Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Адамның табиғаты мен мəніне қатысты антропологиядағы философиялық көзқарастардың мəні

Кең мағынасында алып қарастырғанда антропология – бұл адамның табиғаты мен іс-əрекеті туралы ғылыми білімдердің жиынтығы. Əлеуметтік антропологияның басқа ғылымдар жүйесінде алатын орнын айтқан кезде оның философиямен, тарихпен, əлеуметтанумен, мəдениеттанумен, əлеуметтік психологиямен байланысы туралы айтуға болады. Қазіргі антропологияның интеллектуалдық алғы шарты ретінде XVIII-XIX ғасырдағы философиялық антропологияны атап көрсетуге болады. Философиялық антропология адамның мəні арқылы табиғат, қоғам, таным туралы түсініктер жүйесін жасауға болады (Л. Фейербах, М. Шелер, Ф. Ницше, Н. Чернышевский жəне басқалары) -  деп есептейді.

Адам мəселесі философиядағы ең негізгі мəселе. Гректер «адам өзін тану арқылы ғана философияшылдыққа салына алады», – деп айтқан. Адам болмысының шешімін тек адамның өзінен ғана табуға болады. Философиялық білім жүйесінде тек қана адамға қатысты сұрақтарды табу қиынға соғады. Философияның қай бөлімін алсақ та, онтологияны немесе гносеологияны, əлеуметтік философияны немесе этиканы, аксиологияны немесе праксиологияны – біз оны адам болмысы тұрғысынан қарастырамыз. Адамды танудың əдіснамалық негізі философиялық антропология болып табылады. Кең мағынасында қарастырғанда, философиялық антропология – бұл адамның табиғаты мен мəні, оның əлемдегі орны мен рөлі туралы ғылым. Осы кең мағынасында философия тарихы  адам туралы бірін-бірі толықтырып тұратын жəне альтернативті – материалистік жəне идеалистік,атеистік жəне діни, рационалдық жəне иррационалдық концепциялар мен ілімдерді білдіреді. Тар мағынасында, философиялық антропология өзінің қалыптасуы үшін неміс ойшылдары М. Шиллер, Х. Плеснер жəне басқа да ойшылдарға мүдделі қазіргі философияның негізгі бағыттарының бірі. Бұл бағыттың қалыптасуының алғы шарттарын жəне негіздерін еретеректегі идеялардан: В. Дильтейдің өмір философиясынан, Э. Гуссерлдің «өмірлік əлем» философиясынан көруге болады.

Философия адамды танымның, іс-əрекеттің, шығармашылықтың субьектісі ретінде алатын орнына қатысты зерттейді. Адам болмысы мен табиғатын кеңірек  қарастыра  отырып,  мəңгілік болып есептелетін сұрақтарға жауап береді. Адамның мəнін жəне оның өмір сүруінің мағынасын, биологиялық жəне əлеуметтік дамуының жалпы заңдылықтарын ашып көрсетеді. Адам туралы философиялық білім негізінен алғанда оны тұтасымен зерттеуге емес, «адам-əлем» жүйесіндегі жалпылық жəне мəндік байланыстарды ашып көрсетуге тырысады. Бұл байланыстар құндылықтынормативтік сипатқа ие, өйткені олар қоғамда немесе белгілі бір философиялық жүйеде үстемдік етуші дүниетанымдардың негізінде  адам  танымының  шектерін бекітеді.

Ғылыми пəндердің ішінде адамның əлеуметтік табиғатын зерттеуге ерекше үлес қосатын пəндер: əлеуметтік (мəдени) антропология; психология; əлеуметтік психология; əлеуметтану. Антропологиялық тəсіл адамның табиғатын, мəдениет арқылы социумның дамуын жəне адамның өмір сүру тəсілінің универсалдық  жəне  жекелік  түрлерін зерттейді.

Философиялық антропология, оның негізін салушылардың көзқарастары бойынша, адам болмысының түрлі сфераларын арнайы ғылыми зерттеуді оның тұтас философиялық қамтылуымен біріктіреді. Мұнда адам биологиялық қана емес, негізінен алғанда өзін-өзі жетілдіруге көңіл бөлетін рухани жан ретінде қарастырылады.

Антропологиялық ыңғайдың тарихи жəне эволюциялық, салыстыру жəне типологиялық, функционалдық жəне құрылымдық талдау əдістері адамды тұтас əлеуметтік-мəдени феномен ретінде қарастыруға көмектеседі. Антропологиялық ыңғайдың əдістерінің көмегімен тарихи, географиялық, климаттық, биологиялық, психологиялық, əлеуметтік, гендерлік, этникалық жəне басқа да факторлардың адамға əсерін зерттеуге болады. Адам мен қоғамның  қарым-қатынастарын  тереңірек  жəне егжей-тегжейлі талдау мақсатында қазіргі кезеңде адамды зерттеу аясына антропологияның жаңа ұғымдары мен  ыңғайлары жасалып ендірілуде.

