Статьи, год 2010

Қазақстанның тəуелсіздігін жариялағанына тарихи өлшем мен онша көп уақыт өте қоймаса да жаңа мемлекеттің конституциялық дамуының кейбір қорытындыларын шығаруға айтарлықтай негіз бар. Бұл мемлекеттік маңызды болғандықтан, мемлекеттану ғылымы үшін де мемлекет құрылыс тəжірибесі үшін барлық уақытта маңызды мəселе. 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы осы кезеңнің де конституциялық сипаттағы маңызды актісі болып табылады. Бұл Қазақстанның жаңа заңдарын қалыптастыруға ұйтқы болды. Аталған Декларация мемлекеттің басқару жүйесіне айтарлықтай өзгеріс əкелді. Ол жəй көздеушілік Декларация емес еді, оның нормативтік-құқықтық сипаты болды [1].
2010

Экономикалық өсудің қажетті шарттары, жаңа қуаттылық көзқайнарлары, технологиялар, басқару жүйелеріне айналатын білім мен ойлар болып табылады. Осы ойлар мен білімдер  адамдардың шығармашылық қызметіндегі үрдісте үздіксіз ұдайы өндірісте болуы тиіс. Форсайт — ғылыми-техникалық дамудың басымдықтарын анықтайтын жаңа модель, онымен ұзақ мерзімді келешектегі елдің əлеуметтік-экономикалық дамуына əсер ететін, жаңа ғылыми- стратегиялық бағыттар мен технологиялық жетістіктерді анықтаушы жүйелендірілген үрдіс түсіндіріледі. Форсайт үрдісі басты орынды ғылыми-техникалық бағыттарды алатын, орта немесе ұзақ мерзімді уақытша жиекті жүйелену болып табылады. Форсайт мемлекеттік-жеке серіктестік спектрін кеңейтеді, өзіне жеке болжамалы жəне байланыс технологияларын үйлестіреді. 1990 жылдары форсайт үрдісін АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Жапония жəне Австралия (30 мемлекетке жуық) үкіметтері белсенді түрде пайдалана бастады [1]. Қазақстанда бұл əдіс ҒЗТКЖ саласындағы институционалды өзгерістерге қажетті анықтау механизмі жəне ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру ретінде, ҒЗТКЖ-дың жаңа бағыттарында мемлекеттік қаржыландыру басымдықтарын өңдеу үшін қолданылуы мүмкін.
2010

Үстеме шығындарды өнімнің өзіндік құнына апару керек пе? Олай болса шығындар ретінде үстеме шығындар есебін қалай түсінеміз? Үстеме шығындардың ерекшелігі — оларды өнімнің əр бірлігінің өзіндік құнына жатқызбайды. Оған себеп — мұндай шығындар дайын өнімге (бұйымға) тікелей қатысы жоқ. Қалай болғанда да үстеме шығындар кəсіпорын өніміне байланысты шығындар санатында болатыны жəне өнімді сатуға байланысты үстеме шығындар өнімнің құнын арттыратыны — дау туғызбайтыны анық. Тақырыпты ашу мысалдары ретінде Қарағанды қаласында Резник көшесі, 24 мекенжайында орналасқан нақты темір-бетон бұйымдары зауыты (ЗЖБИ) — «Нұрхан» ЖШС алынды (бұдан əрі қарай мəтін бойынша атауы — «Зауыт» деп келтірілді).
2010

Қазіргі кезде ислам дінінің қазақ жеріне келуімен байланысты əйел жағдайы мəселесіне қалай əсер еткендігі жөніндегі əр түрлі көзқарастар бар. Исламның бұл мəселеге қатысты жағымды жақтарын айтып, қолдайтындарына қоса, бұл діннің еш өзгеріс əкелмегендігін, тіпті, жағымсыз жақтары басым дейтіндер де баршылық. Қазақстан мемлекетінің тəуелсіздікке қол жеткізіп, өзіндік құндылықтарын арттырып, дамуы кезеңінде, алға қойып, зерттеліп, қарастырып жатқан мəселелері жетерлік. Бұлардың қатарында қоғамдағы əйел дəрежесі де бар. Бұл бүкіл əлемдік деңгейде көтеріліп, талқыланып жүрген мəселе. Осы тұрғыда бұл мəселені зерттеуде жан-жақты барлық жағдайларды; тарихи оқиғалар, қоғамдық саясат, мəдени даму, əлеуметтік өзгерістер т.б. ескеру өте маңызды.
2010

