Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан қоғамындағы гендерлік теңсіздіктің өндірістік факторлары

XX ғасырдың соңы жылдарында көптеген индустриалды дамыған жəне дамушы елдерде əйелдердің  абсолютты  əлеуметтік  мəртебесі  сезінерліктей  жақсара  түсті,  бірақ  көптеген

дəлелдемелер гендерлік теңсіздіктің сақталып келетіндігін жəне дамуға мақсатталған стратегияның тиімділігіне айтарлықтай əсерін тигізіп отырғанын дəлелдеп отыр. Осыған байланысты бүгінгі таңда əлемдік қауымдастықты БҰҰ-ның алдында гендерлік тепе-теңдік теңдіктің жалпы тұжырымдамасын құрайтын ажырамас бір бөлік ретінде бағалайды [1].

Тұңғыш рет гендер (тек) ұғымын ғылыми тіркеске американдық психоаналитик Роберт Столлер 1968 жылы енгізді, бұл сөзді өзінің “Жыныс жəне гендер” кітабының атына қолданды. Ол былай жазады: “Сөздіктер “жыныс” сөзінің негізгі мағынасы биологиялық деп айтады, мəселен, “жыныстық қатынастар” немесе “еркек жынысы” сөз тіркестеріндегі сияқты. Осы мағына бойынша “жыныс” сөзі осы жұмыста еркек немесе əйел дегенді жəне адамның еркек немесе əйел болып табылатынын анықтайтын тиісті биологиялық органдарды білдіреді. Алайда бұлардың тікелей биологиялық мағынасы жоқ. Осы психологиялық құбылыстардың кейбіреулері үшін біз “гендер” терминін пайдаланатын боламыз: еркек немесе əйел жынысы туралы айтуға болады, бұл ретте анатомия мен физиологияға жататын ештеңе ескерілмейді”.

Əлемдік қауымдастықтың БАҚ рөлінің қамданушылығы тəжірибеде гендерлік теңсіздік ойларының алға жылжуы адам құқығы мен ұлттық заңды нормативтер бойынша  халықаралық құжаттарда айтарлықтай көлемде өз бейнесін тапты. Бірақ, еркектер немесе əйелдер бағасын əлеуметтік топ ретінде дискриминациялау мен қорлаудан тұратын ойлар өмірде кездесіп отырады [2]. Сексизмнің пайда болуы адамдардың жынысы мен үндеуіне қарамастан абыройы мен қадір-қасиетін сыйлау қағидасының артикуляциясын кəсіби əлеуметтік қауымдастық жағынан қарсы əрекеттерді кездестірмейді, кəсіби стандарттарға сəйкес экстремизмге жəне азаматтық құқығын шектеуге қарсы əрекет етеді.

Əйелдердің білімділік деңгейінің еркектерден гөрі едəуір асып түсетініне (халық санағының нəтижелері көрсеткендей) қарамастан, экономика салалары бойынша жалданып жұмыс істейтін адамдардың жалпы санында əйелдердің анағұрлым төмен үлесі байқалады. Мəселен, 1995-1999 жж. əйелдер жалданып жұмыс істейтіндердің 45,6-дан 47,0-ге дейінгі; 2000 жылы 42,2 % құрады. Жалданып жұмыс істейтін əйелдердің 2000 жылғы ең көп саны анағұрлым төмен жалақылы салаларда шоғырланды – білімде (75,3 %), денсаулық сақтау мен əлеуметтік қызмет көрсетулер саласында (79,2 %), қонақүйлер мен ресторандарда (68,8 %). Салыстыру үшін, жалданып жұмыс істейтін еркектердің көпшілігі мемлекеттік басқаруда (77,4 %), құрылыста – 82,7 %, өнеркəсіпте – 69,1 %, өндіріс пен электр энергиясын, газ, су бөлуде – 72,3 %, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларда, жалға беру мен қызмет көрсетулерде – 60,8 % шоғырланған. Жалпы əйелдер жалақысының еркектер жалақысына  ара салмағы 1999 жылы 67,6 %-ды, 2000 жылы 61,5 %-ды құрады. Бұл ара салмақ (арақатынас) жалданып жұмыс істейтін əйелдердің анағұрлым төмен жалақылы салаларға шоғырлануларымен ғана емес, сонымен бірге олардың жалақыларының еркектердің жалақыларымен салыстырғанда экономикалық əрекеттің барлық түрлері бойынша анағұрлым төмен екендігімен анықталады. Мəселен, өнеркəсіптегі осы ара салмақ 2000  жылы 70,6 %-ға, қаржы қызметінде – 60,4 %-ға, мемлекеттік басқаруда – 78,4 %-ға, білімде – 89,2 %-ға тең болды. Еңбекақыдағы гендерлік теңсіздікке себепші болатын факторлар: - əйелдердің жұмыспен қамтылудағы салалық құрылымдардың сəйкессіздіктері мен деформациясы, соның нəтижесінде əйелдер көбіне төмен жалақылы салаларда жұмыс істейді; - кəсіптік сегрегация – бір салада жұмыс істейтін əйелдер мен еркектердің еңбекақыларындағы айырмашылық, олардың басшылық жұмысқа нақты мүмкіндіктерінің шектеулілігі; - Қазақстанда қос секторлы үлгіні қалыптастыру жəне əйелдерді қосалқы секторға ығыстыру. Сонымен, жаңғыртылған елдерге тəн жұмыспен қамтуды феминизациялау (əйелдердің экономикада өсуі) үдерісі əйелдерді экономиканың төмен ақы төленетін, елеусіз жəне тұрақсыз сегменттеріне ығыстырумен қатар жүргізіледі. Арзан жəне жылжымалы əйел жұмыс күші табиғи жəне ресурсты ұлғайтатын құбылыс ретінде қабылданады.