Қоғамдық ғылымдардың адам тұлғасын зерттеуге байланысты ерекшеліктері (1-кесте ).

  1-кесте Адамды зерттеуге қатысты түрлі ғылыми тəсілдердің ерекшеліктері

 Қазіргі  уақытта  антропология  ғылымын  екі  үлкен  бағытқа  бөліп  қарастырады. 

  1. Физикалық.
  2. Əлеуметтік. Біріншісі, адам денесінің физикалық құрылымын жəне антропогенезді  (адамның шығу тегінің жəне физикалық типінің қалыптасуының мəселелерін) зерттейді. Екіншісі, өз алдына жеке  дербес ғылымдар  блогын  (археология, лингвистика, фольклористика) құрайды.

Иммануил Кант «Прагматикалық тұрғыдан қарағандағы антропология» деген еңбегінде (1798) жүйелі түрде адам туралы ілімін баяндауға əрекет жасады. Ол антропологияны физиологиялық жəне прагматикалық, – деп екі түрге бөлді. Физиологиялық антропологияға адамды табиғи жан ретінде қарастыратын ілімді, ал прагматикалық антропологияға адамның өзінің күшінің негізінде қалай қалыптасатындығын  зерттейтін,  адамның əлеуметтенуі туралы ілімді жатқызады.

Көп уақыттар бойы отандық ғылымда этнология термині қолданылып келді. Этнография, антропология жəне этнология арасындағы ара қатынас дəл анықталған емес. Қалыптасқан көзқарас бойынша этнография бейнелеуші эмпирикалық ғылымға жатады. Ал этнология мен антропология теориялық толықтырулар деңгейіне шыға отырып, этникалық жəне басқа да қауымдастықтарға кіретін адамдардың іс-əрекеттерінің жалпы ерекшеліктері мен заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Антропологияның толық анықтамасын Леви-Стросстың көзқарастарынан да көруге болады. Оның көзқарасы бойынша, этнография, этнология жəне əлеуметтік антропология өз алдына жеке пəндер емес, бір ғана зерттеудің үш уақыттық кезеңдері: салыстырмалы сипаттамаларын ескере отырып адамдар топтарының этномəдени ерекшеліктерін зерттеу; түрлі түсініктер жүйесі ретінде əлеуметтік өмірдің, кеңістік жəне уақыт жағынан локалды (аймақтандырылған) адамдар қауымдастығының жалпы ерекшеліктерін түсіндіру; əлеуметтік өмірдің тікелей байланыстарға, жеке индивидтер арасындағы байланыстардың   алуан түрлілігіне негізделген жақтарын зерттеу.

Батыс ғылымында əлеуметтік антропологияның  мəртебесі туралы екі түрлі көзқарас қалыптасты:

  • алғашқы қауымдық құрылыстағы құбылыстарды салыстырмалы-тарихи əдісті қолдану арқылы зерттейтін социологиялық пəн; бұл – функционалды-толықтырушы жəне салыстырмалы-социологиялық ғылым (батысеуропалық дəстүр: А. Радклифф-Браун, М. Мосс жəне басқалары);
  • мəдени жəне тарихи антропологияның алғашқы жəне дəстүрлі қоғамдардағы əлеуметтік қатынастар мен институттарды зерттейтін бөлігі (американдық дəстүр: жеке мектептер  мен  өкілдер).

Əлеуметтік антропология мен əлеуметтанудың принципті ерекшеліктерінің бірі  əлеуметтік өмірді қоғамдық жəне қауымдық, – деп бөлуге байланысты.

Ф. Теннис қауымдық қатынастарға туысқандық, қандас туыстық, көршілік, достық байланыстарға негізделген қатынастарды жатқызды.

