Статьи, год 2012

Мақалада бүкіл қазақ халқының маңызды ұлттық дүниетанымы мен философиялық көзқарасы жинақталып, бейнеленді. Қазақ кескіндеме өнеріндегі ұлттық тұрмыстық жанрдың тарихи қалыптасу бағдарларын өнертанулық тұрғыдан саралау маңызды іс деп айта аламыз. Қазақ кескіндемесіндегі тұрмыстық жанрдың дамуының негізгі кезеңдері мен тенденцияларының ерекшеліктері зерттелген. Автор қазақ кескіндеме өнеріндегі тұрмыстық жанрдың қалыптасуы мен дамуының алғышарттары мен ерекшеліктерін ашып көрсеткен. Сондай-ақ ұлттық тұрмыстық жанрдың дамуындағы əр кезеңдерде еңбек еткен суретшілер шығармашылықтарының халықтық негізі анықталған. Оның нəтижесінде дəстүрлі дүниетаныммен байланысын сипаттайтын сюжет тізбектері, тақырып қатары мен мазмұндық ерекшеліктері қарастырылған.
2012

Мақалада Қазақстанның Сарыарқа даласындағы суретшілердің бейнелеу өнері шығармашылығы мысалында «Абай тақырыбын» терең түйсіну қарастырылды. Графикалық сурет өнерінің туындылары келесі түрде жүйеге келтірілді: Абай Құнанбаев туралы иллюстрациялық кітаптар, Абай шығармашылығының үлгісі бойынша, Абай өмірінен қойылымдар, портреттік жəне жанрлық суреттер. Теориялық-өнертанушылық қағидалар Е. М. Сидоркинның (М. Əуезовтың «Абай жолы» роман- эпопеясына иллюстрация), И. Исабаевтың («Абай» сериясы), К. Ходжиковтың, А. Рахмановтың, К. Каметовтың жəне тағы басқалардың графикалық шығармашылығының үлгілері бойынша дəйектелді. Ə. Қастеевтің, А. Ғалимбаеваның, Р. Есіркеевтің, С. Қалмахановтың, А. Осипенконың, М. Əлиақпаровтың жəне тағы басқалардың сурет өнерлерінде Абай образы жан-жақты жасалған.
2012

Мақалада гимназияның инновациялық мектеп типі ретіндегі ерекшеліктері зерттелген, «гимназия» ұғымына этимологиялық, ғылыми-педагогикалық талдау жасалған, сол сияқты гимназиялық білімнің негізгі мəселелері қарастырылған. Педагогика теориясы мен практикасында инновациялық мектеп ретінде гимназияны құру мен дамытудың алуан түрлі тұжырымдамаларына сүйене отырып, оның негізгі мақсаты терең ойластырылған гимназиялық білім беру арқылы адамның тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз ету, оның өмірлік позициясын қалыптастыру, үнемі өзгеріп отыратын қоғамдық құбылыстар жағдайына бейімдеу болып табылатыны көрсетілген.
2012

Мақалада ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың негізгі мүмкіндіктері, құрамды бөліктері жəне білім беруде жергілікті жəне жаһандық компьютерлік желілердегі ақпараттық кеңістіктің өзара əрекеттесуін ұйымдастыруға арналған телекоммуникация құралдарын қолдану туралы айтылған. Қазіргі таңда білім беруде жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың негізгі бағыттары маңызды мəселе болып есептеледі. Ақпараттық технологияларды қолдану жəне олардың дидактикалық мүмкіншіліктерін жүзеге асыру жаңа оқу əрекеті түрлерін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сондықтан білімді ақпараттандыру жағдайында əр болашақ маман ақпараттық-коммуникациялық технологиялар шеңберінде білімдерін жетілдіруі тиіс.
2012

«Өнер тарихы жəне теориясы» пəні арқылы студенттердің шығармашылық іс-əрекеттерін жетілдіру маңызы қарастырылған. Жоғары білім беру жүйесінде болашақ өнер мамандарының шығармашылық іс-əрекеттерін жетілдіруге қатысты нақты ғылыми-өнертанымдық білімдер талданған. Студенттердің өнер тарихы жəне теориясы негізінде өнертанымдық қабілет жетілдіруге бағытталған арнайы дайындықтың маңыздылығы зерттелген. Бұл бағыттағы студенттердің өнертанымдық білімдерінің мүмкіндіктері оқу үдерісінде толық ашылу əдістемесі қарастырылған. Өнер тарихы сабағында бейнелеу өнерінің тарихы жəне теориялық даму процесінің білім алудағы ерекшеліктері анықталған.
2012

«Өнер тарихы жəне теориясы» пəні арқылы студенттердің шығармашылық іс-əрекеттерін жетілдіру маңызы қарастырылған. Жоғары білім беру жүйесінде болашақ өнер мамандарының шығармашылық іс-əрекеттерін жетілдіруге қатысты нақты ғылыми-өнертанымдық білімдер талданған. Студенттердің өнер тарихы жəне теориясы негізінде өнертанымдық қабілет жетілдіруге бағытталған арнайы дайындықтың маңыздылығы зерттелген. Бұл бағыттағы студенттердің өнертанымдық білімдерінің мүмкіндіктері оқу үдерісінде толық ашылу əдістемесі қарастырылған. Өнер тарихы сабағында бейнелеу өнерінің тарихы жəне теориялық даму процесінің білім алудағы ерекшеліктері анықталған.
2012