Қазақстан қоғамында дискриминацияның барлық түрлеріне, соның ішінде əйелдер қатынасының  дискриминациясына       құқықтық-нормативтік қарсы  əрекет етуді қамсыздандыру қауымдастығы əлемдік деңгейде толық дамыған сексистік материалдардың пайда болуы мен шығарылуының себебін білу үшін, əлемдік қауымдастықтың талаптарына сəйкес бойынша отандық құқықтық-нормативтік базамен гендерлік сараптама жасау қажет. Келесі қажетті қадам қазақстандық құқықты қолдану тəжірибесінің ерекшеліктерін шығару болып табылады.

Социологияда гендер мəселесi əр түрлi тұрғыда қарастырылады, жыныстың  биологиялық жəне əлеуметтiк санат ретiндегi зерттеу мəніне əcepi мəселесiне айрықша назар аударылады (мысалы, сайлаушылардың мiнез-құлқын, тəрбие, еңбек жəне т.б.). Егер қандай да бiр ерекшелiктi айқындау мүмкiн болса, онда оны гендерлiк топтар арасындағы (əйелдер мен ерлер) айырмашылықтардың нəтижесi деп санайды. Егер ерекшелiктер табылмаса, ерлер мен əйелдер арасында түбiрлi айырмашылықтар болатындығы туралы жалпы көзқарасты өзгертпегенiмен, жыныс/ гендердің аталған айнымалыға əсер етпейтiндiгi туралы тұжырым жасауға болады [3].

Атап айтқанда, «жыныстың стратегиялық жүйесiн» бiздiң кiм əйел ме немесе еркек пе, қыз ба немесе ұл ма болуымызды - гендер нұсқап көpceтeдi. Адамдар əйел немесе еркек жынысында туғаннан кейiн, əйелдер енжар, ал еркектер белсендi рольдерге бөлiнген күрделi жүйеге тап болады. Сонымен сатылық қатынас негiзінде белсендiнің (еркек) мəні əрқашан енжардан (əйел) жоғары тұрады (с.Де Бовуар). Социумде еркектің əлемi - бар əлем, əйелдің əлемi - үй деген мағынадағы, патриархаттық парадигма қалыптасқан (грек. paradeigma - мысал, үлгi, модель). Əйел мен epкeктiң əлеуметтiк қажеттiлiк рольдерi өздерiне сəйкес белгiленiп қойған (гендерлiк ролдерi).Əйелдердің құқығы мен адам өркендеуі жаңа мыңжылдықтың ең маңызды əлеуметтік проблемасы болып табылады. Осы уақытқа дейін бірде бір қоғам өзінің барлық мүшелерінің құқықтық правосын толық тең жүзеге асыра алмаған. Əлеуметтік топтарға жіктелмеген, өзінің барлық мүшелеріне нақтылы теңдік  беретін қоғам – ол адамзаттың қиялы.