Гайгер қауымдықты ішкі (сананың бірігуі), ал қоғамды, сыртқы (əлеуметтік тəртіп арқылы) бірігу – деп түсінді. Егер əлеуметтану қауымдық-топтық қатынастарды қоғамның, яғни əлеуметтік тұтастықтың көрінісі немесе институты деп қараса, антропологтар қауымдастықтың қоғамға қарағанда алғашқы, бірінші екендігіне негізделген көзқарасты жақтайды. Əлеуметтану тарих сияқты қоғамдық өмірдің негізінен алғанда саналы көріністеріне назар аударады. Ал антропологтар негізінен алғанда алғашқы қауымдық құрылыстан бастап зерттей отырып, əлеуметтік өмірдің санасыз түрде жасалынатын құбылыстарына назар аударады. Адам антропологияда тарихи-мəдени эволюциядан өткен жан ретінде қарастырылады. Адамды биологиялық, психологиялық жəне əлеуметтік жан ретінде қарастыра отырып, антропология талдаудың нақтыландырылмаған жалпы əдістеріне сүйенеді. Адамның табиғаты ретінде көбіне оның биологиялық қасиетін немесе барлық адамзатқа ортақ биопсихикалық құрылымын, барлық уақыттар мен халықтар үшін өзгеріссіз қалып отыратын адам мінез-құлығының универсалдық сипаттамасын түсінеді. Көп жағдайда адам табиғатын оның табиғи құқықтарымен де (өмір сүруге, еркіндікке, бақытты болуға даму үшін тең мүмкіндіктердің болуына) теңдестіріп қарастырады. Адам табиғаты – бұл оның өмір сүруінің көрінбейтін жақтары емес, туа біткен (Homo) сипаты. Басқаша айтқанда, адамның жаралу мəні. Нақты адамға нақты бір қоғамда талдау жүргізу оны тұтас тұрғыдан, яғни оның жаралу (жалпы), түрлік (ерекшелік: əлеуметтіктоптық, ұлттық жəне т.б.) жəне жекелік-психологиялық (қайталанбас) сипаттамаларын  зерттеуді талап етеді. Антропологияның негізгі ұғымдарының қатарына адам, индивид, тұлға, дербестік, теңдестіру, архетип, мəдениет, өркениет т.б. ұғымдарын  жатқызуға болады.

Адам деген кім? – деген сұрақ антропологияның негізгі сұрақтарының бірі болып табылады. Сократты адам философиясының негізін салушы – деп те айтады. Оның көзқарасынша, адам ойлаушы, ақылды жан ретінде ақиқатқа өзінің күшімен жетуі тиіс. Сократтың қолданған əдісіне Аристотель индукция деген атау беріп, жалпы ортақ ұғымдардың анықтамасы ретінде зерделеді. Сократ арқылы адам ақылы логикалық ойлауға ие болды. Логикалық ойлауды оның шəкірттері Платон  мен      Аристотель    жалғастырды.  Антикалық  философияда  Платон  мен  Аристотель адам туралы тұтас теорияны қалыптастырды. Адамның денесі мен рухы бір-біріне қандай қарымқатынаста болады деген сұрақтарды қарастырып, адам бір уақытта руханилық пен ақылдылықты ұштастыра алады, – деп ой түйді.

Платон адамның жеке бөлек өмір сүруінің мүмкін еместігі туралы көзқарасты дамытты. Ал Аристотель адамның жалпы мəнімен бірге жеке табиғаты туралы айтып, оның жалпы мəні нақты, жеке табиғатынсыз жүзеге аспайды, – деп көрсетті. «Адам» ұғымы барлық адамдарға тəн ортақ ерекшеліктерді сипаттау үшін қолданылады. Бұл ұғым адамзат тегінің басқа материалдық  жүйелерден ерекше өзіне тəн өмір сүру ерекшеліктерін көрсетеді. Яғни, адамзат ерекше материалдық шындық ретінде өмір сүреді. Адам туралы айта отырып, көбінесе жануарлардан ерекше адамның ортаның  жағдайларына тек  бейімделіп қана қоймай, сонымен бірге   өзінің мақсаттарына сəйкес   оған белсенді түрде əсер етіп, оны өзінің қажеттіліктері мен тілектеріне сай бейімдей алатындығына басты назар аударады. Алайда, өмір сүру ортасын белсенді түрде өзгерткендігіне қарамастан, адам тірі организмдердің, басқа да  қоршаған  жағдайлардың  ерекшеліктерімен  санасып,  оларға бейімделіп отыруы тиіс.

Адамзат өз бетінше емес жеке, нақты адамдар арқылы көрінеді. Адамзаттың жеке өкілдерінің өмір сүруі  «индивид»  ұғымы арқылы айқындалады.

«Индивид» – бұл ақыл, ерік, қажеттілік, мүдде т.б. сияқты адамзаттың əлеуметтік жəне психологиялық ерекшеліктерінің нақты таратушысы, адамзат тегінің жеке өкілі. «Индивид» ұғымы бұл жағдайда «нақты адам» деген мағынада қолданылады.

«Тұлға» – нақты адамның дамуының нəтижесі, адамдық сапалардың толығымен көрінуі.

