Тарих

Тарих

Мақалада Орталық Азия Республикалары арасында су бөлінісі сұрақтарының тактикалық шешімдер қабылдау мəселелері қарастырылған. Осы жағдайларда мəселені шешуде даулы тұстар бар. Механизмдердің келісілмегендігі жəне мемлекеттер арасындағы жер-су қатынастарындағы территориялық қақтығыстар, көрсетілген саладағы шешімдердің қабылдануындағы олқылықтарды ушықтыра түсуде. Осыған орай автор қақтығыссыз шешу деңгейіндегі келісімді қамтамасыз етуде мəмілелесу үшін мемлекеттер арасында тактикалық шешімдерді тұжырымдау талпыныстарын, сондай-ақ Орталық Азия мемлекеттерінде аймақтық су-энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде тактикалық шешімдердің нұсқаларын ұсынды.

Мақалада АҚШ пен Қытай сияқты халықаралық қатынастарда жетекші орын алатын елдердің сыртқы саясатындағы Орталық Азия аймағының алатын орны қарастырылды. Аталған мемлекеттердің қатынастарының даму тарихы мен аймақтағы мүдделердің эволюциясы талданған. АҚШ пен Қытайдың аймақ елдеріне қатысты сыртқы саясатындағы басым бағыттары анықталды. Мемлекетаралық қатынастардың экономикалық, энергетикалық салаларына айрықша көңіл бөлінді. АҚШ-тың Жаңа Жібек жолы мен Қытайдың Жібек жолы экономикалық белдеуі тұжырымдамалары қарастырылды. 

Соғыстан кейінгі ширек ғасырда металлургия өнеркəсібі жоғары қарқынмен дамыды. Кейінірек білікті мамандар даярлауға көңіл бөлінді, мол тəжірибе жинақталды. Ал сол тəжірибе қазіргі күннің өзінде маңызды, яғни көптеген жағдайда өндіріс орындарының түпкүлікті жұмыс қорытындысы, мамандар мен өндіріс басшыларының ұйымдастыру үшін саяси жəне іскерлік қасиеттеріне байланысты екендігін мойындатады. Металлургия саласындағы инженер кадрларының өндірісті дамытудағы, жаңа технологияны игерудегі белсенділігі, өндіріс басшыларының жарқын өмір жолдарын көрсету тəуелсіз Қазақстанның жаңа инженер отрядтарын тəрбиелеуде айтарлықтай маңызы бар.

Инженер қызметінің ерекшелігі, біріншіден, бұл қызмет практикалық болып табылады; екіншіден, ол техникалық міндеттерді шешумен тікелей байланысты, үшіншіден, ғылыми білімді талап етеді. Инженерлік өнер арқылы ғылым өндіргіш күшіне айналады.

Қазақстан Республикасының өз тəуелсіздігін алуы, қоғамдағы түбегейлі өзгерістер халықтың отандық тарихқа деген қызығушылығын оятты. Тоталитарлық жүйеде идеологиялық басылымдар оқиғаның шын көрінісіне жаңа көзқарас білдіруге жол бермегендіктен, республиканың шынайы тарихын көрсету мүмкін болмады. Сондықтан отандық тарих ғылымында сталиндік жүйе  «ұлтшыл»,«халық жауы» деп айыптаған мемлекет жəне қоғам қайраткерлерінің өмірі мен қызметін, қоғамдық- саяси көзқарасын қайта зерттеу қажет. Тарих ғылымындағы заманауи өзгерістер тарихтағы тұлға роліне жаңаша қарауға септігін тигізуде. Қазақстан тарихын зерттеуге жаңа көзқараспен қарау, өлкенің əлеуметтік, экономикалық, мəдени дамуына орасан зор үлес қосқан республика басшыларының өмірімен жəне қызметімен тереңірек танысу бізге тарихи үрдістің динамикасын біршама толығырақ көрсетуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі күнде Қазақстанның тарих ғылымының алдында, бұрын қалыптасқан идеялық- теориялық, методологиялық негіздердің өзгеруіне орай, тарихи зерттеулердің мазмұнын жаңарту міндеті тұр. Тарихшылар отандық тарихтың көптеген мəселелерін қайта қарап, жаңаша түсіндіруге ұмтылуда. Аталған міндеттің нəтижелі түрде іске асуы, əр түрлі деректерді кең түрде пайдалану жұмыстарына да тікелей тəуелді. Оның əсіресе ХІХ ғасырдан осы заманға дейінгі Қазақстанның тарихына қатысы бар. Осы дəуірлерде деректердің үлкен қоры қалыптасты. Солардың ішінде сандық мəліметтер ерекше орын алады. Бұл деректер аса үлкен көлемділігімен сипатталғандықтан, оларды бірден зерттеу жұмыстарына пайдалану мүмкін емес. Сонымен бірге сандық мəліметтердің қаншалықты объективті ақпарат бере алатындығын анықтау маңызды. Осыған байланысты, олардың өзін ең алдымен жүйелеу, өңдеу, талдау қажеттіліктері туындайды. Аталған қажеттіліктер, өз кезегінде сандық мəліметтерді тарихи зерттеу жұмыстарына пайдаланудың əдіс-тəсілдерін терең тану жəне үнемі жан-жақты жетілдіріп отыруды талап етеді.

