Статьи, год 2009

Қазақстан Республикасының тəуелсіздігін жариялау жəне егемендігін алуы шетел мемлекеттерімен саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық, мəдени жəне басқа да қатынастарды нығайтты. Бұл халықаралық қауымдастықпен қарым-қатынас əдістері мен формаларын жаңарту қажеттілігін тудырды. Дүниежүзілік қауымдастыққа ене отырып, Қазақстан Республикасы өзінің халықаралық құқық субъектілігін дамытатын, əрі іске асыратын оның шынайы мүшесі болуы тиіс болды. Халықаралық құқықта субъектінің объективті сипаттары төменде көрсетілгендер болып саналады: біріншіден, халықаралық құқықтағы басты субъектілерге тəн тəуелсіздік, екіншіден, дербес келісім тəжірибесі, үшіншіден, шет мемлекеттер мен өкілділіктермен дипломатиялық жəне консулдық айырбас, төртіншіден, тəуелсіз мемлекеттің халықаралық ұйымдар қызметіне қатысуы [1]. Еліміздегі барлық этностардың шынайы келісім мен бірлікте өмір сүруі, ең алдымен қазақ халқының ата дəстүрі жəне табиғи кеңпейілдігі, ұлттық ділінің кеңдігі арқасында екендігінде дау жоқ. Дегенмен, Қазақстан тəуелсіздік алған кезде ел басшылығы алдында халықтың келісімін сақтап қалу, қоғамның барлық күш-əлеуетін бір мақсатқа жұмылдыру басты назарда ұсталды. Себебі 100- ден астам этнос өкілдерінің басын біріктірмесе, «бас басына би болып», əрқайсысы «көрпені өзіне тарту» басталар еді. Сонымен қатар саяси күштер бұл жағдайды өзіне қарай бұра тарту қауіпі бартұғын [2].
2009

Кез келген тірі құрылымның тіршілік ету ортасында бейімделуі  шектеулі. Жануарларда қоршаған ортада бейімделу кезінде арнайы сезім органдары түріндегі ерекше механизмдер, сонымен қатар арнайы физиологиялық механизмдер мен əрекет түрлері пайда болады. Экологтардың бақылауынша, жануарлардың əрекеті негізінен белгілі бір ортаға бейімделуге бағытталған. Өзіне бейтаныс жерге жіберілген жануар, бірінші кезекте, сол жердің шекарасын айнала иіскеп, содан соң сол жерде орналасқан барлық заттарды иіскейді. Биологтар жануардың бұл əрекетін зерттеу инстинкті деп атайды, себебі кез келген жануар өз ортасының қауіпсіз екендігіне көзі жетуі керек. Осындай қажеттілік адамға да тəн.
2009

Жабайхан Əбділдин теориялық танымның қажетті моменті ретіндегі бастаманы зерттей келе, «бастама» ұғымының мынадай сипаттамасын тұжырымдады: а) жай (элементарлық) нақтылық тұрғысындағы бастама; ə) əмбебаптық пен жекелік бірлігі тұрғысындағы бастама; б) бастаманың қайшылығы. «Оқушы қауым Ж.М.Əбділдин шығармаларындағы көптен бері ізделіп жүрген, сирек кездесетін дүние, сірə, оның ең негізгі еңбегі — «Теориялық танымдағы бастама мəселесі» (Алматы, 1967) кітабы. Сол кезде бұл ғылымның өте қиын саласындағы «осы мəселені неғұрлым толық қарастыруға атсалысқан бірінші еңбек» еді. Бұл философия мен ғылыми таным практикасы үшін бүгінге дейін өте өзекті мəселе жəне біздің қазіргі таңдағы көзқарасымыз қалай да алға кеткенімен Ж.М.Əбділдиннің еңбегі өзінде өзінің жасампаздық импульсін сақтайтындығына ешқандай күмəн жоқ», — деді Г.В.Лобастов [1].
2009

Философиялық дүниетанымды құрайтын негізгі философиялық сұрақтар болуы тиіс. Бұл сұрақтарды кейде философияның басты мəселесі деп жатамыз. Бірақ философияның басты сұрақтары шектеулі емес. Əлемде қаншама құпия сыр болса, сонша сұрақ болуы тиіс. Шəкəрімнің де өз философиясының сұрақтары бар. Шəкəрім дүниетанымының кеңістігі қандай философиялық сұрақтарды қамтиды? Бұл жайында айтпас бұрын философияның басты мəселесі деген сұраққа қысқаша тоқтала кетейік.
2009