Дербестік бір индивидті екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ерекшеліктердің жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Мұндай айырмашылықтар биохимиялық, нейрофизиологиялық, психологиялық, əлеуметтік түрлі деңгейлерде жүргізіледі. Теңдестіру (идентификация) адамдардың жекешілдік ерекшеліктерінің көрінуі арқылы бірігуі болып табылады. Бұл əлеуметтену процесінің негізгі психологиялық механизмі. Қазіргі уақытта тұлғаның өзін теңдестіретін топтарының санының көбейіп келе жатқандығын айтуға болады. Архетип – қабылдаудың тұрақты түрлері (Карл Густав Юнг). Юнгтың ойынша аңыздардың негізінде белгілі бір типтік бейнелер мен мотивтер жатады.  Біз  олармен барлық уақытта барлық жерлерде кездесіп отырамыз. Сиқырлы күш немесе зат, елестер  жəне олардың əрекеттері, батырлар мен құдайлар, олар туралы аңыздар – əлемдік діндерде, өнерде, түстерде «тіпті нақты ғылымдарда өзгермейтін қосымша ұғымдар түрінде» кездесіп отырады. «Біз жалпылама түрде қабылданған ұғымдарға сүйене отырып олардың архетипті түрде қабылдауға қандай деңгейде негізделгендігіне тіпті мəн бермейміз» – дейді Юнг. Мəдени бейнелердің ішінде негізгі орынға ие болып отырған басты архетиптік фигуралардың қатарына  арнайы  жалпылық рөлдер мен қызметтерді бейнелейтін құдайлық немесе жын-перілік бейнелерді атап  көрсетуге болады.

Антропология пəнінің дамуында «мəдениет» жəне «өркениет» ұғымдарының  арақатынасы туралы пікірталастар ерекше орын алады. Формациялық тұрғыдан келу қоғамның эволюциясын өндірістік қатынастар тарихы, меншік қатынасы негізінде қарастыратын болса, өркениеттік ыңғай қоғамдардың ерекшелігін олардың мəдениетімен байланыстырады. Мəдениет – бұл адамды табиғаттан сапалық тұрғыда айрықша етіп тұратын құбылыстар, қасиеттер, адам өмірінің элементтері.

Мəдениет ұғымы адам өмірінің белгілі бір сферасындағы саналы мінез-құлық пен іс-əрекеттің ерекшелігін сипаттауда қолданылады. Мəдениет түрлі белгілері бойынша əрқилы  түрлерге:

  1. Субъектісі бойынша (мəдениетті таратушы) қоғамдық, ұлттық, таптық, топтық, жекелік;
  2. Қызметтік рөлі бойынша жалпы (мысалы, жалпы  білім беру жүйесінде) жəне арнайы (кəсіби);
  3. Шығу жағдайы бойынша халықтық жəне элиталық;
  4. Түрлері бойынша материалдық жəне рухани;
  5. Сипаты бойынша діни жəне зайырлы болып бөлінеді.

Мəдениеттану, əлеуметтану жəне мəдениет философиясының шегі əлі де қанағаттанарлық дəрежеде ажыратылмаған. Бұл жағдай ұғымдық жəне терминологиялық шатасу мəселелеріне алып келіп отырады. Мəдениет – бір уақытта өзіндік ерекшелікке ие құрылымдық-функционалдық объект жəне өзінің даму кезеңдері мен заңдары арқылы ажыратылатын процесс. Осы тұрғыдан алып қарағанда, мəдениет өркениеттің дамуының ерекше материалдық жəне рухани көрсеткіштерінің белгілі бір сапалық күйі ретінде өндіріс, ғылым, білім, өнер, денсаулық сақтау, спорт, əлеуметтік қорғау, саясат, құқық т.б.  арқылы көрінеді.

Өркениет термині ғылыми танымға XVIII ғасырда француз ағартушылары арқылы еркіндік, əділеттілік, заңдылықты бейнелейтін термин ретінде француз ағартушылары арқылы енгізілді. Осылайша қоғамның қандай да бір сапалық сипаттамасы ретінде көрсетілді. Басқа да бір көзқарастар бойынша өркениет ұғымы қоғамның рухани дамуының, сонымен қатар технологиялық дамуының, əлеуметтік жəне саяси дамуының жетістіктері ретінде қарастырылады. Мəдениеттануда өркениетті мəдениет ұғымына қарама-қарсы қоятын  бағыттар да бар. Батыс мəдениеттануында О. Шпенглердің

«Еуропаның ақыры» еңбегінен мəдениет пен өркениеттің қарама-қарсы тұруын көруге болады. Ол өркениетті мəдениеттің құлдырау шегі ретінде қарастырады. Шпенглер өркениетті салқын есепқорлықтың қалыптасуымен, рухани болмысты ақылдылықтың алмастыруымен, ақшаның алдында құлшылық етумен, діннен безумен, ғылымның дамуымен т.б. құбылыстармен байланыстырады. Мəдениеттануда  өркениетті  мəдениет   ұғымымен   теңдестіріп   қарайтын   көзқарастар   да   бар.   К. Ясперстің концепциясында өркениет барлық мəдениеттердің құндылығы ретінде түсіндіріледі, яғни мəдениет өркениеттің өзегі деп қарастырылады.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.