Мақалада Қарағанды қаласында өткен желтоқсан толқуының барысы, толқу аяқталғаннан кейінгі жазалау шараларының жүргізілуі, сол уақыттағы қоғамдағы жалпы ахуал қарастырылды. Қарағанды қаласында өткен толқуға қатысушылардың жай-күйі айтылды. Жазалау шаралары мен жазаланғандар тізімі қарастырылып, сұхбат негізінде сол уақыттағы кеңестік биліктің қуғындау əрекеттерінің ХХ ғасырдың соңындағы бейнесі зерттелді. Толқудан зардап шеккендердің сұхбат негізінде алынған естелік-əңгімелері айналымға енгізілді. 

Жаппай саяси репрессиялар кезеңінің объективтілік мазмұны жеке адамдардың тағдырларын жіті қарастырмай толық бола алмайды. Автор деректемелік негізде жаппай жəне кең ауқымды жазалау шараларының басталуына белгі ретінде БК(б)П ОК-нің 1937 жылдың 2 шілдесіндегі шешімі мен осыдан кейінгі, шұғыл түрдегі Ішкі істер Халкомы Н.Ежовтың қолы қойылған № 00447 бұйрықты айта отырып, бұл арқылы 268950 адамды репрессияға ұшыратып, оның 75950-ін ату жазасына кесу көзделінгендігін, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша бірінші категориямен 150 адам ең жоғарғы жазаға кесіліп, екінші категориядағылардың саны 300 адам болып белгіленсе, солардың ішінде 30 қарағандылықтардың да болғандығын нақты көрсетті.

Биыл өзінің ширек ғасырлық табысты белесін атап отырған тəуелсіз Қазақстанның жас мемлекетінің қалыптасу, өсіп, өркендеу жолындағы қарышты қадамы, ауқымды істері, толымды табыстары қоғамдық-саяси ортаны да, ғылыми ортаны да қызықтыруда. Мақалада қазақ мемлекетінің 25 жылдық белестеріне шолу жасалып, жеткен жетістіктері айтылған. 25 жылдық тарихи кезеңде жас қазақ мемлекеті өзінің мемлекеттік шекарасын бекемдеді, көрші елдермен оны ратификациялау өзара түсіністік негізінде жүргізілді. Тəуелсіздіктің бастапқы кезеңінен бастап-ақ Қазақстан өзінің жаңа, демократиялық принциптерге негізделген мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастырды.

Ғасырлар тоғысындағы тəуелсіз Қазақстанның экономикалық дамуында ерекше орын алатын нарықтық қатынастар өзінің бастауын ХІХ ғасырдың екінші жартысынан алатыны тарихтан белгілі. Орталық Қазақстанның қазақ қоғамының дəстүрлі экономикасының нарықтық қатынастарға қарай бейімделуін тарих ғылымдарының кандидаты Б.Т.Төлеуованың біршама зерттегені əрі осы тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғағаны [1] қарағандылық тарихшылар қауымына жақсы таныс. ХІХ ғасырдағы Орталық Қазақстанның жергілікті тұрғындарының нарықтық қатынастарға қарай бейімделуінің себебі қоғамдық еңбек бөлінісінің жүйесі, тауар-ақша айналымы жəне саудамен қатар осы үш процестің бір жерге шоғырлануына негіз болған жəрмеңкелердің пайда болуында. Сондай жəрмеңкелердің бірі — Қоянды.

Бəйсейіт Қырбасұлы — Шет өңірін жайлаған бесата елінің ішіндегі ең ірі тарихи тұлғалардың бірі. Оның өмірі мен тұлғалық мінез-құлқы жайлы аңыз əңгімелерді ел ішінен ұзақ жылдар бойы тірнектеп жинап, зерттеп, жарыққа шығарған өлкетанушы, шежіреші Төрехан Майбас [1; 66–83] жəне өлкетанушы-жазушы Кəмел Жүністегі [2; 144–149].