Қазақстан халқының тең жартысы əйелдер, сондықтан олардың проблемалары əлеуметтік жағынан өте мəнді, өйткені табиғат берген қасиет арқылы əйелдер дүниеге жас ұрпақты əкеледі. Мұндай əлеумет қалыптастырған тəуелдік əйел адамның тұрмыстық халының бала өміріне тікелей əсерін тигізеді. Əйелдердің күнделікті тұрмысы қоғамға өте  зор ықпал жасайды, жəне де əйелдің дамуы жəне өркендеуі бүкіл адамзаттың дамуының көрсеткіші болып табылады.

Нарықтық экономикаға көшу кезеңінде əйелдер кедергілері мен мүмкіндіктері мол өзгеше бір жұмыс күйіне тап болды. Бұл жағдайда əйелдер бəсекелік күреске түсуге мəжбүр болды, өйткені тұрақты мемлекеттік жұмыс орындарының саны күрт азайды, жаңа альтернативтік жұмыстар пайда болды; кəсіпкерлік, жалданып істеу жəне контракт бойынша белгілі бір мерзімге дейін жұмыс істеу. Бірақ біздің қоғамда қалыптасқан көзқарасқа қатысты ер адам - өз отбасының асыраушысы, ал əйелдер отбасы ошақ қасында жаңа буынның тəрбиесімен шұғылдануы керек, мемлекет тарабынан жанұяға көмек көрсетілуі керек [4].

Əйелдердің қызметте өсу жолындағы көзге көрінбейтін тосқауылдар. “Шыны меже” термині ХХ ғасырдың 70-ші жылдарында пайда болды жəне ол көзқарастар мен ұйымдық практикада сіңген қате түсініктердің “көзге көрінбейтін” кешенін білдіреді, ол жоғары басшылық орындарға əйелдердің көтерілулеріне кедергі жасайды. 1990-шы жылдары осы ұғымға “шыны дуалдар (қабырғалар)” термині қосылды, ол əйелдерге қатысты қызмет саласын шектейтін алдын ала пішілген гендерлік теріс ұғымды білдіреді, əйелдер сонда да болса стратегиялық мəні шамалы, демек, маңызы азырақ салалардың басшылары  болады. Осы терминдер мына фактіні дұрыс көрсетеді, директивті деңгейдегі жауапты қызмет орындарын алу үшін əйелдерге жасалатын кедергілер көбіне айқын емес болады да, сол себепті оған қарсы ресми түрде де, бейресми түрде де күрес жүргізу қиын болады. Осындай кедергілер қызметкерлер арасында еркектер санының жай көпшілік басымдығы, жазылмаған қағидалар, дəстүрлер мен мінез-құлық нормалары, көп жылдар бойы қалыптасқан байланыстар мен қарым-қатынастардың жиынтық нəтижесі, сондай-ақ қоғамдағы еркектер мен  əйелдердің  ролі  туралы  ежелгі  жəне  терең  тамырлары  бар  түсініктер  болса  керек.

Əйелдерге қатысты кемсітушіліктің бүкіл əлемде орын алатын көріністері қабылданатын шешімдерді іске асыруда өмірдің барлық салаларына гендерлік тəсілді енгізу қажеттілігінің маңызын арттырады (мэйнстриминг). Соңғы кездерде халықаралық ұйымдардыңарнайы бөлімшелерінде осы ұғым өзекті ұғымға айналып келеді. Мэйнстриминг (ағылшынша mainstreaming – main – басты (негізгі), streaming – бағыт, бағдар) дегенде гендерлік теңдік проблемасын саясаттың барлық салаларына барлық – жергілікті, муниципалды жəне ұлттық деңгейлерде инкорпорациялау жəне оны шешуге арналған шаралар əзірлеу ұғынылады. Осы ұғымға мэйлстриминг (ағылшынша malestreaming – male – еркек, еркекке тəн, streaming – бағыт, бағдар) ұғымы қарсы тұрады, ол қазіргі заманғы өркениет жетістіктерін бағалаудағы еркектердің үстем дискурсын жəне экономика құрудың еркекке тəн тəсілін білдіреді. Гендерлік балансталған саясат қоғамдық басқарудың еркекке қатысты (“male”) бағдарларын ығыстыру арқылы негізгі (“main”) бағдарға айналуы тиіс.

Гендерлік факторларды есепке алу жəне жыныстардың тең құқықтылығын қолдау тəсілінің пайдасына шешілетін дəлелдер (аргументтер) гендер мен адам дамуының өзара байланысын көрсетеді.