Жаһандану қазіргі заманның басты құралы, басты мəселесі болып отыр. ХХІ ғасырда адамзат баласы ғылыми-технологиялық негізде ғаламдық тұтастыққа, əлемдік бірігуге аяқ басып отыр. Ол интернационализацияның жаңа сапалы кезеңі. Бұл кезең өндірістік күштерді, материалдық жəне рухани өндірістің қазіргі замаңғы деңгейін өмірге əкелді. Жаһанданудың көшбасшысы ретінде ақпаратты революцияның жетістігін пайдалануда жəне дамуында үлкен жетістікке жетіп отырған батыс өркениеті елдері танылады. Осыған қоса, батыс өркениеті өз кеңістігіне əр түрлі мəдениеті бар халықтарды тартады. Жаһандану біздің уақытта қоғамдық өмірдің барлық салаларында байқалады. Əсіресе экономикада нақтылана түсуде. Қоғамда болып жатқан процестерге қарап отырсақ,    əлемдік экономика жасалып болған тəрізді. Бүгінгі күнде бұрыңғы уақыттағыдай əр елдің өз ұлттық нарығы деген жоқ, бəріне ортақ, бүкілəлемдік трансұлттық шаруашылық.
2010

ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы жан-жақты білімді қазақ интеллигенциясының жарқын, беделді өкілдерінің бірі — Əлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов. Ол қазақ халқының тұрмыс- тіршілігін, мəдениетін, шаруашылығын, төрт түлік малын, жер-суын, жалпы алғанда əлеуметтік- экономикалық жағдайын жан-жақты зерттеген энциклопедист-ғалым, зерттеуші. Əлихан Нұрмұхамедұлының еңбектерінен қазақ халқының экономикасына, тарихына, мəдениетіне, шаруашылығына қатысты түрлі деректерді, сандық мəліметтерді, кестелерді жəне тағы басқа көптеген материалдарды кездестіруге болады. Əлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметімен бірге оның жазып қалдырған бай ғылыми мұрасын зерттеу Отан тарихындағы өзекті мəселелердің бірі болып отыр. Себебі Ə.Н.Бөкейханов Қазақстан тарихын, мəдениетін, тұрмысын, шаруашылығын, табиғи байлықтарын іргелі түрде зерттеп, негіз салған ғалымдардың бірі болып табылады. Бұған оның ғылыми мұралары дəлел бола алады.
2010

1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тəуелсіздігі туралы» Конституциялық заң жарияланғаны белгілі. Тəуелсіздіктің алғашқы жылдарында əлемдегі дағдарыс Қазақстан халқына алапат ауқымдылықтың салмақ-салдарын сезіндірді. Ел Президентінің «Еліміздің жаңа ғасырдағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігі» туралы Қазақстан халқына жолдауында: «Ұлт пен мемлекеттің  аман  қалуының  жалғыз  жолы  —  экономиканы  ашық  ұстау  —  əлемдегі  қуатты экономикалық аймақтармен ықпалдаса араласып-құраласу. Айрықша жолды ойлап табуға тырысушылық экономикада ғана емес, саясатта да жарға жықпай қоймайды. Қазақстан əлемдік тенденцияға қарсы тұра алмақ емес. Ашық қоғамды демократиясыз құруға болмайды» [1] делінген.
2010

Мұсылман құқығы — дүниежүзілік құқықтық мəдениеттің бөлігі болып табылатын,  қазіргі кездің өзіндік құқықтық жүйесі. Мұсылман құқығы шариғаттың бір бөлігі ретінде пайда болды. Шариғат — бұл адамдарға арналған міндетті нормалардың жиынтығы. Бұл түсінік кең мағынада да, құқықтық мағынада да қолданылады, діни немесе құқықтық жүйе элементі ретінде қарастырылады, немесе екі жүйенің құрамына да қосылады.  Ғалымдардың мұсылман құқығында жəне оның анализі кезінде кең қолданылатын «шариғат», «муамалат», «фикх» деген ұғымдардың ара қатынасына да қатысты пікірлері əр түрлі. Сонымен қатар айтылған ұғымдардың мағыналық аясын айқындау, құқықтық феномен ретіндегі мұсылман құқығын түсінуге, оның қайнар көздерінің, өзіндік ерекшеліктерінің, даму перспективаларының мəселелерін шешуге, сондай-ақ шариғатты немесе фикхты құқық қайнар көзі деп бекітуші, қазіргі кезгі заңнаманы талқылауға тікелей байланыста [1].
2010

Кең тұрғыда білім беру дегеніміз — бұл тұлғаның қалыптасуы, оның əлеуметтенуі жəне адамды қоғам өміріне дайындау. Білім қоғамның негізгі функциясы ретінде адам мен қоғамға байланысты мəдени, əлеуметтік, экономикалық, азаматтық жəне этикалық қызметтерді атқарады. Ол əрбір адам үшін, сонымен бірге əрбір қоғам үшін қажетті саланың бірі екендігін жəне де қоғамның кез келген саласы, оның ішінде экономика, əлеуметтік т.б. салалар мемлекеттің білім жүйесіне тəуелді. Білім жүйесінде ғасырлар бойы қалыптасқан нормаларды, тəжірибелерді, «ноу-хауларды»  ұрпақтан ұрпаққа бере отырып, сонымен қатар жаңа да өзгерістерді қоғам талап етеді. Білім қоғамды алға қарай итермелейтін белгілі бір потенциалды қалыптастырады. Білім халықтардың өркениетті ерекшелігін тасымалдаушы жəне тарихи тұрақтылықты қамтамасыз етуші жүйе болып табылады.
2010