Осы жиналған мұрадағы ең басты ерекшелік — оның жан-жақтылығында. Тұлғаға тəн бай мінез аңызда сан қырынан көрініс тапқан. Дегенмен, ел санасында уақыт сүзгісіне түсіп, екшеліп, өмірде бағдарлық қызметін атқаратын құндылық қалпына ие болған аңызда тарихи оқиғалардың желісі, жасалған нақты іс-əрекет пен қалыптасқан қарым-қатынас көмескі тартып, жадыдан тыс қалады. Зерттеу барысында аңыздағы көмескіленгенді мұрағат құжатында баяндалған деректер арқылы нақтылай түсу — тұлғаның ел санасында қалыптасқан бейнесін өзгертуге бағытталмайды. Ол мүмкін де емес. Халық айтса — қалып айтпайды. Бұл бұлжымас қағида. Бұған ешкім күмəн келтіре алмайды.

Ұлытау өңірінің тарихи-географиялық тұрғыдан жəне топонимикасының зерттелуі жан-жақты саралау мен талдауды қажет етеді. Себебі бұл өңірдің тарихы қазақ тарихының құрамдас бөлігі бо- лып табылады жəне осы территория туралы тарихи-географиялық мəліметтер, қалыптасқан топони- микалық жүйесі өлке тарихы үшін де, отан тарихы үшін де өте мол тарихи ақпарат береді. Шын мə- нінде де, дала өлкесі кеңістігіндегі Қазақстан тарихынан ерекше орын алатын Ұлытау территориясы, яғни Сарыарқа өңірінің батыс бөлігі. Ұлытау — қазақ сахарасындағы қасиетті мекендердің бірі, отан- дық тарихшылар тарапынан «көшпелілер өркениетінің алтын бесігі» деген бағаға ие болуы да тегін емес. Шынында да, Ұлытау өңірінде қазақ тарихының барлық кезеңдері, сонау көне дəуірден бастап қазіргі кезеңге дейінгі тарих куəлары аяқ аттап басқан сайын «мен мұндалап» тұрады. Əсіресе көне дəуір мен ортағасырлар тарихынан сыр шертетін тарихи ескерткіштер барша тарихшы-ғалымдардың назарынан тыс қалған емес. Бұл аумақта қола дəуірінің қайталанбас ескерткіштері, тасмола мəдениеті ашылып, қазақ тарихының ұлы ескерткіштері Алаша хан кесенесі, Жошы хан кесенесі, Едіге мырза есімімен аталатын тау жəне т.б. орналасқан. Ежелгі кезден тау-кен ісі дамып, ортағасырлардағы көш- пелі тайпалардың даму деңгейінің көрсеткіші қалашықтар мен бекіністер де осы территориядан орын алған.

Жаһандану қазіргі халықаралық қатынастар мəселесінде негізгі проблемалардың біріне айналып отыр. Ал жаһандану жағдайындағы күн сайынғы төңіректе болып жатқан жайттар қазіргі заманның тарихи оқиғаларының ең өзектілерінің тізбегін құрау үстінде. Олардың қатарына аймақтану, интегра- ция жəне түрлі деңгейдегі жаңа ұйымдардың құрылуы жатады. Сондай жаңа құрылымдардың бірі — Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі Кеңес (АӨСШК. — Г.С.). АӨСШК процесі — Қазақстан Республикасының превентивті дипломатиясының жемісі. Кеңесті шақыру идеясын алғаш рет Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 1992 жылы 5 қазан- да БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында ұсынған болатын. Қазақстан үшін əмбебап құрылым құру екендігі мемлекеттің атын шығару үшін үлкен трибунада тұрып құр айта салған дақпырт емес, керісінше, айтылған идеяны іске асыру жолындағы жұмыс болып табылды.

ASAR журналының жəне Delphi Consulting Group зерттеулерінің мəліметтері бойынша, жыл сайын əлемде шамамен 6 млрд. құжат дайындалады. 1995 жылы құжаттардың тек он пайызы ғана цифрлы формада болса, бұл көрсеткіш 2005 жылы жетпіс пайызға өсті. Əрине, ақпарат көлемі де ұлғайып, қағаз құжаттарының үлесі екі есеге артты. Соңғы жылдары əлем қағаз құжаттардан электрондық құжаттарға көшу жұмыстарын ілгерілетуге ұмтылуда.

