Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Шекараны кесіп өткен адамдармен жұмыс істеу кезіндегі әріптестіктің жалпы қағидасы мүше – мемлекеттер БҰҰ-ның Жарғысына сәйкес және жай халықаралық қауымдастық мүшелері ретінде өзіне қабылдаған міндеттемелерден шығады.
2016

«Орта тапты» əртүрлі түсіну қазіргі ғылымда орта тапты зерттеудің көптеген əдістерін анықтап, нəтижесінде зерттеліп отырған қоғам құрлымы туралы əртүрлі мəліметтер алу.Орта таптың қалыптасу мəселесіне назар аудара отырып, бірінші кезекте оның идентификациясына көңіл аударсақ, дəл осы мəселеге қандай да бір жалпы анықтама беруге əлі ертерек десек те болады.Орта таптың негізгі белгілерінің бірі тұрмыс жағдайының жақсы болуы, ол нақ осы əлеуметтік топтың идентификаторы рөлін атқарады.
2010

Жаңару жолына түскен əрбір мемлекет алдында дайын үлгілерді қолдану керек  па (керек болса қандай үлгілер керек?) əлде əрбір мемлекет өз қоғамының ерекшеліктерін ескере отырып өзінің даму жолын іздеуі керек пе деген сұрақ туындайды. Əлеуметтану теоретиктері жаңарудың көп түрлілігін, оның алуан түрлі үлгілері мен формаларының бар екеніне назар аударады (Дж. Джермани, Дж. Коулмен, Ш. Айзенштадт и др.). Дж. Джерманинің айтуынша, жаңаруды еуропалық институттарды əлемнің басқа жерлеріне тасымалдау немесе қандай да бір нақты қоғамға көшу деп қабылдамау керек. Ұлттық тəуелсіздік үшін қозғалыс, жаңа ұлттардың көтерілуі, капиталисттік қоғамның ұдайы өзгеріп отыруы, жоспарланатын экономиканың бірнеше түрінің пайда болуы, жаңару үдерісінде батыстық жəне батыстық емес белгілердің болуы – осының барлығы жаңарудың өзгеріп тұратын түрлі нұс- қаларының бар екенін білдіреді [1].
2010

XX ғасырдың соңы жылдарында көптеген индустриалды дамыған жəне дамушы елдерде əйелдердің  абсолютты  əлеуметтік  мəртебесі  сезінерліктей  жақсара  түсті, бірақ көптеген дəлелдемелер гендерлік теңсіздіктің сақталып келетіндігін жəне дамуға мақсатталған стратегияның тиімділігіне айтарлықтай əсерін тигізіп отырғанын дəлелдеп отыр. Осыған байланысты бүгінгі таңда əлемдік қауымдастықты БҰҰ-ның алдында гендерлік тепе-теңдік теңдіктің жалпы тұжырымдамасын құрайтын ажырамас бір бөлік ретінде бағалайды [1].
2011

«Басқаға қуаныш сыйлай білген – ең бақытты жан» деген екен Дени Дидро. Ерікті волонтер болу дегеніміз риясыз мейірімділік көрсету, жаңа дағдыларға үйреніп, адамдарға жақсылық жасау, төрт қабырға ішіне қамалып, тағдырына налып отыратын мүмкіндігі шектеулі жандардың қызықты да əсерлі істер мен оқиғалардың ортасында болуы үшін көмектесу, тағдырдың тезімен қиын жағдайға тап болған адамның жанынан табылу, қолынан келгенше сүйеу бола білу деген сөз. Ол екінің бірінің қолынан келмейтін іс. Ерікті волонтерлер болу үшін адамдарға ниет білдіру, жаны ашып, есіркей білу, ашуды  ақылға  жеңдіре  білу,  командада жұмыс жасай білу ғана емес, адалдық, парасаттылық сияқты адамгершілік қасиеттер керек.
2011