  1. Əділдік жəне теңдік: демократиялық принциптер мен адамның негіз қалаушы құқықтары жыныстар теңдігін талап етеді;
  2. Сенім білдіру жəне жауапкершілік: халықтың тең жарымы еркектерден жəне тең жарымы əйелдерден тұрады, жəне қос жынысқа лайықты түрде назар аудармаған кез келген саясат немесе деректер, түпкі нəтижеде залалды болады жəне сенімін жоғалтады.
  3. Тиімділік жəне орнықтылық: қоғамның дамуы мен тыныс-тіршілігінің барлық аспекттеріне еркектерді де, сондай-ақ əйелдерді де бірдей қатыстыру жалпы бүкіл елдің пайдасына шешіледі; жыныстардың теңдігін қамтамасыз етуге жұмсалған салымдар өтеледі, ол келешекте бүкіл елге пайда келтіріп, елді адамның орнықты даму жолымен ілгері бастырады.
  4. Тұрмыс сапасы: жыныстар теңдігін қамтамасыз ету еркектердің де, əйелдердің де тұрмыс жағдайларын жақсартуға мүмкіндік жасайды.
  5. Тізбекті реакция: жыныстар теңдігі артықшылықтардың “тізбекті реакциясына” жетелеуі мүмкін, теңсіздіктің салдарлары да сондай-ақ жеке адамдардан отбасыларға жəне қоғамға ауысуы (берілуі) мүмкін.

Білім беру жүйесіндегі гендерлік теңдіктің стандартты өлшемі ұл балалармен салыстырғанда мектепке қабылданған жəне мектеп бітірген (барлық деңгейлерде) қыздардың саны болып табылады. Білім жүйелеріндегі нақты көріністі алу үшін бұл көрсеткіш жеткіліксіз болады. Көптеген елдер ұл балалар мен қыздарды оқуға қабылдаудағы балансқа қол жеткізді, бірақ гендерлік теңсіздік проблемасы осы уақытқа дейін шешілген жоқ. Білім саласындағы гендерлік проблемалар:

  • білім жүйесіндегі басқарушылық харекеттерін көбіне еркектер еншілейді; - мұғалімдердің жыныстық сəйкессіздігі (əйелдер санының басымдығы жəне еркек мұғалімдердің, əсіресе бастауыш мектеп деңгейінде жетіспеушілігі); - мектеп бағдарла маларындағы, пəндеріндегі жыныстық сегрегация (бөлу), ол алдағы уақытта еңбек нарығындағы сегрегацияға ұшыратуы мүмкін; - төмен сыйақы, соның салдары ретінде беделді емес (лайықсыз) жұмыс; - мектеп бағдарламаларында гендерлік стереотиптерді (таптаурындарды) жаңғырту.

Білім саласындағы гендерлік теңдіктің стандарттық өлшемінен басқа (қыздар мен ұл балаларды бастауыш жəне орта біліммен қамту) білімдегі гендерлік теңдіктің жай-күйі туралы анағұрлым объективті ақпарат алу үшін өзге де көрсеткіштерді талдау қажет.

  • мектеп оқуының барлық деңгейлеріне қабылдау кезіндегі жыныстардың ара салмағы (бастауыш, орта, кəсіптік, жоғары сыныптар), гендерлік алшақтықтардың себептері, əлеуметтік мəртебенің ықпалы;
  • бастауыш, орта жəне жоғары сыныптардағы барлық пəндерге қабылдау кезіндегі жыныстардың ара салмағы (пəндерде жыныс бойынша сегрегация бар ма);
  • барлық  деңгейлердегі   оқуды   бітіргеннен   кейінгі   жыныстардың   ара   салмағы

(жасөспірімдер мен бойжеткен қыздардың оқу бітірмеу себептері);

  • оқытушылар құрамындағы еркектер мен əйелдердің ара салмағы;
  • білім саласындағы жоғары басқарушылық орындардағы еркектер мен əйелдердің ара салмағы (жалақымен, беделмен байланыс);
  • мектеп басқармалары мен ата-аналар жиналыстарына қатынайтын ата-аналар арасындағы еркектер мен əйелдердің ара салмағы.