Қазақстан Республикасын реформалаудың мақсаттарының бірі — мемлекеттік саясатты əлеуметтендіру арқылы əлеуметтік мемлекет құру. Қандайда мемлекет болмасын, ең бірінші қоғамның əлеуметтік жағдайын жақсартуға тырысады. Ал ол өз алдына мемлекеттің əлеуметтік саясатын бағдарлауды талап етеді. Тауар өндіретін қоғам бірінші кезекте нені, қалай жəне кім үшін өндіру керек деген проблеманы алға қояды. Мемлекеттік əлеуметтік саясаттың қызметі өндірілген тауарларды қоғам ішінде əр түрлі деңгейдегі топтар арасында бөлу жəне қайта бөлу дегенді білдіреді. Мемлекеттің əлеуметтік саясатының негізгі өмір сүру шарты қоғамдағы жағдайы нашар топтарды əлеуметтік қамтамасыз ету үшін, халықтық табыстың белгілі бір бөлігін бөле алатын нарықтық экономикалық дамудың жоғарғы деңгейі болып табылады. Сондықтан мемлекеттің əлеуметтік саясаты дегеніміз  — азаматтар арасында табыстың белгілі бір бөлігін мүмкіндігінше тең етіп бөлуге жағдай жасау, қоғамның əлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ету жəне экономикалық қатынастарды реттеп отыру.
2010

Шəкəрім дүниетанымында «дін» жəне «діншілер» деген қос ұғым қатар қолданылады. Дін мен діншілерді бір деп қарау Шəкəрім дүниетанымын түсінбестік болар еді. Діншілер — бұл, Шəкəрім дүниетанымында, шығармашылығында ерекше сынға ұшырайтын ұғымдардың бірі. Ал дінді ойшылдың «діншіл» ұғымынан бөлек түсінгені аңғарылады. Шəкəрім «діншіл» ұғымымен қатар өз өлеңдерінде «пəншіл» ұғымын да қатар қолданып, бұларға сыни көзқараста болған. Мақаламыздың басты мақсаты Шəкəрімнің осы дін жəне діншілер жайындағы көзқарастарын талдау болып саналады. Шəкəрімнің пəншілдер туралы айтқан өлеңдерінің бəрінде діншілдер туралы дəл сол пəншілдерді сынағандай сыни көзқараста болғандығын аңғарамыз. Ол үшін Шəкəрім өлеңдеріндегі мына сөз тіркестеріне назар аударсақ жеткілікті: «Молдалардан дін сұрасаң, сандырақтар, сандалар», «Адасып діншіл азғанын, сынауға бұрдым бас», «Пəнші нанды бес сезімге, дінші адасты жолынан», «Пəн жамылған əлімдер, дін жамылған зəлімдер» т.б. Бірақ Шəкəрім қолданған осы бірнеше сөз тіркестеріне қарап ол дінге қарсы болған немесе дінді қабыл алмаған деген пікірге баруға болмайды. Шəкəрімнің дінді өте терең мағынасында түсінген ойшылдардың бірі екендігіне дау жоқ. Шəкəрім тек бұрыс кеткен діншілдер мен діндерді ғана сынға алады. Олар, ойшылдың ойынша, өз жолдарынан адасқан болып саналады.
2010

Қазақстанның тəуелсіз ел болуы оның күрделі тарихи дамуы кезеңдеріндегі елеулі оқиғалар мен фактілерге жаңаша баға беру қажеттілігін туғызды. Қазақ халқы өз тəуелсіздігін алғаннан кейін дамудың жаңа деңгейіне көтерілді. Осы кезеңде тарихи танымға жаңаша қарап, тарихтың «ақтаңдақ беттері» зерттеле басталды. Əкімшіл-əміршіл жүйе жағдайында қалыптасқан тарих ғылымы көп жағдайда ақиқатты бұрмалап, бір жақты етіп көрсетіп, соның салдарынан ұшқары пікірлеуге құрылған теориялық қорытындылырдың өмірге келуіне себепші болды. Бүгінгі күнде мəселенің жаңаша қойылуы тарихи шындықты дұрыс танып-білуге апаратын жолды іздеуді жəне сан алуан тың деректерді кең көлемде тауып, ғылыми айналымға енгізуді қажет етеді.
2010

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.