан кейін қалыптасқан жағдай Таяу Шығыс халықтары мен елдеріне еркіндік, тұрақтылық және қауіпсіздікті алып келмеді. Бұл кезеңге дейін орын алған халықаралық қақтығыстар әрі қарай жалғасын тауып, өршіп отырды. Оның бірі - Күрдістан болатын. Күрд халқы соғыстан кейінгі жағдаймен келісе алмады. І дүниежүзілік соғысы кезінде, Севр келісімі уақытысында күрдтер тәуелсіздік алуға бір қадам жақын еді, бірақ төрт бөлікке бөлініп кетті. Лозаннадан кейінгі жаңа кезеңде күрд мәселесі (ұлттық тәуелсіздік үшін күресі) Түркия, Иран, Ирак пен Сирияның саяси тарихының тұрақты факторына айналды.
2009

ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдің сыртқы саясаты елдің ішкі дамуындағы мәселелермен байланысты болды. Ресей, негізінен ішкі мәселелерге басымдылық беріп, халықаралық қақтығыстардан барынша аулақ болуға тырысты, Еуропадағы белсенділіктен бас тартып, даулы мәселелерді дипломатиялық жолдармен шешуге ұмтылып отырды.
2009