Мақалада дене тəрбиесі жүйесін қайта құрудың педагогикалық жолдары қарастырылған. Салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыратын бағдарламаны құру үшін жалпы білім беру мекемелері оқушыларының дене тəрбиесін құру концепциясы талданды. Экологиялық ахуалдың нашарлауы, қоғамдағы əлеуметтік-экономикалық дағдарыс секілді мектеп оқушыларының денсаулығына теріс əсер ететін факторлар анықталды. Сондай-ақ салауатты өмір салты адамгершілік-рухани байлықты, тиімді қимыл-қозғалыс тəртібін тəрбиелейтіндігі сипатталған. Дене тəрбиесі мен сауықтыру іс- шараларындағы білім, біліктілік жəне дағдыларды игеру деңгейіне жүргізілген талдау оларды салауатты өмір салтының маңызды көрсеткіштері болып табылатындығын анықтады
2012

 Мақалада сызу сабақтарында оқушылардың ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру сұрақтары қарастырылған. Автор мультимедиалық технологияны сызу сабағында қолдану мүмкіндіктеріне көңіл бөлген. Оқушылардың теориялық ойлауын, көрнекі-нақтылау, көрнекі- үлгілеу арқылы дамыту үрдісін белсендіру тəсілдері мен құрылғылары туралы жазған. Ұсынылған тəсілдер мен құрылғылар оқытуды қабылдаудың тəсілдерін шешу есептерімен мақсатқа жетуді көздейді.
2012

Мақалада интерактивті тақтаны жоғары оқу орындарындағы оқу үрдісінде пайдалану мүмкіндіктері мен артықшылығы сипатталды. ХХІ ғасырға қадам жасау жоғары технологиялар негізінде қоғамды дамытуға талап қойды. Интерактивті тақтаны қолдану студент бойында кəсіби салаларда аталған құралдың мүмкіндіктерін арттыра білу қасиетін қалыптастыратындығы, өз қызметіне деген қызығушылығын тудыратындығы талданған. Сонымен қатар интерактивті тақтаны пайдалану заман талабы болып табылатындығы көрсетілген. Бүгінгі таңда оқу үрдісінде кеңінен қолданылатын ақпараттық технологиялардың берер мүмкіндіктерінің артықшылықтары баяндалды.
2012

Мақалада жоғары оқу орындарында графикалық пəндерді оқытудың сапасы мен тиімділігін арттыру мəселелері, инженерлі-графикалық пəндердің сапасын бағалау мен оқыту əдістемесі, сонымен қатар дəріс жəне тəжірибелік сабақтарды тиімді жүргізу жоғары оқу орындарындағы мамандарды дайындаудағы бағалау жүйесін қамтамасыз ету жолдары қарастырылған. Студенттердің үй тапсырмаларын орындаудағы жобаларды жасау мəдениетінің тəсілдері графикалық үлгілер түрінде анықталған. Жобаларды жасауда кезеңдік нұсқаулар жəне олардың кемшіліктерін жою жолдары ұсынылған.  
2012

Қазіргі уақытта мемлекеттанушылар Қазақстандағы нарықтық экономикалық қатынастың дамуындағы шартты байланысқан экономикалық жəне əлеуметтік қайта құрылулардың терең бағыт алғанын мойындап отыр. Сонымен қатар терең саяси өзгерістер егеменді мемлекетті қалыптастыруда жəне қазақстандық қоғамдағы саяси жүйе институттарының жетілуіне алып келді. Бұл отандық саяси жүйенің конституциялық кезеңдік дамуы сұрақтарын зерттеудегі өзектілігі жалпы саяси-құқықтық жүйенің қазіргі таңдағы болмысын танудағы бір бөлік ретінде анықтайды. Ғылыми заңдық жəне саяси əдебиеттерде саяси институттарға қатысты заңнамалар мен актілерді зерттеу негізгі назарды аударатын бірден бір басты зерттелетін бағыт ретінде қарастырылды. Сонымен қатар аталған мəселені зерттеу маңыздылығы қазіргі жағдайда алдымен Конституция мен саяси жүйеге қатысты сұрақтар, соның ішінде саяси жүйедегі жекелеген құрылымдық элементтердің рөлі мен орны, қоғамдық-саяси институттардың конституциялық құқықтық мəртебесінің мəселелері, олардың қалыптасуы мен жұмыс атқаруын шешуімен байланысты шартталады. Саяси жүйенің жалпы түсінігін жасаудың қиындығы сол уақытта болған қоғамдық жүйелердің екі басты типінің түбірлі қарама-қайшылығымен байланысты болғанын айта кеткен жөн. Биліктің саяси жүйесі көп ретте халық билігінің əлеуметтік тетігі ретінде анықталды.
2012

Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойынша адамға қатысты əділ болатын, ақыл-парасат, бостандық, сəттілік, тиімділік жəне əділеттілік мекендейтін идеалды қоғамдық құрылым үлгісін іздестіру, ойшылдарды əрқашан толғандырған. Қайта өрлеу дəуірінен бастау алатын ізгілік идеялары, əрбір тарихи кезеңде ойшылдардың еңбектерінде өз көрінісін тапқан. Үшінші мынжылдыққа аяқ басқан кезеңде, ізгілік идеялары жалпы əлемдік деп танылып, өз көрінісін құқықтық мемлекет жəне азаматтық қоғам идеяларында табады. Қазіргі əлемде мемлекеттер арасында тығыз байланыс, жақындасу жəне ғаламдану үрдістерінің кең етек алуы, сонымен қатар осы күнгі болмыс шындығы, мемлекеттердің, белгілі бір стандарттарға сəйкес келуін, өздеріне жəне адамға деген көзқарастарды жаңадан, объективті түрде қалыптастыруды қажет етеді.
2012

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.