Отандық тарих ғылымында Ұлы Отан соғысының тарихы мен республиканың жеңіске қосқан үлесіне қатысты мəселелер əлі де өзекті жəне соғыстың тарихнамасы тарих ғылымының барынша жасалған жəне басым бағыттарының бірі болып табылады. Ұлы Отан соғысы тарихы тақырыбына көптеген ғылыми жұмыстар арналған, оларда халықтың еңбектегі ерліктері, халық шаруашылығының соғыс жылдарындағы дамуы жəне оның Жеңіске қосқан үлесі, майдан қажеті үшін өнім шығару мен өндірістік ұжымдарда жарыстарды ұйымдастырудағы қоғамдық ұйымдар мен партиялық комитеттердің рөлі мəселесі де бар. Қазақстандағы зерттеу жұмыстары өнімді жүргізілген. Бұл салада соғыс кезінің тарихын арнайы зерттейтін маман тарихшылардың еңбектерін қоспағанда, тыл ардагерлері мен соғыс куəгерлерінің, мемлекет қайраткерлерінің жəне басқа тұлғалардың да жазған еңбектері көптеп кездеседі. Мəселен, 1945 жылдан 1977 жылға дейінгі аралықтың өзінде ғана КСРО көлемінде жалпы таралымы 700 млн. дана болатын 16 мың кітап пен кітапша жарық көрген [1; 7].
2009

XIX ғ. аяғы мен ХХ ғ. басы патша үкіметінің арнайы статистикалық, экономикалық жəне жергілікті ғылыми, қоғамдық-географиялық экспедициялар ұйымдастыру арқылы Қазақстанды қарқынды түрде зерттеуімен сипатталады. Осы кездегі статистикалық-экономикалық зерттеулер мен тексерулер қазақтардың құнарлы игерілген жерлерін артық жерлер, бос жатқан жерлер деп, қоныстану корына тартып алу мақсатында жүргізіледі. Осындай мағынадағы статистикалық мəліметтердің жарықка шығуы патша өкіметінің қоныстандыру саясатының құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Əрбір өркениетті мемлекет, əрбір халық өзінің өткенін бағамдап, ата тарихын жасайтыны хақ. Сол тарихынан тағылым алып, оның сабақтарын ескеру — мемлекетіміздің дамуының негізгі факторларының бірі. Адам қоғамындағы ілгері дамудың бəрі де өткен өмірдің тəжірибесінің нəтижесі. Сондықтан тарихқа мойын бұру, ата-бабаның өмір-тіршілігін ұмытпау келешек ұрпақтың адамгершілік міндеті ғана емес, сонымен бірге ілгері дамудың кепілі де. Ал, сол тарихи сананы, тарихи құбылыстарды калпына келтіру үшін міндетті түрде тарихи деректерге жүгінуіміз керек.
2009

Ұлытау өңірі ортағасырларда саяси оқиғалардың аренасы болды. Ұлытау өңірінің ортағасырлардағы тарихы Монғол империясының құрылуымен байланысты. Шыңғыс хан Дешті-Қыпшақ даласын үлкен ұлы Жошының үлесіне береді [1; 283]. Жошының мазары Қарағанды облысы Ұлытау ауданында, Жезқазған қаласынан 45 км жерде, Кеңгір өзенінің сол жағалауында орналасқан [1; 283; 2; 242]. Жошының        Дешті-Қыпшақ    даласына        келуі    туралы       парсы      авторы       əл-Джузджанидің «Табакат-и-насири» шығармасында былай деп жазады: «Туши (Жошы. — Ж.Ж.) и Чагатай, управившись делами хорезмскими, обратились на Кипчак и Туркестан, покорили и заполонили одно за другим войска и племена кипчакские и подчинили все (эти) племена своей власти» [3, 14].
2009