Адам дамуы индексі де сондай-ақ өмір сүру ұзақтығы мен денсаулық жөніндегі БҰҰ БасАссамблеясы 2000 жылы мыңжылдық Декларациясын қабылдады, оған Қазақстанды қосқанда, 191 ел қол қойды. Мыңжылдық Декларациясында бүкіл адамзат баласының алдында тұрған 18 ортақ міндет белгіленді, олардың екеуі білім проблемаларына арналған. 3- міндет: 2015 жылға қарай бүкіл əлемнің балаларына, ұл балалар мен қыздарға тең дəрежеде, толық көлемдегі бастауыш мектеп білімін алу мүмкіндігін қамтамасыз ету. 4-міндет: 2005 жылға қарай қос жыныстағы балаларды бастауыш жəне орта біліммен, ал 2015 жылы – барлық деңгейлердегі біліммен толық жəне тең құқықты қамтуға қол жеткізген абзал. көрсеткіштер арқылы есептеледі. Болжалды өмір сүру ұзақтығы мен денсаулық жөнінде гендерлік айырмашылықтар бар, осы айырмашылықтар əлеуметтік, экономикалық, мəдени жəне өзге факторларға негізделеді. Солардың кейбіреулері: - бүкіл дүние жүзінде əйелдер еркектерден ұзақ өмір сүреді. Əйелдердің болжалды өмір сүру ұзақтығы еркектерге қарағанда орта есеппен 7 жасқа артық (бүкіл əлем бойынша шамамен алғанда биологиялық 5 жас айырмашылықпен салыстырғанда);

  • денсаулық сақтаудың осы заманғы жетістіктері (бала туудың жоғары деңгейінің, аналар өлімінің азаюы, контрацептивтік мəдениетті дамыту) əйелдердің мүмкіндіктерін едəуір ұлғайтты;
  • экономикалық жəне саяси өмірдегі гендерлік теңсіздіктің көріністері: əйелдер үй шаруашылығына байланысты ақы төленбейтін қызмет түрлеріне анағұрлым көп уақыт бөледі, еркектер қоғамдық өндірістегі ақы төленетін қызметке көбірек уақыт жұмсайды;
  • еңбек рыногында деңгейлес кəсіптік сегрегация орын алады (еркектер мен əйелдерді экономика мен мамандық (кəсіп) бойынша əркелкі бөлу) – дəстүрлі “əйел” мамандықтарына (кəсіптеріне) бір сатыға кем ақы төленеді жəне олар қоғамдағы беделге ие емес;
  • қаржы несиелеріне əйелдердің шектеулі мүмкіндігі;
  • еркектермен салыстырғанда əйелдер арасындағы жұмыссыздықтың анағұрлым жоғары деңгейі;
  • “шыны меже (төбе)” феномені, соның салдарынан, мəселен, əйелдер саясатта еркектерге қарағанда анағұрлым аз ұсынылған.

Қорыта келе, менің ойымша, қоғамдағы гендерлік теңсіздіктің ұдайы өндірісіне сəйкес келетін негізгі факторларын атап өтейін. Бұл: біріншіден, гендерлік тақырыптардың толық ашылмауы, гендерлік сезімнің төмендігі; екіншіден, қазіргі заман əлеуметтік қауымдастықтағы кəсібилік пен этикалық нормалардың стандарттарының жалпы мойындалмауы жəне қоғамдағы дискриминация мəселелерін тиімді реттеуді дұрыстауды жүзеге асыру механизмі; үшіншіден, халықаралық  анти-дискриминациялық  келісімнің жүзеге асу механизмі ұлттық заңды деңгейде жасалуы, сонымен бірге қызметтің əртүрлі аспектілерін құқықтық реттеумен қамсыздандыру жеткіліксіз болып отыр.

 

Әдебиеттер

  1. Воронина О.А. Феминизм и гендерное равенство. - М.: Едиториал УРСС, 2004. 370 с.
  2. Воронина О.А. Свобода слова и стереотипный образ женщины в СМИ. // Знамя. - М.: Наука, 1999. - №2. – С. 56-62.
  3. Коновалов С.А., Топаева М.Т. История гендерного неравенства. (учебно-методический комплекс по курсу «Введение в теорию гендера».) Вып.ІІІ. – Алматы: Рауан, 1999. – 270 с.
  4. Бектурганова Б. Мониторинг по соблюдению политических прав женщин в Республике Казахстан. Отчет по результатам проекта, выполненного Республиканским движением «Женщины Казахстана» в рамках Женской программы «Сорос-Казахстан». – А.: ОМЕГА, 2001. – 138 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.