Отбасылық тəрбиесіз баланың үйлесімді дамуы мүмкін емес, бұл тəрбие қоғамдық тəрбиемен бірлесіп нығая түсуі керек. Отбасы мен қоғам – бір жүйенің кіші жəне үлкен үлгілері. В. Сатир жазғандай: «Отбасы қоғамдағы біріктіретін күш болуы керек, оның алатын кеңістігі мен мүшелерінің санының шағындығы соншалықты, олар бір-бірі туралы бəрін білетін, тіпті бір бөлмеге-ақ сыйып кететін қоғамның санаулы одақтарының бірі». Отбасы туралы жаңа ұрпақтарды қоғамдық тəрбиелеудің бөлігі ретінде айта отырып, оның осы жүйедегі мəнділігін назардан тыс қалдырмау керек. Ата-ана балаларының əлеуметтік құндылықтар кешенін, дүниеге деген көзқарасын, бағдарын, қажеттіліктерін, қызығушылықтары мен əдеттерін қалыптастырады.
2011

Қазіргі қоғамдағы білім берудің жеке бір мемлекеттің əлеуметтік жəне экономикалық ілгерілеуі мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің факторы ретіндегі мəні өсуде. Білім беру дің қоғам мен индивидуумға ықпалының көптігі əлеуметтік жəне экономикалық өзгерістер сипа тынан, сондайақ қоғамдық қарым-қатынастар жүйесіндегі өзгерістердің білім беруден мобиль ділікті, жаңа уақыт талабына сай адекватты жауапты талап ететін сипатынан көрініс табады.
2011

Қазақстан Республикасындағы позитивті əлеуметтік өзгерістер заманауи əлемнің тенденцияларымен қатар келе жатыр, сонымен бірге, ұлттық жəне аймақтық ерекшеліктер сақталынған. Осы үрдістің маңызды факторлары мен негіздері Қазақстан Республикасы Елбасының кітабында айқындалған [1]. Қоғамдық құрылымда жүзеге асырылып жатқан өзгерістердің негізгі мақсаты – маңызды элементтерінің бірі қоғамдық денсаулық болатын халықтың өмір сапасын жоғарылату.
2011

Əлеуметтік жұмыс институты азаматтық қоғамның басты əлеуметтік институттарының бірі болып табылады. Азаматтық қоғамды дамыту сияқты халық əлеуметтік жұмыс институтын да дамытуға мүдделі. Əлеуметтік жұмыс институтын дамыту қоғам тарихының ажырамас бөлігі болып келеді. Дамыған, жетілдірілген əлеуметтік жұмыс институты – дамыған мемлекеттің бірден-бір көрсеткіші.
2011

Табиғат пен қоғамның өзара əрекеттесуі табиғаттағы өзара байланыстылықтың негізінде жүзеге асырылады. Бұл заңдылықты түсіну табиғаттың қоғамға, қоғамның табиғи ортаға əсер ету үдерісін ғылыми тұрғыда дұрыс бағалаумен байланысты. Əлеуметтік экологияның негізгі мазмұны қоғам мен биосфераның өзара əрекеті теориясын қалыптастыруға итермелейді. Себебі бұл əрекеттесу үдерісіне олардың өзара ықпалдасуындағы биосфера мен қоғам кіреді. Олай болса, бұндай үдерістердің заңдары жекелеген ішкі жүйелер дамуының заңдарына қарағанда ортақ қасиетке ие болуы шарт [1].
2011

Қазақстанның əлемдік қауымдастыққа интеграциялануында тұлға мен социумның инновациялық даму мəселесін өзекті мəселе етуде. Қазақстан экономикасында инновациялардың бірінші дəрежеде басымдылық алуы үшін оған тек ғалымдар мен мемлекеттік басқару органдарының ғана мүдделі болуы жеткіліксіз. Əр елдің инновациялық технологияларды дамытуға мүмкіншілігінің деңгейі қазіргі қоғамымыздың негізгі сипаттарының бірі деп саналады.
2011

Кең мағынасында алып қарастырғанда антропология – бұл адамның табиғаты мен іс-əрекеті туралы ғылыми білімдердің жиынтығы. Əлеуметтік антропологияның басқа ғылымдар жүйесінде алатын орнын айтқан кезде оның философиямен, тарихпен, əлеуметтанумен, мəдениеттанумен, əлеуметтік психологиямен байланысы туралы айтуға болады. Қазіргі антропологияның интеллек- туалдық алғы шарты ретінде XVIII-XIX ғасырдағы философиялық антропологияны атап көрсетуге болады. Философиялық антропология адамның мəні арқылы табиғат, қоғам, таным туралы түсініктер жүйесін жасауға болады (Л. Фейербах, М. Шелер, Ф. Ницше, Н. Чернышевский жəне басқалары) -  деп есептейді.
2011

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.