Психология

Психология (к)

Мақалада қазақ отбасының ерекшеліктері жəне ұлттық сана-сезімді қалыптастырудағы ролі теориялық тұрғыда сипатталған. Сонымен қатар қазақ ұлтының туыстық қарым-қатынасын анықтауға бағытталған зерттеу нəтижелеріне талдау жасалған. Туыстық қарым-қатынас ерекшеліктерінің адамның ұлттық сана-сезімінің қалыптасу процесіне əсері зерттеу нəтижелерінің негізінде көрсетілген. Зерттеу əдісі ретінде сұрақнама жүргізілген. Ұлттық сана-сезім əрбір ұлт өкілінің ажырамас компоненті болғандықтан, оның қалыптасуның бір факторы ретінде туыстық қатынастар жүйесінің ерекшеліктерін алуға болады. Эксперименталдық зерттеу нəтижелері оқушылар мен ересек адамдардың туыстық қарым-қатынас ерекшеліктерін білу деңгейіне негізделеді.

Мақалада тəртіп бұзушы жеткіншектердің қылмыстық мінез-құлықтарына баға беріліп, қылмыстық мінез-құлықты тудыратын механизмдері мен себептері анықталып, жеткіншек жастағылардың тұлғалық даму ерекшеліктері психологиялық тұрғыдан қарастырылды. Автор жеткіншек жастағы баланың осы кезеңде қоғамның мүшесі ретінде өзіне деген саналы көзқарасын қалыптастыратын жаңа əлеуметтік позицияға ауысумен ерекшелінетінін атап көрсетті. Қоғамдағы топтар ішінен осы жеткіншектер көбінесе елдегі əлеуметтік, экономикалық, моральдік тұрақсыздықта көп жапа шегетініне назар аудара отырып, осы мəселенің психологиялық ерекшеліктерін ашады.

Яндекс.Метрика