Қазақстанда Премьер-Министр Кеңсесі Басшылығының тапсырмасымен «Электронды үкімет» бағдарламасы мақсатына сəйкес, 2001 жылы өзге мемлекеттерде электрондық құжат айналымы мен электрондық цифрлық қолтаңбаны ендіру, ақпаратты қорғау жайы зерттелді. Литва, Украина, Белоруссия жəне Ресейдің тəжірибелері сарапқа алынды. 2001 жылғы 11 қыркүйекте АҚШ-та орын алған жағдайдан кейін мұрағат мамандары электрондық құжаттар мұрағатын құрудың халықаралық тəжірибесін, соның ішінде АҚШ тəжірибесін зерттеуге айрықша көңіл бөлді. Американдық мамандардың пікірінше, бұрынғы кеңес жүйесінің партиялық жəне мемлекеттік мұрағаттары ұйымдық жəне құрылымдық жағынан ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарына анағұрлым сəйкес болған. Бұрынғы кеңес мемлекеттерінің, оның ішінде Қазақстанның  құжаттамамен қамтамасыз ету жүйелеріне талдау жасалды. Талдау қорытындысы бойынша Қазақстанда жасалған жүйе қазіргі заманғы талаптарға сай екені жəне негізгі параметрлер бойынша  ТМД мемлекеттеріндегі мұндай жүйелерден тіпті жоғары екені белгілі болды [1; 11].

Орал-Ембі мұнайлы аймағы үлкен территорияны — батыста Еділдің төменгі жағынан бастап, шығыста Мұғаджарға дейінгі аралықты алып жатыр. Батыс Қазақстанның мұнай өнеркəсібін дамытудың қазіргі кезеңнің сипатты ерекшелігі — жұмыс ауқымының едəуір ұлғаюы.

50–60 жж. аясы Батыс Қазақстандағы ірі кен орындардың ашылуымен ерекшеленеді — Кеңқияқ (1959) Ақтөбе облысы, Прорва (1961) мен Мартыши (1962) Атырау облысы, Жетібай, Өзен (1961) қазіргі Маңғыстау облысы. Аталған кен орындарды игеру Батыс Қазақстандағы  мұнай өндірудің ілгері аяқ басуының қазығына айналуға жол ашты. Аймақтағы мол байлық қоры Каспий маңы ойпатының шығыс жəне оңтүстік-шығыс бөлігінде шоғырланды. Кеңқияқ кен орнын игеру қолға алынған соң (1966) «Каспий-Орск» арнасына жалпы ұзындығы 122 шақырымға созылатын  «Кеңқияқ № 6 МАС» мұнай құбыры салынып, қосылды [1].

Тарихи география, өз атауында көрсетілгендей, тарих пен география арасында  жəне оларды өзара байланыстырып тұрған ғылым саласы. Ғылыми білімнің дифференциациясының бастапқы кезеңінде тарихшы да, географ та бір адам болғандығы белгілі. ХІХ ғасырда француз тарихшысы Элиз Реклю «тарих — уақыт бойындағы география, география — кеңістіктегі тарих» деп жазған болатын [1; 3].

Тарихи географияның ғылым саласы ретіндегі мəнін түсіну үшін оның ғылыми анықтамасын, яғни нені зерттейтінін, білу қажет. Осыдан барып, тарихи географиялық зерттеулердің қалыптасуы мен дамуына байланысты негізгі бағыттарын анықтау керек. Əрине, бұл көтеріліп отырған мəселерді шешу үшін бірінші кезекте Ресейдегі тарихи географиялық еңбектерге сүйенеміз. Себебі ресей ғылымында XIX ғ. 30–40-жылдарынан бастап тарихи географиялық еңбектер пайда бола бастайды (Н.И.Надеждин, Н.П.Барсов). XIX ғ. соңы мен XX ғ. бас кезінде Ресейде тарихи географиялық тақырыптағы көптеген еңбектер жарық көріп, оның тарихи ғылымындағы маңызы арта түседі. Тек Қазан төңкерісінен кейінгі 20 жыл уақытта бұл ғылым саласы біршама тоқырап, XX ғ. 40-шы жылдарынан бастап қайта жандана түседі. Бұл үрдіс бірінші кезекте ғалым В.К.Яцунскийдің есімімен тікелей байланысты. Оның еңбектері Ресейдегі тарихи географияның дамуын жаңа бір деңгейге көтерді жəне əлі күнге дейін өз құндылығын жоғалтқан жоқ. Əсіресе тарихи географияның нақтылы пəні мен міндеттерін анықтауы жəне қалыптасуы мен дамуына арналған еңбегі қазіргі ресей білім жүйесіндегі «Тарихи география» оқулықтарында қолданылады.

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
Яндекс.Метрика