Қарағанды университетiнiң хабаршысы

Құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларды биология сабақтарында қолдану тиімділігі

Мақалада білім нəтижесі ретінде қалыптасқан құзыреттілік білім алу кезінде анықталатындығы көрсетілген. Құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларды құрастырудың басты мақсаты — оқушыларға тек қана білім беріп қана қоймай, сол алған білімдерін өмірде қолдана алатын жас ұрпақ тəрбиелеу, ол үшін оқушының теориялық тұрғыдан алған білімдерін өмірмен байланыстыратын тапсырмалар реттілігін орындауына жағдай жасау қажет. Нəтижесінде оқушының сабақта өзіндік мəліметтерді жинақтап, белгілі бір уақытта білімдерін одан əрі дамытуға əрекет жасауы, тек білу, түсіну ғана емес, сондай-ақ талдау, синтез, бағалау əрекеттерін жан-жақты қолдану арқылы көрініс табады.
, 2016

Мақалада өлеңмен шығарылған шежірелік шығармалардың мəні мен маңызы, əдебиеттегі алатын орны жан-жақты айқындалған. Шежіренің фольклорлық сипатта дəлелді түрде көрсетіліп, мазмұнына қарай жүйелеудің жолдары анықталған. Сонымен қатар шет елдердегі қазақ ақындарының мұраларындағы шежіре шығармаларға əдеби талдау жасалған. Танымал ақындардың бірі Ақыт қажы Үлімжіұлының шығармаларына талдау жасалынып, шежіреге байланысты туындыларына айрықша мəн берілген
, 2014

Мақалада көркем туындыдағы сал-сері бейнесі қарастырылған. Қазақ қоғамында өзіндік орны бар тарихи тұлға Мəди Бəпиұлының ұлттық болмысы, «сал-сері» атанған болмыс-бітімі туралы ғылыми ой қорытылған. Мақала авторы қазақ халқының өзгеге ұқсай бермес даралық қасиет-сипаты, ұлттық болмыстан бастау алатын ерекшелігі ғасырлар бойы қалыптасқан сал-серілік дəстүрінен ерекше байқалатынын дəлелдеді.
, 2014

Соңғы 10–15 жылда біз кеңестік қасаң ұғымдардан біртіндеп арылып, өткен тарихымызға басқаша көзқараспен қарай бастадық. Тəуелсіздік тағылымынан туындаған шапағат лебі «ақтаңдақтар» астарын қауғалай қопарып, ондаған жылдар волюнтаристік қоқыстың шаңдағында қалып келген ұлы шындықты жарқырата ашып, өз қолымызға қайтарып беруде.
, 2009

Сұлтанмахмұт Торайғыров — тəуелсіздік ісіне, халықтың прогресс пен мəдениет жолымен дамуына зор үлес қосқан ақын. Ол өткір сыни бағыттағы, əділетсіз өмір бет пердесін ашатын, надандық пен қараңғылықты түйрейтін тамаша туындылар жазды. Торайғыровтың пікірінше, халық өз тағдырын өзі жасайды. Бұл үшін оған ұйқыдан оянып, ілгері жүру жəне басқа халықтар сияқты даму керек.
, 2009

Бекхожин Қайыржан Нұрғожаұлы (1910–1979) — қазақ баспасөзін зерттеуші ғалым, тарих ғылымдарының докторы. 1965 жылы Павлодар қаласында шаруа отбасында туған. Ол журналистік қызметін 1929 жылы Павлодар округтік «Кеңес туы», «Колхоз» газеттеріне хат-хабар жазудан бастады. 1935–1939 жылдары Семей облысы «Екпінді» газетінде істеді. 1942 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірді. 1942–1945 жылдарда Қостанай облысы «Большевиктік жол» газетінің редакторы, 1945–1947 жылдары өзі оқыған университеттің журналистика факультетінің аға оқытушысы, деканы болды. 1948 жылдан журналистика кафедрасының меңгерушісі. Ол «Айқап» журналын зерттеуде көп еңбек сіңірген ғалым. Бекхожин 60-тан астам ғылыми мақала мен «Қазақ баспасөзінің даму жолдары (1860–1930 жылдар)» атты монографиялық кітаптың авторы [1].
, 2009

C.Көбеев бүкіл саналы ғұмырын оқытушылыққа арнады. 1901 жылдан 1956 жылға дейін педагогтік қызметпен айналысты. Ұстазы Ы.Алтынсарин тəрізді педагогтік қызмет пен жазушылықты шебер ұштасыра білді. Ыбырайдың «Қазақ хрестоматиясы» үлгісімен жарық көрген «Үлгілі тəржіма» мен «Үлгілі бала» жинақтарындағы мысал өлеңдері мен əңгімелерінің қай- қайсысын болсын балаларға арналмады деп айта алмаймыз. ««Үлгілі тəржімаға» Спандияр жасаған 44 аударма жəне автордың «Мекен» атты бір өлеңі кіреді. Осы күнге дейін «Үлгілі тəржімəға» кірген 44 аударма түгелдей Крыловтан аударылған деген көзқарас басым болып келеді. Бұл көзқарастың қателігі, осы кітапқа кірген аудармаларды түпнұсқамен салыстыра отырып, толық қайта қарау үстінде анықталды.
, 2009