Қазақстанда тарихи географияның арнайы ғылым саласы ретінде қалыптаспағаны белгілі. ХХ ғасырдың орта шеніне дейін арнайы түрде тарихи-географиялық зерттеулер жүргізілмеді. Белгілі зерттеуші Г.Ф.Дахшлейгер «Қазақстан тарихнамасында шығыстану, деректану, палеография, нумизматика, геральдика, метрология, тарихи география жəне т.б. қосымша пəндер жеткілікті деңгейде көрініс алмай жатыр» деп, 70-шi жылдарға дейінгі жағдайды шолып өтті [1; 127]. Дегенмен, Қазақстан тарихына байланысты тарихи география мəселесі мүлдем қарастырылусыз қалған жоқ. Отандық ғалымдардың зерттеулерінде арнайы немесе жанама түрде болсын тарихи- географиялық тақырыптар көтерілді. Қазақстан тарихының Қазан төңкерісіне дейінгі тарихнамасы, Қазақстанның тарихи өлкетануы жəне оның зерттелу тарихнамасы Г.Ф.Дахшлейгердің, Э.А.Масановтың, сонымен қатар С.Ш.Ахметованың еңбектерінде қарастырылған болатын [1–3]. Мұнда ХІХ ғасырдағы Қазақстанның тарихи өлкетануының қалыптасуын қарастыруда автор көбінесе жоғарыда көрсетілген тарихнамалық еңбектерді қайталағанмен, біріншіден, Қазақстанды зерттеу қоғамының жұмысына, екіншіден, мұржайлық өлкетанудың жəне ескерткіштерді қорғау ісінің дамуы мəселелеріне жан-жақты тоқталады [3; 80–129; 130–155].
2009

«Тауарих хамса» Алтын Орда жəне оның ыдырау нəтижесінде құрылған түрік-татар мемлекеттерінің тарихын баяндайтын жазба деректердің қатарын құрайды. Отан тарихында аталған кезеңге байланысты жазба деректер қоры жəне оларды талдайтын еңбектер тым аз. Жалпы, əлемде Алтын Орда жəне оның төңірегінде жүргізіліп жатқан зерттеу жұмыстары күннен күнге өз аясын қосалқы деректерді тану арқылы кеңейтіп келе жатыр. Алтын Орда тарихын белгілі араб, парсы, монғол, орыс, түрік деректерімен қоса армян, қытай, грузин, грек, итальян, латын жəне т.б. [1] тілді еңбектермен қатар зерттеу қажеттілігі айтылып жүр. Алтын Орда тарихы «Тауарих хамсада» «Шыңғыс əулетінің билік ету кезеңдері» [2] деген бөлімде баяндалған. Қ.Халид тарихты Жошының қайтыс болуымен жəне оның бес ұлының есімдері төмендегідей тізбекпен: Үрде ижн (Орда), Бату хан, Тоғай Темур, Шайбан хан [3] деп атап, бір ерекшелігі Бату ханның замаманын қазақ хандығының құрылу уақытына дейінгі аралықты «он төрт» кезеңге бөліп қарастырған. Жошы иелігіне қараған аймақта, билік басында деректер бойынша, оның ұлдары мен ұрпақтары отырған.
2009

Қазан төңкерісінен кейін Ресейдегі саяси жағдай шиеленісе түсті. Өйткені Уақытша үкіметті құлату, Учредительдік Құрылтайды қуып тарату, большевиктердің экономикалық жəне саяси- əлеуметтік шаралары, Кеңес өкіметіне қарсы дворяндардың, буржуазияның, интеллигенцияның шіркеудің, офицерлердің ашық наразылығын туғызды. Большевиктердің «революциялық» саяси əдістерін демократиялық интеллигенция, казактар қауымы, кулактар мен орта шаруалар қолдаудан бас тартты. Осының өзі азамат соғысының басталу себептерінің бірі Кеңес өкіметінің ішкі саясаты деп айтуға болады. Декрет бойынша жерді тартып алу, өнеркəсіп ошақтарын үкіметтің қарамағына беру, азық-түлік бөлуде мемлекеттік монополияны орнату т.б. жаңа үкіметтің шаралары помещиктер мен буржуазияның Кеңес өкіметіне қарсы күрес бастауына əкеп соқты. Сондықтан жеке меншіктерінен айырылған таптардың оны қайтару үшін күресі де азамат соғысының басталу себептерінің екінші жағы болды.
2009