Суырып салмалық өнерді жан-жақты тексерген ғалым М.Жармұхамедов: «Айтыс ақындары — өз дəуірінің перзенті. Сондықтан өз заманының тұсында жасаған ақындар əрдайым өзінің шыққан руы мен ел-жұртының талап-мүддесінен табылып отыруы да заңды. Бұл айтыс ақындарының бəріне тəн қасиет, онсыз айтыс біздегідей кең көлемдегі шырқау шыңына көтеріле алмаған болар еді» [1; 18], — десе, филология ғылымдарының докторы М.Дүйсенов: «Қазіргі айтыс дəстүрінде əр ақын өз ауданы мен облысындағы жетістік, табыстарын айтып, қарсыластары облысындағы кейбір өзі байқаған кем-кетіктерді сыпайы түрде іліп кетіп жатады. Сайып келгенде айтыс тақырыбының терезесі кең, ол заман, қоғам, адам туралы, бүгінгі күннің шындығы болып отыр. Жеке бастың ғана емес, қоғамдық мəні бар жайлар ақындар назарынан əсте шыққан емес» [2; 51], — дейді. Көкен Шəкеевтің кез келген айтысында өмір шындығы тартыс арқауы болып отырады. Бетпе-бет келіп сөз бəсекесіне түскен екі ақынның өмірлік шындықты өз пайдасына жаратып айта білуі де əрқилы.
, 2009

20-жылдардағы ғылыми-зерттеу мақалаларға көз салатын болсақ, əдеби-теориялық ой-пікірдің ізденістері мен іркілістерін саралағанда, бұл кезеңде əдеби-теориялық білімдер жүйесінің жоғары болғанын, күрделі теориялық мəселелерге қалам тарта алғанын көре отырып, А.Байтұрсыновтың «Əдебиет танытқыш» атты еңбегінің тақыр жерде пайда болмағанын байқаймыз. 20-жылдардың бас кезінен бастап-ақ қазақ əдебиетінің əр салаларына батыл араласып пікір айта бастаған сыншылдық жəне əдеби мұра туралы ғылыми-зерттеушілік сипаттағы мақалалар жеке бір ақын-жазушыны, не болмаса белгілі бір көркем шығарманы сөз ету барысында əдеби-теориялық ой-пікірді жетілдіре түскені байқалады.
, 2009

Қазақ қаламгерлері өз шығармалары арқылы тарих қойнауына, ғасырлар көшіне барлау жасады, ұзақ мерзім бойы салтанат құрған ұлттық болмысқа, сол болмыс аясындағы салт-дəстүр, əдет- ғұрыпқа əлемде теңдесі жоқ құбылыс — сал, серілер фенонеміне зерделеу жүргізді. Белгілі бір тарихи оқиға, құбылысты бейнелегенде оны сол тұстағы қоғамдық-əлеуметтік, тарихи, саяси жағдаяттардан, рухани өмір санасынан бөліп алып қарау мүмкін емес. Олай болуы заңды да, себебі əдебиет — адамтану ғылымы. Адамдар тобы қоғамды құрайды. Сол қоғамда өзіндік заңдылықтар қалыптасады. Ендеше, тарихи сипаттағы көркем шығармалардың танымдылық, тағылымдық мəні ерекше.
, 2009

Əдебиетші-ғалым Ү.Сұбханбердина қазақ баспасөзі, кітап тарихын зерттеу, библиографиясын түзу сынды ұлттық əдебиеттану ғылымының зерттеу нысанынан тыс қалып келген руханият əлемінің аса өзекті де күрделі арнасында ұзақ жылдар жемісті еңбек етуде. Қазақ əдебиеттануының соны табысын айғақтайтын əрі тың қадам болып табылатын «Айқап» бетіндегі мақалалар мен хат- хабарлар. Қазақтың революциядан бұрынғы мерзімді баспасөзіндегі материалдар. Мазмұндалған библиографиялық көрсеткіш. 1-бөлім» «Қазақтың революциядан бұрынғы мерзімді баспасөзіндегі материалдар. Мазмұндалған библиографиялық көрсеткіш. 2-бөлім» «Əдеби мұра. Революциядан бұрынғы мерзімді баспасөз бетіндегі жарияланған көркем шығармалар» атты іргелі еңбектері үлкен маңызға ие [1–3].
, 2009

М.Мағауиннің əдебиеттанудағы іргелі еңбектері ұлтымыздың елдік пен ерлік жолындағы мəңгілік мұраттары өзіндік өшпес ізін қалдырған жыраулар мұрасын зерттеу, жариялау сынды руханият əлеміндегі аса маңызды мəселелерімен сабақтас. Əлеуметті бастапқы отаршылдық, кейінгі тоталитарлық жүйе танған құлдық санадан арылтудағы əдебиетшінің ғылыми-шығармашылық тұлғасындағы отаншылдық қасиеттер қазақтың байырғы əдебиетін, онымен өзектес өнерін, тарихы мен мəдениетін ғылыми тұрғыда зерттеу, жариялау жəне насихаттау арнасындағы ізденістерін даралайды. «Қазтуған жырау» («Лениншіл жас», 1965, 15 тамыз), «Асан Қайғы» («Білім жəне еңбек», 1966, № 2), «Доспамбет жырау» («Лениншіл жас», 1965, 4 қырк.), «Көне дəстүр куəсі» («Қ.Ə», 1966. 1 шілде), «Шалкиіз жырау Тіленшіұлы» («Қ.Ə», 1966, 9 қырк.), «Ақтамберді жырау» («Қ.Ə», 1967, 15 желт.), «Шал ақын» («Жұлдыз», 1966, № 12), «Еленбей келген ақын» («Қ.Ə», 1966, 7 қаңт.), т.б. мақалалары жыраулар мұрасына сəуле түсіруімен қатар, хандық дəуір əдебиетін зерттеудің тың бағытын да айқындады.
, 2009